Спорт — рух

Спорт — рух

«AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Спорт – күш, рух, жеңіс» тақырыбында футбол спорт түрінен Талғар ауданының қалалық мектептері арасында аудандық жарыс өтті.

Шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдердің бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және жас буын арасында патриоттық рух пен бірлік сезімін нығайту.

Жарысқа қатысқан мектеп командалары жоғары дайындық пен ұйымшылдық көрсетті. Жас спортшылар алаңда өзара шеберлік байқасып, әділ тартыс жүргізді.

Нәтижесінде, үздік ойын көрсеткен командалар мен оқушылар алғыс хаттармен, грамоталармен, медальдармен марапатталды. Әсіресе, «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» секілді номинациялар оқушылардың спортқа деген ынтасын арттырды.

Бұл турнир — жастарды тәрбиелеудегі, олардың жан-жақты дамуына ықпал етудегі маңызды қадам болды. «AMANAT» партиясы алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастыра бермек.