Қазақстан Республикасының әдiлет органдары өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады. «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әділет органының негізгі міндеттерінің бірі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету болып табылады. Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекттік тіркеуге жобаларын ұсынатын ол әзірлеуші мемлекеттік орган болып табылады. Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес әзірлеуші орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар болып табылады деп көрсетілген. Осы әзірлеуші орган әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасын талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына орналастыру қажет. Бұл интернет-порталына орналастыру туралы жалпы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығымен «Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидалары» (бұдан әрі – қағида) бар. Осы қағидаға сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы дегеніміз – жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы болып табылады деп атап өткен.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары интернет-порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау үшін интернет-порталда орналастыру мерзімі он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс. Осы интернет-порталда орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобалары ескертулер немесе ұсыныстарды келіп түскен болса сол сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдау не қабылдамау туралы қабылданған шешімді интернет-порталда орналастырады. Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен немесе сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші органдар да келіспеу себептерінің негіздемесі бар қалыптастырылған ұстанымды интернет-порталда орналастырады. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына тұжырымдамалық ескертулер мен ұсыныстарды қабылданған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік органдар жобаның жаңа нұсқасын орналастырады. Егер ақпаратты пайдаланушылар жария талқылау процесінде жобаға ескертулер немесе ұсыныстар ұсынбаған жағдайда, жобаны жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп жоғарыда көрсетілген қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырылады.
Ал енді актілергетіркеуге келетін болсақ, жалпықұқықтық актілер;
—нормативтік құқықтық актілерге;
—нормативтік емес құқықтық актілер деп бөлінеді.
Нормативтік құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті орган қабылдаған, құқық нормаларын белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, толықтыратын, тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Нормативтік емес құқықтық акт – құқық нормасын қамтымайтын, белгіленген жазбаша немесе өзге де нысанда өз құзыреті шегінде қабылдаған, жеке айқындалған тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын не нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме беретін уәкілетті органның шешімі, сондай-ақ жеке қолданылатын құқықтық акт немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық акт болып табылады.
Нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi – нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында өзiнiң заңдық күшiне қарай алатын орны болады. Ал нормативтік құқықтық актінің заңдық күші дегеніміз – нормативтік құқықтық актінің тиісті қоғамдық қатынастарға қолданылу міндеттілігін, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге қатысты басымдығын немесе қоса бағыныстылығын айқындайтын сипаттамасы болып табылады. Нормативтік құқықтық актілер қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу сапасын, әдеби тiл нормаларының, заң терминологиясы мен заң техникасының сақталуын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығын әзірлеуші мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар Әдiлет органдарының өзге де функциялары бірі өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, оның ішінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу және уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингі жөніндегі қызметін үйлестіру болып табылады.
Алматы облысы Әділет департаментіның
Нормативтік құқықтық актілерді
тіркеу бөлімінің басшысы
Ерназар Ерболатович Капаров