Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның рөлі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның рөлі

Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың маңызды бағыты болып табылады. Бұл аспектіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айрықша құзыреті ретінде ғана қарауға болмайды, бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдар, сондай-ақ азаматтық қоғам тартылуы тиіс. Өйткені, бүгінде азаматтардың белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты барынша азайту, жою мүмкін емес. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылықта тек белгілі бір адамдар тобымен шектелуге болмайды. Мұнда белсенді азаматтар, студенттер, БАҚ өкілдері, мәдениет қайраткерлері, блогерлер, оқытушылар тартылуы тиіс кешенді жұмыс жүргізілуі тиіс. Сонда олардың әрқайсысы өз саласында осы құбылыстың зияны туралы айтып, оны болдырмау үшін өз үлестерін қосатын болады.

Алдымен жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қатысуы қоғамдық бастамалардан шығатынын бірден атап өту қажет. Сондықтан, бұл жерде санға емес, сапаға көңіл аудару қажет. Бұл үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанында арнайы мониторингтік топтар, ақпараттық-ағартушылық штабтар, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері жұмыс істейді, оларға белсенді азаматтар, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, журналистер, оқытушылар қатысады. Өйткені қоғам өз салаларындағы, бағыттарындағы барлық ауыр мәселелер мен жағдайларды біледі. Сондықтан бүгінгі таңда бұл алаңдар жаңа идеялар мен ұсыныстардың катализаторы, пікірталас алаңы ретінде қызмет етеді. Осыған орай, белсенді азаматтық ұстанымы мен парасатты ниеті бар кез келген азамат осы қатарға қосылып, өз үлесін қоса алады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары  – Жұмабаев Жандос Сағындықұлы