Бүгінде әлем жұртшылығын шошынды рып отырған мәселе – адам саудалау қылмысы болып отыр. Жан түршігерлік осы бір қауіпті қылмыс қаружарақ, есірткі саудасынан кейін үшінші орында тұрғаны мәлім. Бұл дегеніңіз азғындықтың шектен шығып, қоғамға аса қауіпті кесапаттың дендеп кеткенін көрсетеді.
Негізінде бұл қылмыс арзан жұмыс күшіне деген сұраныстан басталып, жыныстық қатынас, еңбекке күштеп жегілу, құлдыққа сатылумен айқындалады. Құлдық құрығына жастар ғана емес, орта жастағылар, тіпті егде адамдар да ілініп кетіп жатады. Бала ұрлау фактілері де орын алуда. Əсіресе, ғаламтордағы əлеуметтік желілер арқылы алдап-арбаудың түрлі айла-тəсілдері жүзеге асырылуда. Құқықтық білімнің таяздығы, сенгіштік, көнгіштік, əлеуметтік жағдайдың мүшкілдігі, психологиялық
тұрғыдағы əлжуаздық, отбасындағы қорлық – осының бəрі орға жығып, адам баласын өкініш пен азапқа душар етуі əбден мүмкін. Адам саудасының барлық түріне құрбандарды бас бостандығынан заңсыз айыру, зорлық-зомбылық пен қорқыту тəн. Орны толмас қайғы-қасірет əкелетін адам саудасы кез-келген елде кездесетін, айналымы миллиардтаған ақшаны құрайтын ұйымдасқан қауіпті қылмыс болып табылады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, əрбір адам сақтық шараларын естен шығармай, өзіне мықты болуы керек. Сонымен қатар, «адам саудасы» деп аталатын қылмыспен қоғам болып күресу, тосқауыл қою, қауіптің алдын-алуға бағытталған ісшараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Осы аптада Талғар қаласындағы медицина колледжінің студент жастарымен «Адам тауар емес!» деген тақырыпта кездесу жиыны болып өтті. Талғар аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция майоры Бауыржан Нұрметов, ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Жармаханов қатысты. «Родник» əлеуметтік-психологиялық оңалту жəне бейімдеу орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген маңызды іс-шараның тізгінін аталмыш орталықтың əлеуметтік бағдарламаларды үйлестіруші маманы Ғазиза Жайсанбаева ұстап, көтеріліп отырған мəселе бойынша мол мағлұмат, маңызды ақпараттарды баяндап берді. Тоғызыншы сыныпты бітіріп, колледждерде білімін жалғастырып жүрген жастардың көбі əлі кəмілеттік жасқа толмағандар. Жастыққа тəн албырттық, қызбалық, сенгіштік те сергек ойлап, дұрыс шешім қабылдауға кері əсерін тигізуі əбден мүмкін. «Сақтансаң- сақтаймын» демекші, жастар адам саудасы жайында, əрі одан сақтанудың жолдары мен құтылып шығу амалдарын білгені абзал. Іс-шара барысында студенттермен топтық жұмыстар жүргізіліп, ой-сананы серпілтіп, қажетті жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуге бейімдейтін психологиялық ойындар ойнатылды. Тақырып ауанын қамтитын арнайы видеоролик те жиналғандарға ерекше əсер етті. Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар алды. Дəл осындай жиын Талғар агробизнес жəне менеджмент колледжінде де болып өтті.
Райхан АЗИМОВА,
«Талғар».