Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев екінші жарты жылдықтағы тұрғындармен есепті кездесуі бойынша Еңбекшіқазақ ауданына барды. Ауылдық округ әкімдері, шаруақожалық иелері және аймақ тұрғындарымен жүздесті. Шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық бағдары мен беталысын бағамдады. Есік қаласындағы мәдениет үйінде өткен жиында, ең алдымен, аудан әкімі Алтай Досымбаевтың баяндамасы тыңдалды.
Онда ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары жан-жақты сараланды. Аудан әкімі А. Досымбаевтың есебінше, ауыл шаруашылығы халықтың жұмыспен камтылған ең ірі секторы. Өңірде 10 мыңға жуық шаруа қожалығы, 413 ауыл шаруашылығы құрылымдары және 54 мың халықтың жеке косалкы шаруашылықтары жұмыс істейді. Өсімдік шаруашылығы, инвестициялық субсидия, аква культура бойынша жыл басынан 1 110 шаруашылық 2,5 млрд. тенге субсидия алды. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында 117 шаруашылық 3170 тонна арзандатылған жанар-жағар май алса, жеңілдетілген бағамен 198 шаруа қожалығы 5003 тонна минералды тыңайтқыш алған. Материялдық техникалық базаны нығайту мақсатында 2,3 млрд теңгеге 110 техника сатып алынды, онын ішінде «КазАгроКаржы» қоғамы арқылы 551 млн. теңгеге 31 техника сатып алынған. 9 айда ауылшаруашылығының барлық саласында өсім байқалады. Ет өндіру 104,6 пайызға, 1152 сүт өнімі 06,2 пайызға, жұмыртқа 101,9 пайызға артқан. Мал басы былтырғы жылға қарағанда көбейген. Ірі қара мал 105260 басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 8982 басқа артқан. Ұсақ мал 335133 басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 26262 бас мал артық. Аудандағы өзекті мәселелердің бірі мал жаюға арналған жайылым жерді қайтару. Осы мақсатта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 249 субъектінің пайдаланылмай жатқан 112,2 мың гектар жері анықталды. Оның ішінде 18 субъектінің 20,4 га жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Халықты мал жаятын жайылыммен қамтамасыз ету бойынша 155,7 га жайылым жер ауылдық департаментінде қаралуда. Ал жыл басынан 4,7 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылып, 131 жұмыс орыны ашылды. Балық шаруашылығы бойынша 4 жоба іске асырылды. Кәсіпкерлікті дамытудың «Ұлттық жобасы» аясында 9 айда әлеуметтік осал топтағы 361 азамат мемлекеттік грантқа өтінім берген. Бүгінгі таңда 63 азамат 72,3 млн. теңге грант алды. Жастардың кірісін арттыру мақсатында жеңілдетілген 2,5 пайызбен пилоттық жоба іске асырылды. Жыл басынан бері аграрлық несие корпорациясының тарапынан 37 азаматқа 181,5 млн теңге ненсие берілген. Кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау, бизнеске жан-жақты қолдау көрсету нәтижесінде бүгінгі таңға дейін 204 заңды және 1356 жеке кәсіпкер тіркеуге тұрып, жаңа нысандар іске қосылды.
Білім беру саласында да жаңалықтар көп. Ақтоган ауылындағы180 орынды жане Азат ауылындағы 300 орынды жаңа мектеп құрылысының жобалық сметалық құжаттары мен мемлекеттік сараптамасы дайын. Жаңашар ауылы Рыскулов, Есік қаласындағы Сатпаев, Ащыбулак ауылындағы Бубенцов сынды үш орта мектепке күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге жобалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтті. Жол саласы бойынша Төлеби ауылындағы облыстық маңызы бар кіре берістегі 10 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді. Тағы 6 ауылдың жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Денсаулык сақтау саласы бойынша Екпінді, Толқын, Таутүрген, Құлжа, Күш сынды 5 ауылда жана блокты модульды медициналық пунктер пайдалануға бері. Кызыл-Шарык ауылына аулдык дәрігерлік амбулаторияның кұрылысына 475 млн.тенге бөлініп, құрылысы жүргізілуде. Ал Жаңашаруа ауылында жеке кәсіпкер есебінен фельдшерлік пунктінің құрылысы аяқталды.
