Салық заңнамасындағы өзгерістердің орын алатынын бұқара біліпте алды. Ағымдағы жылы тағы да заңға өзгеріс енген жайы бар. Бұл жолы пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілері үшін бөлшек салықтың арнаулы салық режимі енгізілді. Бұл 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыланыста болмақ.
Нақтылайтын болсақ, бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 3 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргізеді.
«Заңдағы өзгерістерге сәйкес, қосымша құн салығы шекті 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін төмендетілді. Сонымен қатар, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін талап қою мерзімін бес жылға дейін ұлғайту 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген.Сондай-ақ, электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беруге міндетті салық төлеушілердің тізбесі кеңейтілді»,-дейді түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Жанболат Әбілтайұлы.
Айта кету керек, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша құн салығы бойынша салық жеңілдіктері күшіне енді.
Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде өндірілген және өткізілетін тауарларды, жолаушыларды қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда автомобиль көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ трамвайларды өткізу бойынша айналымдарды ҚҚС-тан босату көзделген.
Салық кодексінің 411-бабына енгізілген толықтыруларға сәйкес, ҚҚС бойынша қосымша есепке жатқызу қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесі мынадай қызмет түрлерімен толықтырылды: мақта талшығын, мақта талшығын дайындау; ашытқы өндірісі; салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда шоколадты, қантты кондитерлік бұйымдарды, печенье мен ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік бұйымдарды өндіру; қант қызылшасынан қант өндіру. Енгізілген өзгерістер отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