Сапалық деңгейге көтеретін стратегиялық бағыттар

Сапалық деңгейге көтеретін стратегиялық бағыттар

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел өміріндегі елеулі оқиға. Олай дейтінім, заманауи технологиялар өзгеріске ұшырап, жаһандық ілгерілеушіліктердің сын-қатері бар осындай сын кезеңде келешекте болуы әбден ықтимал қиындықтардың алдын алып, оны еңсерудің, адастырмас ақ жолын көрсеткен, терең ойлы, текті сөз бар жолдауда.

«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты бұл жолғы Жолдауда бұрын айтылмаған өзекті, өткір мәселелер алшы түсер сақаға құйылған қорғасындай көкейге қона кетеді. Президент Жолдауының әр жолы ерен еңбекке жұмылдырып, жігеріңді жанып, рухыңды асқақтатады.

Президент Жолдауында елдің алдында тұрған жеті негізгі міндет нақтыланды. Оның ішінде инвестиция тарту, өнеркәсіпті әртараптандыру, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік-логистика инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су мәселесін шешу, кәсіпкерлікті қолдау және адам капиталын дамыту бар. Бұл міндеттердің әрқайсысы өзара сабақтасып, Қазақстанды жаңа сапалық деңгейге көтеретін стратегиялық бағыттарға айналады.

Бір сөзбен айтсақ, биылғы Жолдау – өткен Жолдауларды мүлде қайталамайтын жаңа ойларға толы, өзгеше идеяларға толы болды.

 

Мейіржан Мұсабаев,

Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің меңгерушісі