Аудан әкімінен соң облыс басшысы да осы жылдың екінші жартысында атқарылған және атқарылатын жұмыстардың жалпы жоспарымен таныстырды. Жаңа форматта өткен кездесуде жиналған халық әкімдердің баяндамасын бастан-аяқ сабырмен тыңдаған соң, ретімен облыс басшысына сұрақтарын қойды. Бөлек ауылынан келген ақсақалдар кеңесінің төрағасы мынадай уәж айтты: «Құрметті әкім мырза, біздің Бөлек ауылында 3000-нан астам жан саны бар. Ауылдың шаңын аспанға шығарып, 5-6 карерь жұмыс істеп тұр. Бұл жағдай ауылдың экологиясына, қоршаған ортасына аса ауыр залалын тигізуде. Қазылған жердің орны шұңқырайып, адам үшін де, мал үшін де қауіпті орынға айналды. Ауылдың, ауданның әкімі олардың жұмысын тоқтату қолымыздан келмейді деп отыр. Ауылымыздың болашағын кім ойлайды?» – деп налыды. Тұрғынның сөзіне құлақ түрген облысыс басшысы осы салаға жауапты мамандарға бұл жағдайды зерттеп көруді тапсырды. Егер олардың жұмысы экологиялық талаптарға сай, қажетті құжаттары толық болса жұмысын жалғастыра беретінін, ал бұл талаптар сақталмаған жағдайда жұмысын тоқтататынын айтты. Ауыл белсендісі халқының сұранысымен комуналдық меншікте тұрған 24 ауылдағы электр желілері мен 70-тен астам трансформаторды «Алатау жарық» мекемесінің қарамағына беру туралы ұсыныс берілгенін айтып, бұл өтініштің қалай шешіліп жатқанын сұрады. Сонымен қатар электр жарығының тым әлсіз екенін айтқан ол жарықтың еш себепсіз жиі сөніп, тіпті бір тәулікке дейін жарықсыз қалатынын ашып айтты. Қараңғыда жер сипалап қаламыз деген азамат мұның нақты себебін облыс әкімінен сұрады. Сұраққа жауап берген М. Сұлтанғазиев аталған елдімекендердің электр желілері «Алатау жарық» мекемесінің балансына өтуі керек болған деп сөз бастады. Жөндеу жұмыстарын сол мекеме баланысына алғаннан кейін өзі жалғастырады деген сөзін аудан әкімі А. Досымбаев жалғастырып: «Қазір «Алатау жарық» компаниясымен келісімге қол қойып жатырмыз. Біз жақтан керекті құжаттар толық дайын болды», – деп түйіндеді. «Алатау жарық» мекемесінің облыстық басқарма басшысы осы бағытта жұмыс жүріп жатқанын, аталған елдімекендерді электр жарығымен қамтуға дайын екенін мәлімдеді. Облысы әкімі бұл істі тым созбай жылдам аяқтау керек деп нұсқау берді.
Түрген ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы ауыз су мәселесін көтерді. Оның айтуынша, Түрген сайынан келетін су фильтрацияға дейін «Нұра топтық су» мекемесіне қарайды. Ал фильтрциядан кейін «Есік су» мекемесіне тиесілі. «Есік су» «Нұра топтық су құбырынан» суды 61 теңгеден сатып алып, бізге 91 теңгеден сатып береді. Егер техникасы жаңа «Есік су» мекемесі ғана осы шаруамен айналысса, ауыз судың бағасы екі есе арзандап, халық үшін тиімді болмақ. Осылай істуге не кедергі екенін сұрады. Сонымен қатар ақсақал
М. Сұлтанғазиевке Түрген ауылында 970 га шаруақожалығының жері жер асты су құбырымен суғарылатынын жеткізіп, 1986 жылы салынған құбырлар тым ескі екенін айтып, осы су құбырларын жаңартуға ықпал етсеңіз деген өтініш білдірді. Ауыз су мәселесі бойынша әлдеқашан жұмыстардың басталып кеткенін айтқан облыс басшысы жақында халыққа тиімді бағамен бір ғана мекемеден су берілетінін жеткізді. Ал ескірген жер асты су құбырларын мемлекет баланысына алып, келер жылдан қалдырмай жөндеу жұмысын жасу туралы аудан басшысына тапсырма жүктеді. Қазақстан ауылының тұрғыны өз ауылының ауыз су мәселесі шешімін тапқанымен Жаңашар,
Қырбалтабай, Балтабай, Түрген сынды ауылдардың әлі де ауыз су азабын тартып отырғанын айтып, бұл елдімекендер де тіршілік нәрінен тарықпаса деген уәжін айтты. Қызылжар ауылының жастары ауылдарына су құбыры тартылып, көшелерге жарық шамдары орнатылып тың өзгерістер болғаны үшін атқамінер азаматтарға алғыс айтты. Десе де Дина Нұрпейісова көшесі тұрғындарының назын жеткізіп: «Өткен жылы осы көшеге су құбыры тартылған. Сол себепті көшенің қорыс-қопасы шығып, жаңбыр жауса, ел батпаққа батып қалды. Қарашаның жаңбыры басталмай сол көшеге тым болмаса қиыршық тас төсеп берсе», – деді. Ауыл деңгейінде шешілетін жұмыстың неге созылып кеткенін сұраған облыс әкіміне аудан басшысы: «Су құбыры тартылып болса, көшені де жасаймыз» , – деп қысқа жауап қайырды. Ал Қара жота ауылының Сарбұлақ ауылына мектеп керек екені де сөз болды. Балтабайлықтар ауылымызға газ келсе екен деген арман тілегін білдірді.
Атқамінер азаматтардан үлкен үміт күтетін халық бұл жолы да жағымды жаңалықтар болатынына сенімді. Себебі облыс басшысы ел мұңын өз құлағымен тыңдап, көзімен көріп қайтты.
Зорагүл Әбдіқадір