Алматы облысы, Талдықорған қаласының тұрғыны Байғонысова Зарина осыдан 6 ай бұрын отбасын құрды. Алла қолдап жас ару қаңтар айында жүкті екенін білді. Сақтық шараларын толықтай сақтап, бетпердесін аузынан тастамайтын жүкті бойжеткен мамыр айының басында қалалық инфекциялық ауруханадан бірақ шықты. Қойған диагноздары: КОВИД. Болған жайтты жас келін өзі тарқатып айтып берсін.
«Басында ешқандай симптом болған жоқ. Содан бір күні таңғы 4-те тамағым ауырып ояндым. Тамағымды шайып жүре бердім. Сол күні кешке дене қызуым көтерілді. Бір күн мән бермей жүре бердім. Келесі күні кешке дене қызуым қатты жоғарлап кетті. Өзім үшін емес, ішімдегі сәбиім үшін қорқып кеттім де, жедел жәрдем шақырдым. Жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. Ауруханада ПЦР тапсырдым, нәтижесінде ковид-19 деген диагноз қойды. Менде ешқандай жөтел болған жоқ, өкпем де таза болды. Тек дене қызуым жоғарлап, дәм сезбей, тамағым жұтқызбай қойды.» дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Байғонысова Зарина.
«Жүктіліктің 35 ші аптасы. Екі күн жөтел кетпей жүрді. Үшінші күні дене қызуым көтеріліп, тыныс алуым ауырлай бастады. Бірден жедел жәрдем шақырдым, бірнеше минуттың ішінде аудандық ауруханаға алып барды. ПЦР тест тапсырдым, көптеген тексерулерден өттім,анализ тапсырдым. Дәрігердің «қос өкпесі де қабынған, ПЦР тест нәтижесі де короновирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетіп тұр» деген сөзі құлағыма құйылып қалды. Лезде Талдықорған қаласындағы инфекциялық ауруханаға алып кетті. Күн сайын қан тапсырамын, ең ауыр соққаны төрт қабырғаға екі апта бойы қамалып қалғаным еді. Жарық күнді аңсадым,таза ауаны сағындым. Бірақ сәбиімнің саулығы басты қажеттілігім екені үнемі ойымда болды.» дейді Алматы облысы, Ескелді ауданының тұрғыны Сапыбаева Гүлнұр.
Жалпы жүкті әйелдердің ахуалы жайлы Мінбер тілшісіне Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалы,медициналық қызметтердің сапасы мен
көлеміне мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы,дәрігер Майра Айтуарқызы жауап берді
«Жүкті әйелдердегі Коронавирустық инфекция (COVID-19) – аэрозольдік тамшы мен контактты-тұрмыстық тарату механизмі бар SARS CoV-2 коронавирусының жаңа штаммынан туындаған жедел инфекциялық ауру.
Белгілері: интоксикациямен, температураның жоғарылауымен, қан тамырлары эндотелийінің, өкпенің, жүректің, бүйректің, асқазан-ішек жолдарының, орталық және шеткі жүйке жүйелерінің зақымдануымен жүреді. Ана мен нәресте өліміне және аурушаңдыққа әкелу қаупі бар.
Шағымдары: Инкубациялық кезең – 2-14 күн. Дене температурасының жоғарылауы (немесе температураның жоғарылауынсыз),жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі,жөтел (сирек құрғақ немесе қақырықты аз мөлшерде, ауырсыну, пароксизмалы болуы мүмкін), терлеу (қатты болуы мүмкін),миалгия және дене аурулары,бас ауру,кеудедегі ауырсыну, ентігу сезімі,аносмия (иістің жоғалуы), агевзия (дәмнің жоғалуы), диарея,мазасыз мінез (қозу),конъюнктивит (сирек), бөртпе .
Ауыр жағдайларда:
ентігу (тексеру кезінде немесе аурудың динамикасында)
ентігу, ентігу сезімі
жүрек соғысы
жүрек айну, құсу (сирек)
тұрақты бас ауруы
асқазан ауруы
жүрек аймағындағы ауырсыну
зәр шықпау белгілерімен жедел медициналық көмекке жүгіну керек.
Жүкті, босанушы немесе босанғаннан кейінгі кезеңдегі ана кез-келген ЖРА-мен және этиологиясы белгісіз пневмониямен ауырса және қызба, жөтел, жалпы әлсіздік , шаршау, бас ауруы, миалгия, тамақ ауруы, мұрыннан су ағу, ентігу. анорексия , жүрек айну , құсу, диарея, психикалық жағдайдың өзгеруі байқалса медициналық көмекке жүгінген абзал.Емдік шаралары мен диагноз қою тек арнайы емдеу мекемесінде жүргізіледі.
Жалпы жеңіл түрін кезіндегі ұсыныстар:
Үйде болыңыз.
Вирустық инфекцияның болуы туралы жұмыс берушіге ескертіңіз.
Өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізіңіз (дене температурасын, жүрек соғуын, тыныс алуды бақылау).
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек берушімен қашықтан байланыс.
Ілеспе аурудың өзін-өзі бақылауы (қан қысымын, қандағы глюкозаны өлшеу, импульстік оксиметрия (егер бар болса)).
Жартылай төсек режимі
Көп мөлшерде сусын ішу,парацетамол.
Қауіпті жоғарыда аталған белгілер байқалса,103 хабарласыңыз»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры