Қазақстандық фристайлшылар Олимпиада ойындарындағы могул сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Юлия Галышева бірінші мүмкіндігінен-ақ 76.36 ұпай жинап (7 орын), финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, ақтық сынға Аяулым Амренова өте алмады — 52.78 ұпай (26 орын).
Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков та келесі кезеңгі өтті. Дмитрий 81.23 ұпай (3 орын) жинаса, Павелдің көрсеткішіт79.98 ұпай (7 орын).
Қазақстандық могулшылардың іріктеу кезеңіндегі өнерінен фоторепортажды назарларыңызға ұсынамыз:
Талғар-ақпарат