Жауапкершілік жүгі нығайды

Жауапкершілік жүгі нығайды

Президент биылғы Жолдауында қоғам алдына жаңа міндеттермен қатар  білім саласындағы цифрлық технологияға тоқталды. Ол,  ең алдымен, қазіргі уақыттағы қиындықтарды ескере отырып, экономиканы, ғылым-білімді дамыту, қоғамның бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге негіз бола алады. Осы ретте Мемлекет басшысы ғылым, білім және инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстырудың  маңызы жоғары екенін жеткізді.  «Жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беруге болады. Сонымен қатар Үкімет дарынды зерттеушілерді қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек», — деді Президент. Бұл —меніңше  құптарлық іс. Қазір біліммен бәсекеге түсетін  заман болғандықтан білікті, мықты мамандарды дайындап, нарыққа қоса білсек, әлеуеті жоғары елге айналарымыз сөзсіз.  Оның ішінде техникалық мамандықтарды меңгерген азаматтарға сұраныстың жоғары екені белгілі.  Президент кадр тапшылығын жою керектігін ашық айтты. Бұл ретте  еліміздегі жоғары оқу орындары да өз үлесін қосып, заманға сай білім беруде. Алайда елімізде әлі де болса маман тапшылығы сезіледі. Ал Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы өз шешімін табатынына сенімдімін. Жалпы, қай салада болсын, әр адам мемлекет, болашақ алдындағы жауапкершілікті сезінуі керек. Сонда ғана қоғам дамиды.

Айдос Ермекұлы,

«Атамекен» кәсіпкерлер  палатасының Талғар филиалының директоры