Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Мемлекетіміздің маңызды қызметінің бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болды және болып қала береді. Бүгінде сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттің тиімді дамуына кедергі келтіретін және өте үлкен әлеуметтік қауіп төндіретін ең маңызды шарттардың бірі. Сыбайлас жемқорлық — қоғам дамуына кедергі келтіретін ең күрделі мәселелердің бірі. Бұл құбылыс тек мемлекеттік құрылымдарда ғана емес, білім беру жүйесінде де кездесіп жатады. Жастар — елдің болашағы болғандықтан, оларды бұл індеттен қорғау – аса маңызды міндет. Жастардың белсенділігін арттыру, олардың қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне жағдай жасау жолында қызмет етіп жүрген «Алматы облысының  жастар ресурстық орталығы» КММ-нің филиалы – «Талғар ауданының жастар ресурстық орталығы» жетекшісі Мөлдір Абатайқызымен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Бүгінгі сұхбатымыздың тақырыбы — жастар және сыбайлас жемқорлық. Жалпы, жастардың бұл мәселеге көзқарасы қандай?

—Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі жемқорлық. Менің ойымша қоғамдағы ондай заңсыздықтарға тек күштік құрлымдар мен құқық қорғау органдарының, құзырлы мекемелердің күресуі жалан қолмен от косегендей ғана іс. Сондықтан жемқорлыққа қарсы жалпы халық болып күресу жүргізу тиімдірек болмақ. Еліміздің ертені жарқын, аспаны ашық, болашағы нұрлы болуы үшін жемқорлықпен күресте тізе қосып, білек біріктіріп бірлесе әрекет еткеніміз абызал. Қазіргі жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы. Олар әділеттілік пен ашықтықты қалайды. Әсіресе, ЖОО мен мектептерде түрлі түсіндіру жұмыстарын, форумдар мен кездесулерді ұйымдастыра отырып, біз жастардың осы мәселеге деген көзқарасын қалыптастырып жатырмыз. Олар өз болашағына жауапкершілікпен қарап, жемқорлықсыз қоғам құруға атсалысуда.

 

—Орталық тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастармен түрлі іс-шаралар атқарылады. Негізгі мақсат: жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, жастар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді.
Біз түрлі іс-шаралар, семинарлар, дебаттар ұйымдастырамыз. «Адалдық сағаты», «Саналы ұрпақ» жобалары аясында жастармен тұрақты түрде кездесу өткізіп, оларды құқықтық сауаттылыққа баулып келеміз. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде де ақпараттық кампаниялар жүргіземіз. Жастар ресурстық орталығы жастар арасында «сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты тақырыбында үнпарақтар таратамыз. Акцияның мақсаты-құқықтық сауаттылықты арттыру және өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру. Үнпарақтарда сыбайлас жемқорлық деген не, оның салдары туралы ақпарат, сондай-ақ оның қатысушысы немесе құрбаны болмауы туралы көрсетілген ұсыныстар бар.

 

— Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді қатысуы үшін қандай қолдау қажет?

 

— Ең алдымен, жастардың пікірін тыңдау керек. Оларға еркін сөйлеуге мүмкіндік беріп, нақты істерге тарту маңызды. Мемлекет тарапынан гранттар, еріктілер қозғалысына қолдау, білім беру бағдарламалары арқылы жастарды тәрбиелеу — сыбайлас жемқорлықпен күресте маңызды құралдардың бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.
Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Неліктен жастар жемқорлыққа ұрынады деп ойлайсыз? Бұл мәселені шешу үшін қандай кешенді тәсіл қажет?

 

—Жастар арасында жемқорлыққа баруға итермелейтін бірнеше әрекет бар: Мысалы, Білім алу кезінде әділетсіз бағалау немесе пара беру жағдайлары; Жұмысқа тұру барысында туындайтын кедергілер; Құқықтық сауаттылықтың төмендігі; Жемқорлықтың “қалыпты құбылыс” ретінде қабылдануы. Мәселені шешу үшін мектептер мен ЖОО-ларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренингтер, лекциялар, ашық пікірталастар өткізу қажет деп ойлаймын. Жастардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі оларды жемқорлыққа қарсы тұра алатын деңгейге жеткізеді. “Адал ұрпақ”, “Саналы ұрпақ”, “Адалдық дүкені” сияқты жобалар арқылы жастар арасында әділеттілік пен парасаттылық қағидаларын насихаттау. Жастар ресурстық орталықтары мен еріктілер қозғалысы жастарды осы бағытта жұмылдыра алады.

—Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Осы мәселе туралы пікіріңіз?

—Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

— Уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін рақмет. Жұмысыңызға табыс тілейміз!

 

— Сіздерге де рақмет! Жастарымыз ел болашағы, ал сол болашақтың жарқын болуы — бәріміздің қолымызда.

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА