АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ӨҢІР АУМАҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ӨҢІР АУМАҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
Бүгін Jetysu Media алаңында кеңейтілген брифинг өтті. Негізгі спикер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев сөз сөйледі.
Алматы облысы бойынша Антикор басшысының бірінші орынбасары БАҚ өкілдеріне Департаменттің өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық жаңалықтарды және ҚР ӘҚБтК-не енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндіруге басты назар аударды.
Жандос Жұмабаев атап өткендей: соңғы 2 жылда қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бірқатар елеулі өзгерістер мен жаңалықтарды бастан өткерді. Осы аспектіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірқатар заңнамалық новеллалардың бастамашысы болды.  Осылайша, 2019 жылдан бастап қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін бірінші басшылардың отставка институты енгізілді, өткен жылдан бастап ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдануға тыйым салынды, қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару мекемелерінде (колония-қоныстар деп аталатын) сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар үшін бірден жазаны өтеу мүмкіндігі жойылды, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді, мемлекеттік, судьялардың шетел банктерінде шот ашуына және иеленуіне, пара берушілер мен делдалдардың парақорлықтағы жауапкершілігі қатаңдатылды, мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беруге тыйым салынды, комплаенс-офицерлер институты енгізілді. Осы заңнамалық нормаларды қабылдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға елеулі үлес болып табылады және осы аспектіде заң шегінен шығып кеткендерге кешенді түрде шаралар қабылдау мүмкіндік береді.
Брифинг барысында Жандос Жұмабаев Департаменттің ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы жедел-тергеу қызметінің нәтижелерін жеткізді. Алматы облысы бойынша Антикор басшылығының айтуынша: Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылдың бірінші тоқсанында 31 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, оның 90,3%-дан астамы немесе 28 қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар ауырлық дәрежесі бойынша негізінен ауыр және аса ауыр қылмыстар ретінде сараланады, оларға 67,8% немесе 19 қылмыс тиесілі. Есептік кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 113 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 10 бірінші басшы: облыстық маңызы бар – 2, аудандық – 6, қалалық – 2. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметкерлері тарапынан заңсыз араласудың және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірудің жолын кесу бойынша ағымдағы жылы 4 субъектінің кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуының 5 фактісі анықталды, 12 адамға қатысты 8 қылмыс тіркелді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 1 млрд.614 млн. теңгені құрады, 1 млрд. 594 млн. теңге немесе 98,7% өтелді.
Брифинг аясында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша жұмыс нәтижелерін жеткізді.
Оның барысында Жандос Жұмабаев атап өткендей: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Департамент мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу кезінде Алматы облысының бюджетін 5 млрд.818 млн. 682 мың теңгеге үнемдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жоба шеңберінде бүгінгі күні инвесторлармен 750 млрд.теңгеден астам сомаға 68 келісімге қол қойылды. «Сапалы жол» жобасы шеңберінде жылжымалы зертханамен және АМТ мүшелерімен бірлесіп облыс бойынша 40 мониторинг, оның ішінде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы «РМК филиалымен бірлесіп 8 мониторинг жүргізілді. Мониторингтік жұмыстар барысында 12 бұзушылық анықталды, олардың ішінде 10 бұзушылық толық көлемде жойылды.
Бүгінгі таңда Алматы облысында квазимемлекеттік және мемлекеттік секторлардың 109 ұйымында (ЖАО ведомстволық бағынысты ұйымдары) сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс лауазымдары енгізілді. Бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Департаментпен бүгінгі күні жалпы сомасы 1,5 трлн.теңгеге облыстың 1730 мемлекеттік ұйымының бюджеттері жарияланды. теңге. Сондай-ақ, Департаментпен 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 кешенді, 5 тақырыптық мониторинг. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары бойынша ұйымдастыру-басқару сипатындағы 40 ұсыныс, оның ішінде жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар, Департаментпен облыс әкімдігі бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 5 сыртқы талдау жүргізілді. Талдамалық жұмыс шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына себеп болатын 82 сыбайлас жемқорлық тәуекел анықталды.
Брифинг аясында Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» орындау сапасы тұрғысынан арнайы мониторингтік топ жүргізген сыртқы талдау нәтижелері мен «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс нәтижелері қаралды, ол туралы Алматы облысының арнайы мониторинг тобының жетекшісі Викор Тен және «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаев баяндады.
Өз кезегінде Виктор Тен соңғы жылдары азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысуы айтарлықтай күшейтілгенін атап өтті. Осылайша, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа объективті баға беруге мүмкіндік береді. «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаев жобалық менеджментті қолдану сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдістерін енгізуге мүмкіндік беретінін, олар азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететінін атап өтті. Осы жылы енгізілген «Мобилді ауыл 24/7″жобасы осындай мысалдардың бірі болып табылады.
Брифинг қорытындысы бойынша Жандос Жұмабаев: жақын арада Департамент жұмысы қоғам өкілдерімен ауқымды жұмысты ұйымдастыру бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасау арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталатынын атап өтті. Сондай-ақ, ауылдық деңгейде «сервистік әкімдік» жобасын іске асыру жолымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі ілгерілету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүйелі талдамалық жұмыс жүргізу жалғасатын болатынын. Бұдан басқа, бюджеттік және әлеуметтік жобаларды одан әрі жедел сүйемелдеу, оның ішінде коронавируспен күреске бөлінген бюджет қаражатын игеру қамтамасыз етілетінін атап өтті.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті