Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуынан бастап, және оның нығаюы барысында мемлекеттің кірістері мен шығыстары біртіндеп өсе түсті. Қаржылық жүйе күрделене түсті және елдегі ақша айналымын қатаң түрде есептеуді қамтамасыз ету керек еді. Дәл осы кезде экономикалық құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік қаржы басқармасын реформалау қажеттіліктері туды.
Осы міндеттерді шешу мақсатында 1994 жылы Қаржы министрлігі жанынан Қазынашылықтың бас басқармасы құрылды. Бұл – бухгалтерлік есеп бойынша бюджетті басқару және бюджеттік мекемелер мен қаржы жүйесіндегі бухалтерлік есептің әдіснамасы функциялары берілген бюджетті атқарудағы бірегей ұйым. Сонымен қатар, Қазынашылықтың бас басқармасы министрліктерді, ведомстваларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды бюджет қаражатын мақсатты және дұрыс пайдалану пәніне тексеруге, бұзушылық фактілер айқындалған жағдайда, жөнсіз жұмсалған қаражатты қайтарып алуға құзыретті болды.
Қазынашылық жүйесін дамытуда атқарылған алғашқы ауқымды жұмыстардың бірі –Ұлттықбанкте Біріккен қазынашылық шот (БҚШ)ашу болып табылады. Оған мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің ақша қаражаты шоғырландырылды. БҚШ арқылы төлеудің Қазынашылық жасаған механизімінің арқасында күн сайын бюджеттің жағдайы: кірістер, шығындар, республикамен облыстардағы қаржы қалдықтары бақыланып отырады.
2011 жылдың мамырында «Қазынашылық-клиент» жүйесі тәжірибе ретінде іске қосылды. Көптеген сарапшылар Қазақстанда ТМД бойынша үздік заманауи интеграцияланған қазынашылықтың ақпараттық жүйесі қалыптасқандығын атап өтті. Қазынашылықты жаңғырту жобасы МВФ, МБРР сарапшыларының және ТМД, Қытай, Словакия, Палестина, Моңғолия, АҚШ, Болгария елдерінің жоба жетекшілерінің жоғары бағасына ие болды. Ақпараттық жүйенің моделі бірегей деп танылып, қазақстандық тәжірибе басқа елдерге таратуға болатын модель ретінде ұсынылды..
Қазіргі таңда «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі толықтай енгізілген, бұл жүйе арқылы онлайн режимде 13 мыңдай мемлекеттік мекеменің қаржылық құжатын өңдеуге болады, күн сайын орта есеппен 30 мыңдай төлем өткізіледі, төлем жүйесінен күн сайын орта есеппен 40 мыңдай түсімдер түседі. Айдың соңында бұл көрсеткіштер екі есеге көбейеді. Осыған қарамастан, қаржылық құжаттарды өңдеу уақыты жыл сайын қысқару үстінде. Мысалы, бұрын төлемге берілген шотты өңдеуге, егер оны қатесін түзеу үшін қайтарылатынын есептегенде, орташа алған 3-4 күн кеткен болса, «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі енгізілгеннен бері бұл уақыт 2012 жылы 16 жұмыс сағатына дейін, 2013-2016 жылдары 8 жұмыс сағатына дейін, 2017 жылы 7 сағатқа, ал 2018 жылдан бастап 6 сағатқа дейін қысқарды.
2013 жылдың шілдесінен бастап қазынашылық органдарында жергілікті өзін-өзі басқарудың (ЖӨБ) шоттары ашылып, оларға қызмет көрсетіле бастады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98 қадамын іске асыру шеңберінде 1-кезең халық саны 2000-нан астам елді мекендерде 2018 жылдан бастап; ЖӨБ-тің IV деңгейлі бюджетін енгізу 2 кезеңмен іске аспақ, 2020 жылдан бастап барлық елді мекендерде.
«Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы аумақтық қазынашылық органдарына тоқсан сайын, қашықтықтан ведомстволық бақылау жүргізіледі.
Облыстық қазынашылық департаменттерінің әрқайсысы – орналасқан аймағы мен халық саны, өндірістік және әлеуметтік базасының бар-жоқтығына қарай ерекшеленетін, өз алдына бөлек, толыққанды, өз міндеттері мен мақсаттары бар ұжым.
Изатова Д.С.
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы