«Жергілікті қоғамдастықтардың тұрақты дамуы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешу мақсатында аймақтық отбасы орталығын ұйымдастыру» тақырыбында семинар-кеңесі өткізілді.
Семинар-кеңеске Талғар аудандық Полиция Басқармасы ЖПҚБ бастығы Ринат Қабылданұлы, аудандық мәслихат депутаты Баракова Роза Хамраәліқызы, «Жауказын» Қоғамдық Бірлестігінің директоры Кеңесова Елена, «Жергілікті қоғамдастықтардың тұрақты дамуы» Қоғамдық Қорының атқарушы директоры Замира Нұрланқызы, Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ-нің директоры Зульфия Байсакова, «Талдықорған әйелдерді қолдау өңірлік орталығы» Қоғамдық Бірлестігінің президенті Нурмуханова Жанар Болатқызы, «Талғар ауданының ауыл әйелдері одағы» Қоғамдық Бірлестігінен Сихы мбаева Мария Ордабайқызы, Талғар ауданының білім беру бөлімінің бас маманы Зульфира Садыкова және Талғар қаласының әкімдігі мен аудандық әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары қатысты.
Семинар кеңес онлайн және оффлайн форматында өтті. Шарада «Талғар ауданында отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың өсуі», «Отбасындағы зорлық-зомбылық — қазіргі қоғамның өзекті мәселесі», «Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру», «Зорлық-зомбылықтан әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау қозғалысының дамуына және қоғамда зорлық-зомбылықсыз қатынастардың құндылықтарына негізделген мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдесу», «Халықты әлеуметтік қолдау жүйесі ретінде Дағдарыс орталықтары» тақырыптарында баяндамадар жасалып, сұрақтар қойылды.
З. Қалымбетова,
Талғар аудандық жастар ресурстық
орталығының жетекшісі