ЖАСТАР КЕҢЕСІ: ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС, ОҢ НӘТИЖЕ

ЖАСТАР КЕҢЕСІ: ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС, ОҢ НӘТИЖЕ

Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз.  Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне үлес қосып, әлеуметтік және қоғамдық өмірдің бел ортасынан табылып жүр.  Қуанарлық  жайт, мұндай белсенділік Талғар жастаррында да айқын сезіледі.  Апта басында әкімшілік залында өткен Талғар ауданы әкімдігі жанындағы  жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысында бұл көрсеткішке өзіміз де көз жеткіздік.

 Аудан әкімінің орынбасары Бидаев Айбек Дүйсенбекұлы тізгінін ұстаған келелі кеңеске мансап орталығы, аудандық полиция басқармасы, аудандық мәслихат депутаты, ауылдық округтердің әкімдері, жастар ісі жөніндегі әдіскер — нұсқаушылар, үкіметтік емес ұйым,  БАҚ өкілдерінен бөлек Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Ахметов Мәди Абылайұлы мен Алматы облысының еңбек мобилдігі орталығы директорының орынбасары Нұржұма Олжас Нұржұмаұлы арнайы қатысты.  Модератор кеш мақсатын-мәнін жеткізе отырып, ауданның мемлекеттік органдары мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға байланысты туындайтын мәселелерді толығымен шешу үшін құрылған кеңестің күн тәртібінде үш мәселе қаралатынын айта кетті. Бірінші мәселе бойынша сөз алған мансап орталығының директоры Рахимбаев Айбек Амангелдіұлы NEET санатындағы жастармен жұмыстың бүге-шігесіне тоқталды.

 

NEET

Ғылымда NEET термині ағылшын тіліндегі «Not in Empoloyment. Education or Trai­ning» ұғымының бас әріптерінен құралған. Қазақ тіліне аударсақ «не жұ­мыс істемейтін, не оқымай­тын, не өзге де істермен айналыс­пайтын адам» дегенді білдіреді. NEET жастар – XX ғасырдың соңына қарай пайда болған мәселе. Бұл мәселені Ұлыбритания алғаш болып көтерген. Ал жастардың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған мемлекеттік сараптаумен Бүкілелемдік банк айналыса бастауы, мұның әлемдік деңгейдегі күрделеніп кеткен мәселе екенін көрсетіп отыр. «NEET санаты деп аталатын жастарды қолдау жөніндегі шараларға ерекше назар аударғым келеді, онда біз жұмыспен қамтылмаған жастардың санын төмендетудің нақты міндетін қойдық. Нәтижесінде ауданда NEET санатындағы  14-35 жас аралығындағы жастар саны –6234 адам болған, қазір таңда 3568 жасқа  азайды», — деген баяндамашы нақты атқарылған істерге тоқталды. Жұмыссыз жастармен «Жастарды жұмыспен қамту» тақырыбында  Отбасы банкпен «Баспаналы болудың жолы» атты тікелей эфир, бос орындар жәрмеңкесі, «Есіктен есікке» акциясы, «Тәуіп» базарында ресми еңбек шартынсыз жұмыс істап жүрген жастармен жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында түсіндірме жұмыстары туралы кеңірек тоқталды. «Мамандығым – мақтанышым» атты завод, фабрикаларда өткен ашық есік күндері, кездесу, тренингтер, дөңгелек үстелдер, акциялар жастардың жұмысқа деген құлшыныстарын арттыра түскен. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінде оқытуға 27 жас жолданып,  10 адам сертификат алған. Қоғамдық жұмыстарға — 443 адам; Әлеуметтік жұмыс орындарына – 23 адам; «Ұрпақтар келісім шарты»  — 5 адам; «Алғашқы  жұмыс орнына» — 99 адам;

«Жастар тәжірибесі» бойынша – 151 адам; «Тұрақты жұмыс орындарына»- 733 адам. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында бір реттік әлеуметтік көмекке 39 маманға 15 млн 335 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алды. Жалпы бөлінген соммасы – 45 маманға 17 млн 694 мың теңге берілді. NEET санатындағы жастарды ынталандыру үшін орасан жұмыстар атқарылған және бұл жалғаса бермек.

 

Құқықтық сауаттылық

     Заң үстемдік еткен қазіргі заманда жастардың құқықтық сауаттылығының болуы маңызды мәселелердің бірі саналады. Талғар аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция басқармасының Ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Салтанат Жанболатова өз баяндамасында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың және суицидтің алдын алу туралы кеңірек айтты. Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Талғар ауданының полиция басқармасымен бірлесіп колледж мектеп оқушылары арасында «Заң және тәртіп» ,  «Құқық бұзылса – қоғам бұзылады», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Түнгі қаладағы балалар» атты  рейд, кездесулер, акциялар өтті.

Нашақорлықтың алдын алу мақсатында Талғар аудандық прокуратурасымен тұрғын үйлерде, ғимараттарда «ANTIGRAFITTI» атты акциялар, «Нашақорлық қоғам дерті», атты тұрғындарға үн парақшаларын таратылып, мектеп оқушылары арасында «Детство за стеной» атты документалды фильм көрсетілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында колледж мектеп оқушылары арасында  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі», «Пайда ойлама, ар ойла» атты пікір сайыс, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты акциялар мен дөңгелек үстел, кездесулер өтті.

