Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы құнды тапсырмаларды іске асыру аясында Талғар аудандық кітапханасында облыстық мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Ақан Əбдуəлиев, «Заман Ту» ЖШС бас директоры, академик Шəміл Қожаханов, «Арыс» баспасының директоры, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Ғарифолла Əнес, тарих ғылымының кандидаты Шəмек Тілеубаев, тарих ғылымының кандидаты, «Əділет» қоғамының төраға орынбасары Бейбіт Қойшыбаев, Республикалық саяси қуғын-сүргін қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы, Талғар ауданы мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаеваның қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
1937-1938 жылдардағы саяси репрессияда 100 мыңнан аса адам жазықсыз халық жауы атанды. Сол сұрапыл, зұлмат жылдары құрбан болған жазықсыз адамдар Алматы қаласынан 40 шақырымдай жердегі Жаңалық ауылының іргесіне апарылып көміліпті. Қазақстан өз тəуелсіздігін алғаннан кейін сол жерге саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап үлкен ескерткіш орнатылып, жыл сайын бұл жерде құран бағышталып, рухтарына тағзым етіліп келеді. Ағымдағы жылы Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай ашу мəселесі қолға алынып, алдағы уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Дөңгелек үстел барысында аталған мұражай республикаға үлгі боларлық мұражайлар қатарынан орын алуы қажеттігі, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары экспозициямен танысу барысында ұмытылмастай əсер алатындай болуы, экспонаттардың ерекше орналастырылуы жөнінде ұсыныстар айтылды.
– Мұражайға қаншама адам келіп тағзым жасайды. Болашақ ұрпақтың бойына патриоттық тəрбиені сіңіру үшін қандай жақсы мүмкіндік. Шетелден қонақтар келсе де осы жерге əкелуіміз керек. Сонда олар қазақ деген ұлттың кім екенін, қандай ержүрек, батыр халықтың ұрпағы екенімізді, толық тарихымызды біліп кетеді, – деді облыстық мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Ақан Əбдуəлиев.
Мұражайдың көркемдік-безендіру жұмыс тарымен айналысатын академик, «Заман Ту» ЖШС бас директоры Шəміл Қожаханұлының айтуынша, мұражайды дайындау барысында асығыстық танытпай, жоспарлы түрде жұмыс атқару қажет. Бұл пікірге Абай атындағы Қазақ ұлт тық педагогикалық университетінің мұғалімі, тарих ғылымының кандидаты Əнес Ғарифолла да қосылды. Жиынға қатысушылар музей ісінде мамандармен бірлесіп, зерттеулер жүргізуге жұмылдыру жəне еліміздегі əр өңірлерде саяси қуғынсүргін ұрпақтарында сақталған заттарды музейге топтастыру мəселелерін сөз етті. Жəдігерлердің аймақтық ерекшеліктері, оларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қолға алу мəселелері қаралды.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай ашу – жастарымызға өткеннен сабақ беріп, отаншылдыққа тəрбиелейтін тарихи мəні зор саяси оқиға болып табылады.
Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА
«Талғар-ақпарат»