Бүгін, 30 сәуір күні,
Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен
1 мамыр Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне орай,
«Менің Қазақстаным» атты аудандық бейнероликтер байқауының қатысушыларын марапаттау өтті. Марапаттау барлық санитарлық ережелерді сақтай отырып, өткізілді.
Марапат иелері:
№24 мектеп оқушысы Сейдахмет Аружан және Телғожа Айдана,
№31 мектеп оқушысы Турганов Ислам,
№40 мектеп оушысы Искандр Мейірман,
№32 мектеп оқушысы Азатова Ирада және Асанова Дильназ,
№22 мектеп жас маманы Воробьева Валентина Анатолийқызы
№2 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Игимбетов Бауыржан «Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының» жетекшісі З.Қалымбетованың Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.
1 мамыр Қазақстан халықтарының Бірлігі күні құтты болсын!