Қарасай ауданындағы Құмтоған ауылында еліміздегі ең алғашқы жеке мамандандырылған футбол мектебі бой көтеруде. «Jeyran» футбол клубының бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл жоба – болашақ чемпиондарға жол ашатын ауқымды мүмкіндік!
Мектеп бір мезетте 1000-ға жуық шәкіртті қабылдай алады. Жаттығу, оқу, жатақхана – бәрі бір жерде. Еуропалық стандартқа сай инфрақұрылым, заманауи алаңдар, кәсіби бапкерлер – футболға қызығатын кез келген бала үшін таптырмас орта.
Жоба құны – 1 млрд теңге.
Аумағы – 7 гектар.
Ашылуы – келесі жылдың жазында.
Бұл бастама өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға тың серпін бермек. Футбол – арман ғана емес, нақты мүмкіндікке айналмақ!