Оқу жылының аяқталуы туралы
COVID-19 коронавирусының таралуы қоғамның барлық саласына елеулі өзгерістер енгізді, соның ішінде, білім беру саласына да.
Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарында қашықтан білім беру технологиялары негізінде жаңа форматта оқыту үрдісін енгізу бойынша жұмыстар атқарылды.
Қашықтан оқыту технологиясын ары қарай дамыту, ауа райының қолайсыз жағдайында оқу үрдісін тоқтаптай жалғастыруға, денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушыны тиімді оқытуға, онлайн режимде ата-анамен тығыз байланыс жасауға, оқушымен оқу пәні бойынша үнемі жеке жұмыс жүргізу ғана емес тәрбиелік жұмыстарды да ұйымдастыруға да мүмкіндік береді.
Департаменттің өз жұмысын бүгінгі коронавирус пандемиясы кезеңінде туындаған жаңа талаптарға сәйкес қалыптастыруының қорытындысы азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді әрекет етуі болып табылады.
Білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған кезеңнен бері білім саласына қатысты түскен сұрақтарға шұғыл жауап беру алгоритмін құрды. Азаматтық қоғаммен тығыз байланыс тәжірибесі жинақталды. Бірде-бір телефон қоңырауы, әлеуметтік желідегі пікірлер назардан тыс қалмайды. Келеңсіз деректер және бұзушылықтар жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың қатысуымен шұғыл түрде қарастырылып, көмек көрсету шаралары қолданылады
Қазақстандық оқушылар үшін оқу жылы 25 мамырда аяқталды. Мектеп бітірушілер үшін аттестат тапсыру 3-4 маусымда өтеді. Мектеп бітіру шараларын өткізу барысында мектепке, мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне сыйлық беру үшін қаражат жинауға және аниматорларлар шақыртуға, мерекелік үстелдер ұйымдастыруға, автокөлік жалдап, қалада серуен ұйымдастыруға, мейрамханаларда, дәмханаларда және басқа да көңіл көтеру мекемелерінде бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға тыйым салынады.
ҰБТ өткізу мерзімі 20 маусым 05 шілде аралығында жоспарлануда. ҰБТ тапсыру форматы өзгермейді. Короновирус пандемиясына байланысты ҰБТ тапсыруға құжаттар негізінен онлайн режимде және былтырғы жылдағыдай дәстүрлі түрде қабылданды.
Биылғы жылы 131683-тен астам өтініш тапсырылды, бұл ҰБТ өткізу тарихындағы рекордтық көрсеткіш. 2019-2020 оқу жылының аяғына Алматы облысының мектептерінде 15153 мектеп бітіруші бар, оның 75%-дан астамы (11494 бітіруші) ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді.
Биылғы жылы ҰБТ тапсырудың ерекшеліктері:
— шектеу қойылатын шаралар: ата-аналар, педагогтар, бөгде адамдарға ұлттық бірыңғай тестілеу өткізетін пунктердің аумағында жүруге тыйым салынады; ғимаратқа кіруден бастап әлеуметтік қашықтық сақталады; әуежайдағыдай бөгеу ленталары тартылады;
— санитарлық шаралар күшейеді: түлектер залалсыздандырудың 5 түрінен өтеді: қолды залалсыздандыру, аяқ киімді залалсыздандыру, дене қызуын өлшеу, бетпердені респираторға ауыстыру.
2019 жылдың желтоқсан айында қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заң педагогтің мәртебесін айқындады және оның құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгіледі. ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 409 бабына әкімшілік жауапкершілікке тартуда 20 АЕК-тен 120 АЕК-ке дейінгі айыппұл көлемі енгізілді. Ағымдағы жылдың 1-сәуірінен, департаменттерге, педагог құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша, өкілеттілік анықталды.
Департамент қызметінің басқа бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Бүгінгі күні БАҚ беттеріне 30-дан аса мақала, департаменттің сайтына ақпараттар, FB, телеграм, инстаграм әлеуметтік желілеріне 500-ден астам постар жарияланды.
Мемлекеттік органдар және тұрғындармен диалогтық көпір орнатуға департаменттің штаттық кестесіне, міндетіне бала асырап алу, қамқоршылық, балалардың қарусыз қалуына жол бермеу, тамақтандыру, тасымал, білім беру мекемелеріндегі демалыс және сауықтыру сұрақтары кіретін бірліктің қосылуы ықпал етеді.
