«FREELANCEB» болашақтың мамандықтары немесе Алматы облысынның жаңашылдыққа аяқ басуы

«FREELANCEB» болашақтың мамандықтары немесе Алматы облысынның жаңашылдыққа аяқ басуы

Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамыған заманында, дамыған  30 елдің қатарына кіреміз десек, елімізде ең алдымен IT саласын дамыту басты міндет болып отыр. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы дерлік сандық жүйеге бірнеше жылдар бұрын көшіп, өн­дірісте, ауыл шаруашылығында, қызмет көр­сету саласында  қолданылып жатыр, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай, президенттің халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданған болатын.

Бүгінде, осы бағдарлама бойынша Алматы облысында біршама жұмыстар атқарылып, цифравизация саласында жаңа бастауларға аяқ басқан.

Атап айтқанда, «Digital Media Zhetysu 2019» форумы шеңберінде, облыстың ішкі саясат басқармасы «FREELANCEB» болашақтың мамандықтары атты жобасын іске асырды.

Жоба мақсаты қазақстандағы алдыңғы қатарлы IT мамандардың көмегімен, жастарға ғаламтор жүйесінің қыр-сырын үйретіп, «жасанды интелектің» маңызын жеткізу болып табылады.

Осы шара аясында ағымдағы жылдың 9 қараша күні Талдықорған қаласында алғашқы кездесулердің бірі IOT жобасының менеджері Шакен Бисенкуловпен өтті. «Заттар интернеті» құрылымының соңғы жаңалықтары таныстырылған жиынға болашағын IT саласымен байланыстырған универсетет және колледж студеттері қатысты.  Менеджердің айтуынша заттар интернеті ақпарат жинауға және алмасуға мүмкіндік беретін электроникамен, арнайы бағдарламамен, сенсорлармен және интернетке шығу мүмкіндігімен жабдықталған физикалық объектілердің желісі.

« Елімізде IT саласы кейінгі кезде жақсы белес алуда.  Себебі, болашақ интернет желісімен тығыз байланысты. 2020 жылға қарай интернетке қосылған құрылғылар саны 26 миллиардтан аспақ
Осыған орай жастар соңғы технологияларды меңгеруге басты назар аударуы қажет»,- дейді ол.

Сондай-ақ, осы саланы облыста әрі қарай дамыту мақсатында «Сан Диего бағдарламалау әдістері» мектебі ашылмақ. Онда студеттер мен оқушылар бағдарламалаудың жан-жақты әдістерін үйнеді.

« 2018 жылдың 28 шілде де, біздің «Кcell» орталығында IOT департаменті ашылған болатын. Соңғы 4 айдың ішінде департаментте соңы технологияны меңгері мен заттар интернетін зерттеу аумағында нәтижелі жұмыстар жасалды. Алынған тәжіребиелерімізбен енді 3 ай мерзімде өткізілетін семинар барысында бөліспекпіз», -деді Ш.Бисенкулов.

Айта кету керек, алдағы уақытта «FREELANCEB» жобасы аясында IT мамандармен кездесулер жоспарланған.

Талғар-ақпарат