«BAQYT» КЛУБЫ БАҚЫТСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

«BAQYT» КЛУБЫ БАҚЫТСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

Жаңа отау құрған ерлі-зайыптылар некесін берік ұстап, аяғынан нық тұрып кетуі үшін жан-жақтан көп көмек күтетіні анық. Бұған əсіресе психолог тарапынан моральдық қолдау мен демеу ауадай қажет. Отбасылық өмір-дің алғашқы баспалдағында кездесер қиындықтарға шыдамай, күресуге енжарлық танытатын жастардың соңы ажырасуға арыз берумен шектеліп жатқанын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Алматы облысы жастар саясаты мəселелері басқармасының тапсырысымен құрылған «BAQYT» жас отбасы-ларды қолдау клубы аталған олқылықтың орнын толтыруды көздеп отыр. «Алматы облысының жастары
арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мен нығайтуда іс-шаралар кешенін жүзеге асыру» əлеу-меттік жобасы аясында жұмысын бастаған клуб тегін психологиялық кеңес береді. Отбасылық өмірге бірге қадам басқан жастарға неке құндылықтарын насихаттап, сондай-ақ, жас отбасыларды мемлекеттік əлеуметтік
бағдарламалармен ақпараттандырады. Ең негізгісі, жас отбасылардың мемлекетімізді гүлдендіріп, демогра-фиялық ахуалымызды жақсартуға үлес қосады деген сенімдерін арттырады.

– Тұрмысқа шығып, төрт баланың анасы атанып, 9 жылдық отбасылық тəжірибеден соң барып мамандығым
бойынша жұмысқа кірістім. Үйде отырғанда жас отбасылардың мəселелеріне жеке зерттеуімді жүргіздім.
Байқағаным, жас отбасы – күрделі əрі отбасылық институтының ең тұрақсыз кезеңі екен. Некеге тұрғаннан кейін, жас отбасында алғашқы тұрақтандыру процесі басталады жəне ол отбасылық өмірге бейімделумен сипатталады. Алғашқы 3-5 жылдық аралықта кездескен жайттарды (оның ішінде жолдасыңмен, енеңмен, қайын апа, сіңлілермен болатын кикілжіңдер, əлеуметтік-тұрмыстық қиындықтар) сүрінбей, сабырмен, шы-даммен жеңе білсең, қалғаны қорқынышты емес деп білемін. Клубқа психолог ретінде қабылданғандықтан, бар күш-жігерімді отбасының ажырасуына жол бермеуге, отбасы арасындағы тұлға аралық қарымқатынасты
түзетуге бағыттаймын,- дейді психолог Бибінұр Серікқызы.

Жуырда клубтың алғашқы отырысы өтіп, некеге тұруға өтініш берген сегіз жұп салтанатты жағдайда заңды
неке куəліктерін алды. Аудандық АХАТ қызметінің жетекшісі Нұрсұлу Тілеужанқызы мен аудандық жастар
ресурстық орталығының жетекшісі Замира Нұрланқызы, орталық маманы Жансая Қуатқызы, психолог Бибі-нұр Тұтқабаева аталмыш шараға қатысып, жас жұбайларға деген ақ тілектерін арнап, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Куəлікке ие болған жас отбасы Əсет Ниязбеков пен Хурзия Даденова өмірлеріндегі маңызды құжатты айтулы күні алғандарына бек қуанышты.
– Отбасы – шағын мемлекет. Сондықтан алғашқы күнненақ жауапкершілікпен қарап, бар ауыртпашылықты екі жас бірге көтеруі керек. Куəлігімізді «BAQYT» клубында алғанымызды жақсы ырымға балап отырмыз, – дейді жас отбасының отағасы Əсет мырза ризашылығын білдіріп.
Аудандық АХАТ қызметінің мəліметі бойынша жыл басынан осы уақытқа дейін 3710 нəресте дүниеге келіпті.
1229 жастың некесі қиылса, оның жартысына жуығы ажырасуға өтініш берген. Көп жағдайда дұрыс отбасы-ның ойрандалуына тағдырды кінəлаймыз. Негізінде басты гəп қарым-қатынасты дұрыс құрудан басталса керек. «Отан – отбасынан басталады» деген ұғымды əр жас жүрегімен ұғынып барып қадам жасаса, көп цифрлар оң нəтижеге өзгерер еді. Солай дейік, солай боларына сенейік.

Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА,
«Талғар».