Бұл сырқаттың ауыр салдары туралы кез келген адам білуі қажет. Қызылша жұқпасы жылдам таралуы, толық қабылдағыштығы және ауа – тамшы жолдары арқылы жеңіл берілуімен ерекшеленеді. Көп адам ойлайтындай қызылшамен тек балалар ғана ауырмайды, ересек адамдар да сырқаттанады және оларда жұқпа ауыр түрде өтеді.
Жаппай иммундау енгізілгенге дейін қызылша балалар өлімінің басты себептерінің бірі болған. Бүгінгі күні дамыған елдерде 5 жасқа дейінгі балалар арасында барлық өлім жағдайының 10% жуығы ғана байланысты.
Жиі көптеген адамдар қызылша мен жел шешек ауруларын ажырата алмайды, бірақ бұл аурулар әртүрлі.
Желшешек пен қызылшаның негізгі айырмашылығы
Қос ауруда вируспен шақырылады, ауа – тамшы жолдары арқылы беріледі және ұқсас белгілермен байқалады. Бірақ аурулардың айырмашылықтары да бар. Егер патологиясының ерекшеліктерін білетін болса, адамның қандай аурумен сырқаттанғанын анықтау қиын емес.
Желшешекте инкубациялық кезең — 11 күннен 21 күн аралығында. Алғашқы белгілері – әлсіздік, мазасыздық, бас ауруы. Балаларда көбінесе аурудың белгілері байқалмайды немесе мүде болмайды. Бірақ ересектерде вирусқа айқын әсер пайда болады. Теріде 1-2 күннен кейін бөртпе пайда болады, дене қызуы көтеріледі (+39°C-қа дейін). Желшешектің қызылшадан басты айырмашылығы – бөртпе сипаты. Алғашында нүкте тәріздес кішкене дақтар, содан кейін папула пайда болады. Оның жартысы мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктерге айналады. Қызылша мен желшешектің айырмашылығы анық: желшешекте теріде дақ, құрғақ жаралар, бір мезгілде түйіндер мен көпіршіктер пайда болады.
Қызылшада инкубациялық кезең 8 күннен 12 күнге дейін. Сирек жағдайда аурудың белгілері 3 аптадан кейін пайда болады. Сырқат ауыр түрде өтеді, аурудың жеңіл түрі егілген балаларда кездеседі. Алғашында науқастың дене қызуы көтеріледі (ауыр жағдайда +40°C-қа дейін), тамағы қызарады, мұрны бітеді және жөтел пайда болады. Көбінесе вирус конъюнктивит — көздің шырышты қабатының қабынуымен қатар жүреді. Екінші күні беттің шырышты қабаттарында бөртпе пайда болады. 5-ші күні бір – бірімен қосылатын қызғылт нүктелі – бөртпе пайда болады, олар бір бірімен қосылып даққа айналады. Алғашында адамның басында — құлақ арты, бетінде пайда болады, бөртпе ақырындап екі — үш күннің ішінде төменге түсіп, аяққа дейін жетеді.
Қызылша несімен қауіпті?
Қызылшаның негізгі қауіптілігі — жоғарғы жиілігі мен асқынулардың ауырлығында. Асқынудың жоғары қауіптілігі созылмалы патологиясы бар пациенттерде кездеседі. Қызылшаның ең көп асқынуы сырқаттанғандардың 7-9% кездесетін ортаңғы құлақтың қабынуы болып табылады, асқыну әрі қарай кереңдікке әкеліп соқтырады. 1-6% пациентерде пневмония дамиды. Қызылшамен сырқаттану кезінде өкпенің зақымдалуы мен ауыр ағымы 60% дейін өлім жағдайына алып келуі мүмкін. Қызылша кезінде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы жіті инфекциялық және инфекциядан кейінгі энцефалит түрінде өтуі мүмкін.
Қызылша нақтамасы клиникалық белгілері негізінде қойылады. Қызылшаға күдіктенген жағдайда әрбір науқастың үлгілері мамандандырылған зертханада тексеріледі және нақтама жүргізілген зерттеу қорытындысының нәтижесінде қойылады. Нақтаманың дәлелденуіне спецификалық IgM анықталуы үшін полимеразды тізбекті рекция (ПТР) әдісі қолданылады.
Қызылшамен кімдер сырқаттанады?
Бүгінгі күнге қызылшамен сырқаттанғандардың басым бөлігі – аталған жұқпаға қарсы егілмегендер. Қызылшамен ауырмағандар және оған қарсы егілмегендер сырқаттанушылық қоздырғышына өмір бойына сезімталдығы жоғары болып қалады және кез келген жаста сырқаттанып қалуы мүмкін.
Алдын алу шаралары
Қызылшадан ең тиімді және ұзақ уақытқа қорғайтын шара вакцинамен алдын алу болып табылады. Алдын алу екпелерінің Ұлттық күнтізбесіне сәйкс қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация 12 айда және қайтара 6 жаста жүргізіледі. Қалыптасқан иммунитет сырқаттанушылықтан қорғайды немесе сырқаттанған жағдайда ауру асқынусыз жеңіл түрде өтеді. Қызылшаға қарсы екпе алған адамдарда вирусқа қарсы иммунитет пайда болады, егілгендерді сырқаттан 95 — 97% қорғайды, аурудың ауыр түрі мен асқынудың дамуының алдын алады.
Есте сақтаңыздар! Балаларыңызды ектіруден бас тарту арқылы, оларға қауіп – қатер төндіресіз. Өзіңізді, балаларыңызды және жақындарыңызды қызылшадан қорғаңыз! Екпені уақытылы алыңыз! Ең бастысы жұқпаның белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажет, өз бетінше емдік шаралармен айналыспау қажет.
Талғар-ақпарат