Талғарда «Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбында брифинг өтті. Жиынға Талғар ауданы әкімінің орынбасары А.Д.Бидаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Б.Успанов, орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Т.А.Қуатов, Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы А.М.Үшкемпірова, сондай-ақ аудандық мектеп директорлары, мемлекеттік және жеке бала-бақша, емдеу мекемелерінің меңгерушілері қатысты.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елімізде 06.11.2023ж. бастап қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммунизация басталды. Жиында сөз алған Талғар аудандық СЭББ басшысы Б. Успановтың айтуынша, Талғар ауданында иммунизация шарасы 2023 жылдың желтоқсан айында басталды. Оған 6-10 ай, және 2-4 жас аралығындағы балалар, медицина қызметкерлері жатады.
Қызылша – жедел, өте жұқпалы вирустық аурулардың бірі. Науқаспен қарым қатынаста болғандардың барлығы дерлік (98%) ауруға шалдығады. Берілу жолы ауалы- тамшылы. Қызылшаға қарсы вакцинация алмағандардың аурға шалдығу мүмкіндігі өте жоғары (барлығы ауырады). Қызылша вирусы тек адамдарды ғана зақымдайды, алдымен мұрын жұтқыншағы эпителииінде және коньнктивте орналасады. Вирус көбейе келе лимфа түйіндеріне және қанға өтеді.
Қызылшаның басталуы суық тию белгілерімен басталып, 3-4 күнге созылады. Науқас әлсіз, тамақтан бас тартады, тамақ ауырсынуы, мұрынның бітелуі және құрғақ жөтел. Дене қызуы көтеріліп, қызуды түсіретін шараларға қарамастан төмендемеуі мүмкін. Көзі қызарып, жас ағып, жарықтан қорқу пайда болады. Екінші, үшінші күндері ауыздың қызарған сілтілі қабығында (слизистая оболочка) сұрлау-ақ дақ пайда болады және дене қызуы төмендейді. Дене қызуының жаңадан 40 градусқа дейін көтерілуі құлақ артында, бетте, мойында типтік бөртпе пайда болуымен сипатталады. Әрі қарай денесі, қолдары, соңынан аяқтарында майда бөртпе дақтар пайда болады, майда бөртпе-дақтар бір бірімен қосылып улкен дақ пайда болады, ортасында сау тері көрінеді. Қызылшаның өтуі және бөртпелердің пайда болуы жеңіл түрінен өмірге қауіп төндіретін ауыр түрге дейін өзгеруі мүмкін.
Қызылша өте ауыр өтеді, көптеген асқынуларға әкеледі, жиі кездесетін асқынулар – құлақтың қабынуы, пневмония және басқа да бактериялық жұқпалар. Бір кездерде қызылша жұқпасының 1000-2000 жағдайы тіркелгенде энцефалит ауруымен асқыну пайда болады (әдетте бөртпе пайда болғаннан кейін 2-21 күн), жиі дене қызуы көтеріледі, құрысулар (судороги), кома. Қызылшаман ауырғандардың 100 000 ішінде біреуінде ауыр созылмалы ауру- подострый склерозирующий панэнцефалит (ПСПЭ) пайда болады.
Қызылшаға қарсы егуге 12-15 айдағы балалар жатады. Екінші екпе 6 жасқа толған балаларға жасалынады. Естеріңізде болсын, жұқпалы аурулардың алдын алу және асқынуларды болдырмаудың бірден бір жолы қызылшаға қарсы балаларды екпемен қамту болып табылады. Кызылша жұқпасына қарсы күресуде жалғыз нәтижелі әдіс – вакцинация болып табылады.
Талғар аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы аудан тұрғындарына өз балаларына қосымша жаппай иммунизация жасатуды ұсынады. Халық арасында кызылшаның алдын алу үшін әр медициналық ұйымда егу бөлмесі бөлініп, жабдықталған. Иммундау тұратын мекен-жайлары бойынша жүргізіледі. Жиында аудан емханаларында вакцинаның жеткілікті қоры бар екендігі, балалардың денсаулығын қатерге тікпей, уақытылы вакцина қабылдаудың қоғамға маңыздылығы жөнінде түсініктеме берілді.
Сондай-ақ басқосуда Талғар аудандық орталық ауруханасының мамандары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» бойынша тіркелмеген азаматтармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі жөнінде баяндама жасады. Аудан әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Жиын соңында білім саласындағы өзекті мәселелер қаралып, мектеп директорларына оқу орындарындағы жылумен жабдықтау жүйелеріне күнделікті тексеріс жүргізіп отыру, оқушыларды тасымалдау мәселесін бақылауда ұстау, мектеп асханаларының жұмысын қадағалау жүктелді. Сонымен қатар әкім орынбасары оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдауды, күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептердің құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес жүргізіліуі керектігі жөнінде ескертті. Отырыста барлық оқу мекемелері мен тиісті ведомство басшыларына тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.
Сәуле Құрмантаева