ҰСТАЗДЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР ЖОЛЫ

ҰСТАЗДЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР ЖОЛЫ

Алаш арыстарының бірі, көрнекті жазушы, қазақтың асыл азаматы Жүсіпбек Аймауытов бір еңбегінде ұс-таздар қауымы туралы: «Адамдық көзбен тереңнен тексерсе де, дəрігерден де мұғалімнің көп болғаны артық. Дəрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тəрбиеші-ұстаз адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтыра-ды», — деп өте бір құнды пікір айтқан екен. Сол айтқандай, білім – суы тəтті, ішсең мейіріңді қандыратын түп-сіз терең мұхит болса, бала тəрбиесінде жүрген ұстаздың еңбегі сол мұхит тереңінен асыл тас, маржан мон-шақтарын теретін теңізші іспетті. «Мұғалім – мектептің жүрегі» демекші, сондай ұстаздардың қатарына Т.Рысқұлов атындағы №9 қазақ орта мектебінің мұғалімі Айсұлу Сахметова есімді ардагер ұстазды жатқызуға əбден болатындай. 1953 жылы Талдықорған облысындағы, Ақсу ауданы, Кеңес Одағының батыры, 28 панфи-ловшылардың бірі, қазақ батыры Нұрсұлтан Есеболатов атындағы колхозда туып-өсіп, орта мектепті Алматы қаласындағы №12 орта мектепте тəмамдаған Айсұлудың жүрек қалауы мұғалім болу еді. Көп балалы жанұяда өскен Айсұлудың мінезі байсалды, жүрегі мейірімді, жандүниесі бай қыздың бірі болып қалыптасқан бола-тын. Орта мектепті бітірген соң жүрек қалауымен Семей қаласындағы Н.К.Крупская (қазіргі Шəкəрім атын-дағы университет) атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану факультетінің биология бөлімін
бітірген қыз еңбек жолын өзі туған ауылында бастады. Жалындап тұрған жас қыз мектептегі мұғалімдік жұмысын ұршықша үйіріп əкетті. «Ана көрген тон пішер» демекші, Айсұлудың анасы Күлсін жас кезінен
комсомол жетекшісі болып, қант өсіретін бригаданың бригадирі, қойма меңгерушісі, колхоз басқармасының
мүшесі болып, сол колхоздың экономикасы мен əлаухатын жақсартуға өзіндік үлесін қосқан жанның бірі-тұғын. Сол анасынан бойына сіңген еңбекқорлық тəрбиесі Айсұлуды абырой биігіне көтерді. Ауыл мектебінде он бес жыл бойы биология пəнінен сабақ берген Айсұлу Сахметова мектеп жанындағы 0,5 га болатын тəжі-рибе учаскесіне қияр, қызанақ, түрлі жеміс-жидек түрлерін мектеп бағында өсіріп, раушан гүлдерін будандас-тыру арқылы ақшыл, қызғылт, сары, күлгін түстерін шығарған алғыр биолог есебінде аты республикаға та-нылды. 1989 жылы дарынды мұғалімге Қырымдағы «Артек» пионер лагеріне жолдама берілді. Бұл сол кезде екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт еді.
Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз бір хадисінде: «Мұғалімнің қаламының сиясы шаһиттың қанынан да қым-бат», – деп өте терең пікір айтыпты. Ақсу ауданында жас ұрпақты тəрбиелеу ісінде жарқырай көрініп, кеуде-сіне «Үздік əдіскер мұғалім» төс белгісін таққан Айсұлу Сахметова бұл күндері №9 қазақ орта мектебінде
еңбек етуде. Тəжірибелі ұстаздың іс-тəжірибелері мен ғылыми ізденістері республикалық ғылымиəдістемелік
«Педагогика жəне оқушы психологиясы» журналында үнемі жарық көріп тұрады. Оның дайындаған оқушы-лары жыл сайын биология пəнінен жоғары сапа көрсетіп, мемлекеттік грант иелері атануда. Ізденгіш ұстаз М.Жанпейісованың «Модельдік оқыту технологиясы» жəне Н.В.Апатованың «Оқытудың компьютерлік тех-нологиясы» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, интегративті, зертханалық сабақтарын жоғарғы сапада өткізіп жүр. Ұлы жазушы Лев Толстой «Зиялы дегеніміз – өзінің осы дүниедегі орнын дұрыс тауып, соған адал қызмет етуші адам», — деп баға бергеніндей, жан дүниесі мөлдірдей таза, ішкі əлемі қазақ даласындай кең, бойына парасаттылық пен байсалды мінезді қалыптастыра білген өнегелі ұстаз Айсұлу Сахметова осындай жан.

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».