Эхинококкоз –қоздырғыштары нәжіс, ауыз механизмі арқылы берілетін, бауырдың, өкпенің және басқа ағзалардың жеке немесе қуысты ісіктермен бұзылуына әкелетін, ағзаның аллергияға ұшырауымен, аурудың қатты асқынуы нәтижесінде көбіне мүгедектікке әкелетін, созылмалы түрде өтетін табиғи ошақтық биогельментоз.
Эхинококк-ақ түсті, ұзындығы 0,5 см дейін болатын кішкентай цестода. Денесі таспа тәріздес, кішкентай басында 4 сорғышы және 3-4 мүшелі 35-40 қармағы бар, мүшелерінің ең соңғысы өте үлкен, 800-ге дейін жұмыртқасы болады. Олар шошқа және сиыр цепендерінің жұмыртқаларына ұқсас болады. Эхинококк личинкасының жыныстық жетілу мерзімі іске асу үшін жұқтырған күннен санағанда 4-12 жұма уақыт қажет болады. Ақырғы иенің аш ішегіндегі ересек эхинококктар саны ондаған мыңға жетеді. Тіршілік ұзақтығы 6 айдан 3 жылға дейін созылады, ал личинкалық түрі адам ағзасында бірнеше жыл өмір сүреді.
Гельминт жұмыртқалары иттің, қойдың, басқа жануарлардың жүнінен тамақ және қол арқылы, ауыз-нәжіс механизмі арқылы адамға жұғады.
Жұмыртқалар бар жуылмаған көкөніс, жемістерді және басқа тағамдарды тамаққа пайдаланғанда адам құртпен залалсыздандыру мүмкін. Аспирациялық жолмен шаң арқылы, залалданған терілерді сыпырғанда, өңдегенде және ластаған топырақ, су, қарым-қатынас арқылы таралуы мүмкін. Қала жағдайында паразит жұмыртқасымен ең ластанған аймақтар: саябақ, иттерді жиі қыдыртатын, балалар көп ойнайтын үй аулалары болады. Ауылдық жерлерде әдетте отар, ферма маңындағы иттермен кең аймақтар ластанады. Эхинококкоздың алдын алу үшін келесі ережерді сақтау қажет: малдарға күтім жасағанда, қойдың жүнін қырыққанда, жер өңдеу жұмыстарын жүргізгенде, көкөністі жинау жұмыстарын атқарғаннан кейін жеке бас гигиенасына аса мән беру керек. Шаң болатындай жер жұмыстарын атқарғанда дәкелі маска қолданған дұрыс. Жеміс –жидектерді, көкөністерді пайдалану алдында мұқият жуу керек және сүтті міндетті түрде пісіріп қолданған жөн. Кез-келген жерде малдың сойлмауын қадағалап, үйде сойылған малдардың жарамсыз ағзаларын итке тастамай, көміп отыру керек. Қолда ұстайтын иттерді ветеринарлық мекемелерде, арнайы бетондалған алаңда мезгіліне 1 дегельминтизация жүргізіп, ветеринарлық мамандармен үнемі кеңесіп және ауланы ит нәжістерінен тазалап отырған дұрыс.
Өмірге қауіпті асқынудың даму мумкіндігіне байланысты аурудың салдары күрделі. Емдеу әзерге тек қана хирургиялық жолмен жүзеге асады.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуді» естен шығармағанымыз дұрыс!
Б.М.Успанов,
Талғар аудандық СЭББ басшысы