БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Балқаш ауданы негізінен аграрлы аудан болғандықтан, халықтың негізгі табыс көзі егін мен мал шаруашылығы. Өткен жылы ауданның ауылшаруашылық саласында жақсы нәтижеге қол жеткізіп, ішкі өнім 21 миллиард  546 миллион теңгегені құрады. Ол өткен 2016 жылмен салыстырғанда 2 миллиард 182 миллион теңгеге артық. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Балқаш ауданының әкімі Тоқпейсов Ғалым баяндады, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz.

Егін шаруашылығы бойынша барлығы 29809 га жерге егіс егіліп, жаздық дәнді дақылдар -17311 га құрады. Ал мал шаруашылығы бойынша 16 015 тонна тірі салмақта ет өндіріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 798 тоннаға артық орындалды.

Өнеркәсіп саласы бойынша 1266 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, пайызбен щаққанда көлем индексі 109,8 % құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 1049 миллион теңгеге жеті.

Инвестиция саласы бойынша аудан экономикасына 2787 млн.теңге инвестиция тартты. Оның ішінде жергілікті бюджеттен – 1437 млн. теңге, жеке меншікті қаражат есебінен –1094 млн теңге, басқа да заемдық қаражат есебінен 256 млн. теңге тартылды.

«Өнеркәсіп саласын дамыту бойынша аудан көлемінде 5 ірі күріш зауытында 13636 тонна күріш ақталады. Бұның сыртында «Өтес» АФ» ЖШС-нің құрама жем зауытында 1200 тонна жем өндіріледі. Сонымен қатар балық өңдейтін «Сом и Д» ЖШС-де 1146 тонна балық өңделеді», — дейді Ғалым Тоқпейсов.

Сондай-ақ, аудан бойынша 2 мал сою цехы тұрақты жұмыс жасайды.

Өткен жылы 40 бас ірі-қара және 50 бас ұсақ мал союға арналған цехтарда 1500 тонна ет өндіріліп дайындалды. Бұл тек аудан тұрғындарын ғана емес, көршілес жатқан өңірлерді де қамтамасыз етілгені белгілі болды.

Әлеуметтік сала бойынша аудандағы тұрғындар саны — 31537 адам, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 15551, жұмыспен қамтылғандар саны – 14699, жұмыссыздар саны – 857.

««Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 2017 жылы 384 жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар 100% орындалды. Кешенді жоспар бойынша 1097 азаматты бағдарламаға қатыстыру жоспарланып, 1333 адам жұмыспен қамтылды.Осымен бірге әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 4 млн 277 мың теңге бөлініп, 26 жұмыссыз жұмыспен қамтылды», — деп қосты Ғ.Тоқпеисов.

Сонымен қатар әкім, тек атқарылғын жұмыстарды ғана емес келешекке құрған жоспарлары жайлы да айтып кетті. Мәселен, 2018 жылы аудандағы шағын және орта бизнесті дамытып, әлеуметтік сала нысандарына, білім мен денсаулық салаларына ерекше көңіл бөлінуі, агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру, мал басын көбейту мен асылдандыруға айрықша көңіл бөлініп, ет және сүт өнімдерін арттыру бағытындағы жұмыстар.

Талғар-ақпарат