АДАМГЕРШІЛІГІ МОЛ АБЗАЛ ЖАНДАР

АДАМГЕРШІЛІГІ МОЛ АБЗАЛ ЖАНДАР

Дәрігер мамандығы қай қоғамда болмасын басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын әрі жауапкершілігі зор мамандық болып саналады. Алдына келген әрбір науқастың дертінен айығып жүздеріндегі қуанышты көру, олар үшін үлкен бақыт, үлкен жетістік. Талғар қаласындағы жаңадан ашылған көз емдеу микрохирургиясы «Визус-Мед» орталығының мамандары адамгершілігі мол, ақ халатты абзал жандар десем артық айтқандығым емес. Осы жерге туған әпкем көзін тексертуге барған еді. Көзін тексерген дәрігерлердің бір ауыздан: «Апа екі көзіңізде катаракта бар екен, огта жасау керек. Катаракта көз бұршағының жартылай немесе толық бұлыңғырлануы, дереу емдемесеңіз көру қабілетінен толық айрылуға алып келеді», — деп түсіндірді. Әрине, пенде болған соң қорқыныш пен үрей тұрады. Алайда, су жаңа құрал жабдықтармен заманауи технологиямен қамтылған орталықтағы дәрігерлерді көріп, үлкен сеніп арттық.

Сеніміміз ақталып, ота ойдағыдай жасалып, сәтті өтті. Әпкем 55 жыл тастамай тағып келген көзілдіріктен арылып, өмірге қайта келгендей айналасына қызықтап қарап, қуанышында шек болмады. Менің бауырымды осындай қуанышқа бөлеген дәрігерлер[1]ге-офтальмохирургтарға алғысымыз шексіз! Алғашқы отаны жасаған осы орталықтың директоры офтальмохирург Төрәлиев Нұрсұлтан Төрәліұлы, жоғары санатты офтальмолог Жайлаубеков Жандос Сырымұлы, дәрігер офтальмолог Досмурзиева Гульназ Жайғалиқызы, дәрігер офтальмолог Мамыраев Ержан Пірмағанбетұлы, медбике Перизат Ринатқызы және тазалықтың жаршысы болып жүрген санитарка Есмұратова Айнұр Гөнебайқызы сынды жүрегі мейрімге толы абзал жандарды халқы біле жүрсін! Иә, бұрын Алматыға ат сабылтып барушы едік. Осындай халық игілігі үшін ашылып жатқан медициналық орталықтар көптеген мәселелеріміздің түйінін шешіп, уақытты үнемдеуімізге Мемлекет тарапынан жасалып жатқан халыққа деген қамқорлық емес пе!

 

 Аслан РҒЫНБАЕВА,

 Зейнеткер
«Айсұлу» ықшам ауданы