Алматы облысында «бас бостандығынан айыру орнынан шыққан және босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту» жобасы нәтижесінде екі сотты болған азамат өздерінің жеке кәсіптерін ашты – деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Жоба, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесінің қолдауымен, «Талдықорған аймақтық жұмыспен қамту қоры» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен. Оның мақсаты, әлеуметтік идеяларды жүзеге асыру үшін 2-грант ұсыну арқылы сотталғандарды оңалтудан кейінгі кезеңге қолайлы жағдайлар жасау. Осы негізде «Екінші мүмкіндік» байқауы және «Өзіңіздің әлеуметтік бизнесіңізді бастау» оқу семинары өткізілген. Семинарға 25 адам қатысса, байқауда 8 азамат өз презентацияларын қазылар алдында қорғаған.
«Талдықорған аймақтық жұмыспен қамту қоры» ҚҚ директоры Светлана Садуакасованың айтуынша, игі және тың идеялар көп болған.
«Жаңылмайтын жақ болмайды,
Сүрінбейтін тұяқ болмайды» деген сөз бар. Әркімнің екінші мүмкіндік алуға құқығы бар. Бірақ, бұрын сотты болғандарға жаңадан жол ашу мүлдем маңызды. Осыған байланысты біз байқау жарияладық. Онда 8 азамат өз жобаларын қоғады. Жобаларының бырлығы жүйелі және әлеуметтік маңызды. Ең үздік шыққан екі азаматтқа грант берілді», -дейді ол.
Аталған байқауда, 2 млн. теңгелік грантты екі азамат, яғни Жумадилов Аманжол «Автошеберхана» және Охват Олег «Темір ұстасы» атты жобалармен ұтып алды. Сондай-ақ, жоба шеңберінде қатысушы Охват Олегке жеке кәсібін ашу үшін, төл құжатымен және басқада мәселелері жағынан көмек көрсетілген.
-Мен, 2017 жылы 175 баптың екінші тармағы байынша бас бостандығымнан 5 жылға айырылдым. Түрмедегі жақсы тәртібім үшін мерзімімнен бұрын шартты түрде 3 жыл 3 айда шықтым. Ол жерден оралғанан кейін өмірімді қалай жалғастырарымды білмедім. Тұрақты жұмысқа орналасу қиын болды. Әйткенмен, темір тор қабырғасында ұсталыққа үйренгенмін, бостандықта да сол үйренгеніммен нан таптым. Үйлендім, екі балам бар. Жақында осы жоба туралы естігенімде басында күдікпен қарадым. Сонда да байқауға қатыстып, 1 млн. теңге ұтып алдым. Бүгінде өзімнің ұстаханам бар»,- дейді Олег Охват.
Сонымен қатар, тұрғындарды жұмыспен қамту аясында Талдықорған қаласында 2018 жылы 3800 адамға жұмысқа орналасу үшін қосымша кепілдік беріледі, оның ішінде 145 бас бостандығынан айыру орнынан шыққан және босатылған адамдар.
Айта кету керек, аталған шара алдағы уақытта кең ауқымда жалғасады деп жоспарлануда.
Талғар-ақпарат