Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Оқубілім іздеген пендеге періште қанатын жайып тұрады», – депті. 1956 жылы 5-сыныпты бітірген Самат Шақарұлы сонау Ресей Федерациясының Саратов облысындағы Фридрих Энгельс атындағы ауданның бір дерев-нясында қалың орыстың ортасында тұрып жатқан жерінен Қазақстанның Алматы облысы, Жамбыл ауданының, Қаракастек ауылында тұратын әпкесі Ақмаралдың
қолына келіп еді.
Қаршадай баланы туған жерінің топырағы тартып тұрған. Ал əкесі Шақар Сарипов өткен ғасырдың 1932- 33 жылдары Қазақстанды жайлаған ашаршылық кезінде Батыс Қазақстан өлкесінен Саратов жеріне бас сауғалап
барып, сол жерде тұрақтап қалған көп қазақтың бірі болатын. Жас кезінен елгезек, өмірдің қиындықтарын ерте көріп, пысып-шираған Самат кеспелтек денелі, ерік-жігері мығым, сабаққа алғыр бала болып қалып-тасқан жан еді. 1958 жылы 7-сыныпты бітірген Самат Талғар ауылшаруашылық техникумының агроном мамандығын даярлайтын бөліміне түсіп, студент атанады. Бұл кез жас бозбаланың жұлдызы жарқыраған
тұсы еді. Ұзын бойлы, шымыр денелі қара бала əйгілі бокс бапкері «Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтыру-шы», Станислав Балтабековтың бокс секциясына екі жыл барып, бокстың қыр-сырын жақсы меңгеріп алды. Бірақ оның көңілі баскетбол спортына ауа берді. Бірде оны баскетбол алаңында құйындай ұйытқып,
қарсыластарын шебер алдап өтіп, биіктегі темір шығыршыққа доп тастағанын көзі шалған баскетбол бапкері Шора Юмашев оны өзіне шақырды. Кейін Қазақстан əйелдер құрамасын жаттықтырып, Талғар жерінен əлем чемпионын шығарған Шора Қадырұлының арқасында Самат 2-3 жылда облыс құрама командасының белді
ойыншысы болып шыға келді. Техникумды бітірген 1962 жылы Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің сапына алынған Самат 3 жыл бойы сарбаздық міндетін адал атқарып, əскери міндетін өтеген кезде КПСС мүшесі қатарына қабылданған жас коммунистің бірі еді. Орыс жəне қазақ тілінде еркін сөйлейтін көпұлтты Талғар
жерінде Самат ерекше қабілетімен көзге түсті. Ауданда өтетін түрлі қоғамдық шараларда белсенділік танытып, техникум комсомолдарын жігерлі іске бастай білетін алғыр комсомол жетекшісін Талғар аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Тимофей Михайлұлы Курганьский жұмысқа шақырып, ол 1966 жылы ЛКСМ Талғар аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. Өткен ғасырдың 70 жыл-дары кемелденген социолизмнің дəуірлеп тұрған шағы-тұғын. Бесжылдық сайын ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде ерекше көзге түсіп, Мəскеу, Ленинград, Сібір қалаларына ауылшаруашылық өнімдерін жіберіп тұратын Талғар ауданының Д.Қонаев, Мичурин, Калинин, Панфилов совхоздарының даңқы сол
кезде шарықтап тұрды. Сол тұста Еңбек ері белгісін кеудесіне жарқырата таққан шаруашылық басшылары Əбдіғұлов, Томоровский, Бердіғұлов сияқты басшылар басқаратын совхоздың жастарын коммунистік рухта тəрбиелеуде аудандық комсомол комитетінің рөлі зор еді. Жігерлі комсомол басшысы Самат Сарипов 1970 жылы бесжылдықты биік көрсеткішпен қорытындылаған Талғар ауданының озат жұмысшы жастарын
Польша Республикасына туристік сапармен бастап барып, Алматыдан бірге аттанған «Дос-Мұқасан», «Ай-гүл» əн-би ансамбілдерімен бірге Талғар өнерпаз жастары да өнер көрсетіп қайтты. Сол жылы Самат Сарипов қоғам өміріндегі белсенді жетекшілік еңбегі үшін «В.И.Лениннің 100 жылдығы» мерекелік медалімен мара-патталды. «Жастық шағың – жарқын жаздың бейнесі, құтты жаздың ала алсаң жоқ, бермесі»,- деп жазушы С.Мұқанов айтқандай, қандай жұмысты қолға алмасын тиянақты атқаратын жас жігітті Талғар аудандық
партия комитеті 1972-76 жылдары Талғар қаласындағы зағиптар қоғамына директор етіп жіберді. Ал Самат Сарипов 1976-78 жылдары аудандық партия комитетіндегі ауылшаруашылық бөліміне нұсқаушы болып барды. Жалынды коммунист 1978-85 жылдары іргелі шаруашылық Д.Қонаев колхозына партия ұйымының
хатшысы етіп жіберілді. 1986 жылы Т.Рысқұлов атындағы колхозға басшы етіп жіберілгенде Самат Шақарұлы 50 жастың белесіне көтерілген байсалды азамат еді. Мал бордақылаумен айналысатын бұл колхозда 1600-ден астам сиыр болатын. Басқа шаруашылықтан екі айлық бұзауды сатып алып, оны он сегіз айдан кейін бор-дақылап қайта сататын бұл ұжым шаруасы шалқыған колхоз болатын. Міне, партия қайда жұмсаса да адал көңілімен қызмет етіп, халық сүйіспеншілігіне бөлене білген Самат Сарипов 2009 жылы зейнет демалысына шықты. Кеудесіне «Ұлы Жеңістің 20 жылдығы», «Қазақстан Тəуелсіздігіне – 20 жыл», «Қазақстан Тəуел-сіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалін таққан Самат Сарипов бұл күндері Талғар қалалық Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлері кеңесіне төрағалық етеді. Қарттықтың ауылына дендеп еніп, күш-қуаты азайса да қоғамдық жұмыстың бел ортасында жүруді мақсат ететін Самат Сарипов осындай ел ағаларының бірі.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».