Жастар арасында  діни сауаттылықты арттыру мақсатында Талғар ауданының теолог маманымен бірлесіп «Дін және жастар», «Діннің қоғамдағы рөлі», «Дін тәрбие бастауы», «Дін тәрбие тірегі»  тақырыптарында кездесулер өтті.

Зорлық – зомбылықтың кибербуллингтің және буллингтің алдын алу мақсатында — “Зорлық зомбылыққа жол жоқ” атты акция, “Мен өмірді жақсы көремін” атты тренинг, кездесу, сауалнамар өтті. Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында   Салауаты өмір салтын сақтау орталығымен бірге  “Репродуктивті денсаулық – өмір сапасының негізі” атты танымдық кездесу, «Денсаулық зор байлық» атты ашық есік күні өтті. есірткі, темекі, электрондық темекі, алкоголизмнің алдын алу мақсатында колледж студенттері арасында «Нашақорлықтың зияны»,  «Есірткіге қарсы қала», атты кездесу, ашық есік күні өтті. «Салауатты өмір- сәнді» өмір атты темекіге қарсы бейне роликтер түсіріп әлуметтік желлерге таратылды.   Сонымен қатар жас мезгіліндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында аудандық төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірге еріктілердің қатысуымен «Сақтық шараларын сақтайық» атты арнайы рейдтер мен акциялар ұйымдастырылып үн парақтар таратылды.

«UMTYLYS» жүлдегерлері – Талғарда

 Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мөлдір Абатайқызы Ауылдық жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушылардың қызметін ұйымдастыру бойынша есеп берді. «Ауданда жастар ресурстық орталығы 2013 жылдан бастап қызмет атқарады. 2014 жылдан бастап 1 қала және 10 ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар қызмет етіп келеді. Жастар ресурстық орталығында 1 жетекші, 1 психолог 4 маман  жұмыс атқарады. Ресми статистикалық мәлімет бойынша Талғар ауданында   14-35 жас аралығындағы жастардың саны – 69 396 адамды  құрайды. Талғар ауданы бойынша  5 колледж бар, 4388 студент білім алды.   Жыл басынан  200-ге  жуық іс-шаралар ұйымдастырылды 15 000-ға жуық жастар қамтылды» — деген жетекші «Жасыл ел» еңбек жасағына айрықша тоқталды.     «2025 жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақшылардың қатарына 60 жас жұмыспен қамтылды. «Қарттарым асыл қазынам» атты ҰОС ардагері  және тыл, еңбек ардагерлерінің, ковчек балалар үйлерінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізді.  Сонымен қатар  «Ескерткіш ел тарихы», «Таза қала»,  «Гүлдене бер, туған ел», «Экосақшы», «Таза Талғар», «Таза ауыл», «Таза өзен» атты экологиялық жұмыстары атқарылды.  «Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында  «Таза қала», Парктер шеруі,   «Таза өзен», «Бір тал кессең он тал  ек» атты акциялар,  Халықаралық эколог күніне орай “Таза жағалау” эко марафоны  өткізілді. Жеңістің 80 жылдығына орай, колледж волонтерларының қатысуымен «Қарты бар елдің – қазынасы бар», «Ардагерді ардақтайық» атты акциялар  өтті.  Еңбекпен ғана емес оларды рухани-патриоттық іс-шараларға да кеңінен қатыстырдық.   Сонымен қатар мектеп,  колледж   қабырғаларында Ұлы Отан соғына арналған документалды фильдер көрсетіліп, кино кештер ұйымдастырылды.   1 маусым балаларды қорғау күніне орай, “Кішкентай жүректерге — үлкен қуаныш” атты акциясы, «Аяла» Талғар қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында “Жылулық сыйла” акциясы,   “Kausar bulak”қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, “Дала рухы” демалыс орнында мүмкіндігі шектеулі балаларға “Бақытты бала — бақытты ел” атты қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды,  қала және ауылдық округтерде балаларға балмұздықтар таратылды.  Алматы облысы әкмінің «UMTYLYS» -2025 жастар сыйлығы байқауынан Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер- нұсқаушысы Тұрлыжанова Толғанай және Бесағаш ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер- нұсқаушысы Орынбаева Мақпал Жеңісқызы жеңімпаз атанды.

 

 Жастар өмірінің әртүр­лі аспектілері бойынша ұсы­ныс-пікір алмасып, есептер тыңдалған кеңес нәтижелі жұмыс өрнегін көрсетті. «Арыстандай айбатты, жол­ба­рыстай қайратты, мен жастарға сенемін», – деп қазақ зиялыларының ара­сында жастардың айбаты мен қайратына осылай деп баға берген Мағжан Жұмабаевтың қанша жыл бұрын айтылған сөзі бүгінде әрбір жастың жүрегіне нұр сеуіп, кеудесіне үміт сәулесін ұялатыа жатқаны сөзсіз екенін біз де сезіндік.

 

М.Бөлек