Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауында ел мен қоғамның одан әрі дамуының пайымы баяндалып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық міндеттер белгіленген. Жолдауда көтерілген мәселелер барлық қазақстандықтарды, бірінші кезекте бізді, ұстаздар құрамын бей-жай қалдырмады. Жолдауда еліміздің әл-ауқатын дамыту мен экономикасын жетілдіру жолындағы ұстанған басты басымдықтарының бірі білім беру мен ғылым саласы екендігі баса көрсетілді.
Мемлекет басшысы педагогтерді әлеуметтік қолдау мәселесіне де ерекше назар аударды. Педагогтардың біктілігін енді 5 жылда емес, 3 жыл сайын арттырудың қажеттігін негіздеді. «Министрлік білімді заманға бейімдеуі қажет», «білікті мамандар керек» деген уәждері үлкен міндет жүктейді. Бүгінде бұл көтерілген мәселенің жай ғана сөз емес, іс жүзінде жүзеге асып жатқандығының куәгеріміз. ҚР Президенті өткен жылы Үкіметке Педагог мәртебесін және мұғалімдердің жалақысын арттыруды, отандық ғалымдарға ерекше назар аударуды, білім беру саласын жан-жақты қолдауды тапсырған болатын. Педагог қызметкерлердің жалақысын көтеру және оларға деген мемлекеттің ерекше назары білім сапасына оң әсер еткені анық.
Биылғы Жолдаудың әрбір сөзі, әрбір сөйлемі елдік мұрағаттарға жауап береді. Орта және шағын бизнесті дамыту, білім, ғылым, денсаулық сақтау саласын ілгері дамыту – ел болашағының кепілі. Бүгінгі ұрпақ – мәңгілік Қазақстан елінің перзенті. Қазақ елінің ендігі идеясы – Мәңгілік Ел! Біз ендігі жерде жұмылған жұдырықтай бірлікпен еңбек етіп, өнімнің сапасын әлемдік стандартқа жеткізуіміз керек. «Қазақстан-2050» Стратегиясы нұрлы болашақтың бағдаршамын айқындап бергені ақиқат. Рас, мәңгілік ел болу – өз қолымызда. Тек бірлік, ынтымақ, Отанға деген патриотизм бізді биік шыңдарға талмай жеткізеді. Отбасындағы балаларымыз оқып білім алып, тәлім мен тәрбие терсе, адалдық пен адами құндылықтарды құнттай білсе, елім, жерім деп қызмет атқарса – алдыңғы қатардағы отыз мемлекеттің ортасынан орын алу орындалатын мақсат.
Гүлнұр Узбекова,
№49 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары