Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ағымдаңы жылдың 2 қарашасынан бастап Шелек ауылішілік № 4 жаңа маршрут іске қосылғанын хабарлады. Маршруттың қозғалыс уақытты 7:00-ден бастап 19:00-де аяқталады. Ауыл ішінде бағасы тиімді қоғамдық көлікпен жүруды армандаған тұрғындары ерекше қуанышқа бөленді. Ауыл тұрғыны Ержан Дүйсенбайұлы: «Автобус қашан да керек. Балалар сабаққа барса, кейде такси шақыруға ақшамыз болмай жатады. Көшеге керек-жарақ алуға барсақ та таксиге бір талай ақша беруге тура келеді. Олардың бағасы да аспандап тұр. Бүгін халықтың көптен күткен арманы орындалды. Өте қуаныштымыз!» – деп ризашылығын білдірді.
Осы жылы Еңбекшіқазақ ауданында қоғамдық көлік мәселесі жақсы жағынан шешіле бастады. Атап айтсақ, пандемия кезінде тоқтап қалған автобустар қайтадан жолаушылар тасымалдай бастады. Жағымды жаңалық екі аудан тұрғындарын қуанышқа бөледі. Еңбекшіқазақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен Талғар ауданындағы «Тұлппар Экспресс-А» ЖШС-ің ортақ келісімі негізінде жүзеге асқан игі іс қарапайым халық үшін аса тиімді болды. Қоғамдық көліктер сағат 6:10 – нан бстап, 20:10- дейін белгіленген уақыт кестесіне сай жүреді. Жолақысы – 80 теңге. Қазір екі аралықтағы аялдамалардың орны анықталып, тиісті жол белгілері сызылып жатыр, – дейді Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бейбіт Искаков.
Тұрғындарының айтуынша, Есік пен Талғар қаласы аралығына такси жалдайтын болсаңыз, кемінде 300-400 теңге жұмсалады. Бұл – жолаушылардың қалтасына салмақ салатыны айтпаса да түсінікті. Ал маршруттардың қайта жанданғаны жолаушылар үшін тиімді.
Соңғы жылдары Есік қаласының аумағы ұлғайып, жаңа елді мекендер бой көтеруде. Бұл – өз кезегінде, қоғамдық көлікке деген сұранысты арттыра түсті. Айта кетсек, осыдан бұрын
Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласы мен Бөлек ауылдық округі арасына жолаушылар тасымалдайтын автобустар қатынай бастады. Аудан тұрғындарының ендігі өтініші, Есік қаласының ішінде жүретін қоғамдық көлік бағыттарын қайта қалпына келтіру.
Осы жылдың тамыз айында Есік қаласы мен Шелек ауылы арасында №201 бағыттағы маршрут қайта жүре бастады. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің хабарлауынша, Шелектен шыққан қоғамдық көлік Есік қаласына дейін жолай Қаратұрық, Ащысай, Тескенсу, Қазақстан, Бәйдібек би, Қаракемер, Түрген, Көктөбе ауылдарын басып өтеді. Жолақысы қолма-қол төлеген жағдайда 150 теңге, электронды карта арқылы төлесе 80 теңге. Тұрғындар электрондық картаны автобус жүргізушісінен сатып ала алады.
Алматы облысында бұрын тоқтап тұрған жолаушылар маршруттары біртіндеп қайта іске қосылып жатыр. Айталық, биыл маусым айында Талғар мен Есік қалаларының арасында пандемия кезінде тоқтап қалған маршрут қайтадан жолаушылар тасымалдай бастады.
Алматы қаласының әкімдігі бұған дейін қала маңындағы елдімекендердің тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету үшін қала маңына қатынайтын 10 жаңа маршрутты іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлаған. Жаңа бағыттар қала шегінен 50 шақырым радиуста орналасқан Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарындағы бірқатар елді мекенді қамтыды.
Биылғы жылдың шілдесінде Еңбекшіқазақ ауданындағы мектептерге да автобус берілді. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев көліктердің кілтін аудандық білім бөлімінің басшыларына салтанатты түрде табыстаған болатын. Бұл жағымды жаңалық туралы «Қуанса, бала қуансын» дегендей, осындай қуанышты күннің куәсі болған едік. Бұл шараға байланысты Лизингтік қаржыландыру арқылы 34 автобус сатып алынды. Елімізді көркейтер жас ұрпақтың толыққанды білім алуына жағдай жасау – міндетіміз. Автокөліктер балалардың игілігіне қызмет ете берсін», – деп атап өткен болатын Марат Сұлтанғазиев. Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 339 мыңнан астам оқушы білім алады. Халқы тығыз орналасқан аудандарда 199 елді мекендерден 30164 бала тасымалдау арқылы орта біліммен қамтылып отыр. Қоғамдық көліктің пайдасы аз емес. нақтырақ айтқанда қоғамдық денсаулықты жақсартады. Қоғамдастық үшін экономикалық пайда әкеледі. Жанармай үнемдеп, ауаның ластануының алдын алады. Жол кептелісін азайтып, әділ көлік жүйесін қамтамасыз етеді. сонымен қатар қоғамдық көлік жолаушылар тасымалының өнімділігін арттырады.
Зорагүл Әбдіқадір