2021 жылы Жетісу университетінде дарынды балаларға арналған гранттар бөлінеді

2021 жылы Жетісу университетінде дарынды балаларға арналған гранттар бөлінеді
Биыл Жетісу университетінде республикалық және жергілікті гранттардан бөлек дарынды балаларға тегін оқу гранттары бөлінеді. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында І.Жансүгіров атындағы ЖУ ректоры Қуат Баймырзаев хабарлады.
Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда оқуда жақсы жетістіктерге жеткен дарынды балаларды қолдау қажет.
— Бүгінде арнайы комиссия қанша грант бөлінетінін шешеді. Біздің басты мақсатымыз-дарынды балаларды қолдау, сондай — ақ жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін студенттердің біздің университетке жұмысқа орналасқанын қалаймыз, — деді Қуат Баймырзаев.
Сондай-ақ, ол өз сөзінде  университеттің жетістіктері мен жоспарлары туралыайтып өтті.
Бүгінгі таңда университет қазақстандық көпбейінді ЖОО рейтингінде 9-шы орында тұр. Сондай-ақ ЖУ дамушы Еуропа мен Орта Азияның ТОП-250 үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірді және QS WorldUniversityRankings: EmergingEuropeandCentralAsia 2020 рейтингінде 250 ЖОО ішінен 241-ші орынды иеленеді.
Жыл сайын университет салалық қауымдастықтардың, бизнес-құрылымдардың тапсырысы және жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асырады. 2020-2021 оқу жылында университеттің жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларының үлесі ББ жалпы санының 8,5% — ын құрады.
Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға университеттің «Jasalalym»конкурсы өткізілді. Конкурсқа қатысу үшін 14 өтінім берілді, оның ішінде 7 үздік жоба қаржыландырудың жалпы сомасы 7 000 000 теңгеге мақұлданды. Сондай-ақ, «ZHETYSU – STARTUP» инновациялық идеялар мен стартап-жобалар байқауында 30 жобаның ішінен 11 үздік жоба анықталды, жеңімпаздарға номинациялар бойынша сертификаттар мен І, ІІ, ІІ дәрежелі дипломдар табыс етілді.
Университет ғалымдары, магистранттары мен докторанттары жоғары рейтингті журналдардағы жарияланымдары және ғылыми жобаларға жетекшілік еткені, сондай-ақ республикалық конкурста студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік еткені үшін ректордың «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» алғыс хаттарымен марапатталды.
Шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында қазіргі заманғы халықаралық университеттен (Қырғыз Республикасы) 23 студент тартылды. 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламаға және университеттің даму бағдарламасына сәйкес біздің жоо 2025 жылға қарай шетелдік білім алушылардың үлесін 10% — ға дейін арттыруды көздейді.
— Қазіргі уақытта университетте 812 төсек-орынға арналған 3 студенттік жатақхана бар екенін атап өтеміз. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде Алматы облысының әкімдігі ЖОО-ның балансына қонақ үй үлгісіндегі жаңа жатақхана салып, берген болатын. Студенттердің тұруы, оқуы және ғылыми қызметі үшін қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасалған.
— Университетте түлектерді тиімді жұмысқа орналастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Осылайша, өңірге қажетті мамандарға сұранысты зерттеу, ұйымдар мен кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша кадрларды іріктеу, түлектермен жеке жұмыс жүргізу, түлектерді бөлу картасын жасау, түлектер жәрмеңкесін ұйымдастыру бойынша жұмыс жандандырылды. Университетте дәстүрлі түрде Бос орындар жәрмеңкелері өткізіледі. Біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші-біздің барлық студенттеріміздің жұмысқа орналасуы, — деп қорытындылады Қуат Баймырзаев.
JETISÝ MEDIA