Қосымша ақпаратты 8 (7282) 247991 сенім телефонына хабарласып немесе almoblcontrol.kz сайтынан алуға болады.
Талдықорған қ.
29 мамыр 2020 жыл
О завершении учебного года
Ситуация с распространением коронавируса COVID-19 внесла существенные коррективы во все сферы жизни общества, в том числе, в образование.
Департаментом по обеспечению качества в сфере образования Алматинской области совместно с областным Управлением образования проведена работа по внедрению нового формата учебного процесса в организациях образования на основе дистанционных образовательных технологий.
В дальнейшем развитие технологий дистанционного обучения даст возможность не прерывать учебный процесс школьников из-за погодных условий, эффективно обучать на дому детей по состоянию здоровья, ближе общаться с родителями в режиме онлайн, позволит организовать регулярную индивидуальную работу с учащимся как по учебному предмету, так и в воспитательных моментах.
Одновременно произошла трансформация деятельности департамента, результатом которой стало оперативное и эффективное реагирование на все конструктивные запросы граждан в этот непростой период пандемии коронавирусной инфекции.
За сравнительно небольшой период времени работы в дистанционном формате в департаменте создан алгоритм быстрого реагирования на вопросы, возникающие в сфере образования.
Накоплен ценный опыт взаимодействия с гражданским обществом. Ни один телефонный звонок, комментарий в социальных сетях не остается без внимания. Факты негатива и нарушений экстренно рассматриваются с участием местных исполнительных и государственных органов, незамедлительно принимаются меры по оказанию помощи.
Учебный год для казахстанских школьников уже завершился 25 мая.
Для выпускников школ 3-4 июня будет проведено вручение аттестата. При проведении выпускных мероприятий не допускается сбор средств на подарки школе, учителям, администрации школы; привлечение аниматоров, частных студий; проведение пышных празднеств, праздничных столов, выездных экскурсий с привлечением автомобилей на прокат, проведение мероприятий в ресторанах и кафе.
Проведение ЕНТ планируется с 20 июня по 05 июля. Формат сдачи ЕНТ не меняется. Из-за пандемии коронавируса документы для сдачи ЕНТ в основном принимались в режиме онлайн и традиционным способом, как и в прошлом году.
В этом году подано свыше 131683 заявления, рекордное значение в истории ЕНТ. На конец 2019-2020 учебного года в школах Алматинской области насчитывается 15153 выпускников, из них свыше 75% (11494 выпускников) подали заявление на участие в ЕНТ.
Ключевые моменты сдачи ЕНТ в этом году:
— усиление ограничительных мер: родители, педагоги, посторонние лица не будут допущены к зданиям ППЕНТ; на всем маршруте движения ребенка и нахождение его в аудитории будет сохраняться дистанция 2 метра между участниками ЕНТ, отмеченная баррикадными выдвижными лентами;
— усиление санитарных мер: абитуриенты будут подвергнуты 5-ти видам дезинфекции: дезинфицирующий туннель; обработка рук; обработка обуви; температурный контроль; замена маски на респиратор.
Принятый в декабре 2019 года Закон Республики Казахстан «О статусе педагога» установил права, социальные гарантии, ограничения, обязанности и ответственность педагога.
В статью 409 Кодекса об административных правонарушениях внесены нормы по привлечению к адм. ответственности с наложением штрафов от 20 до 120 МРП.
С 1 апреля т.г. привлечение к административной ответственности должностных лиц и организаций за нарушения прав педагогов входит в компетенцию Департаментов.
Департамент продолжает разъяснительную работу и по другим направлениям деятельности. На сегодняшний день нами выпущено более 30 статей в СМИ, информаций на сайте Департамента, более 500 постов в социальных сетях FB, телеграм, инстаграм.
Созданию диалогового моста между нашим государственным органом и населением способствует введение в штатное расписание Департамента единицы заместителя руководителя, в чьи функции входят вопросы защиты прав детей: усыновления (удочерения), опеки, попечительства, противодействия детской безнадзорности, питания, подвоза, отдыха и оздоровления и досуга в организациях образования.
Начало формы
Дополнительную информацию можно получить, позвонив на телефон доверия 8 (7282) 247991 или на сайте almoblcontrol.kz
г. Талдыкорган
29 мая 2020 года