Алматы облысында COVID-19 инфекциясының 8 жағдайы тіркелді

Алматы облысында  COVID-19 инфекциясының 8 жағдайы тіркелді

Алматы облысында коронавирус инфекциясының 8 жағдайы тіркелді. Оның 5-еуі – Талдықорған қаласында, 3-еуі Алакөлде анықталды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2007, 1981, 1981, 1993, 2018, 2016, 1990 жылдары туған азаматтар бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болған, ал 1997 жылғы жүкті әйелдің науқасы профилактикалық тексеруден өту барысында белгілі болған.

Барлығы осыған дейін оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

31 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 361 адам тіркелген.

 

Талғар-ақпарат