«Адал жол» марафоны адалдыққа үндеді

«Адал жол» марафоны адалдыққа үндеді

Елбасының жарқын болашаққа бағыттаған ұлт жоспарының «100 нақты қадамының» 13 қадамында
«Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге жаңа заңнамалар əзірлей отырып, мемлекеттік қызмет істері жəне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу жəне сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арайы бөлім құру» басты назарға алынған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бой-ынша департаментінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылы облысымыздың барлық аудан, қалаларын-дарында парасыз болашаққа апаратын көптеген шаралар бастау алған еді. Соның бірі – «Адал жол» жем-қорлыққа қарсы күрес марафоны.

Осы аптаның сəрсенбісінде аудан əкімдігінің алдындағы алаңда «Парасыз болашаққа, Бірге!» атты сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мобильді топтың форумы өтті. Форумның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы про-филактика жұмыстарын күшейту, жас ұрпақ пен барша қоғамды осы дерттен аулақ жүруге шақыру болатын. Игі шараны «Супер данс» би тобының өнерлі қыздары мың бұралған билерімен ашып, айбынды Əнұранымыз
шарықтай шырқалды. Эстафета қабылдауға Еңбекшіқазақ ауданынан арнайы келген делегация ортаға ша-қырылған соң, алғашқы сөз кезегін аудан əкімінің орынбасары Дəрменияр Қыдырбек-ұлы алып, жемқор-лықты жеңу үшін Елбасымыз белгілеп берген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына тоқталып, марафон
аясында ауданымызда өткен іс-шаралар легін тілге тиек етті. Алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту əрқайсымыздың азаматтық борышымыз
екенін де жеткізді. Бүгінгі қоғам дертінің алдын алып, парақорлыққа төзбеушілік принциптерін қалып-тастыруға бағытталған шараның эстафетасын Еңбекшіқазақ ауданы əкімінің бірінші орынбасары Нұржан
Құдайбергеновке табыстады. Өз кезегінде Нұржан Кеңесұлы қоғамды жайлаған жемқорлықтың алдын алу мақсатында еңбекшіқазақтықтар да тынымсыз еңбек етіп жатқанын алға тартып, жиылған қауымды бұл дерт-пен бірлесе күресіп, жемқорлықсыз болашақ құруға шақырды. Игілікті шараны аудандық Мəдениет үйінің əншілері əсем əндерімен жалғады. Сазгер Мұратбек Сарбасов «Жасасын қазақ елі» əнін, дəстүрлі əнші Ерлан Стамғазиев «Молдабай» əнін, жас əнші Гүлзира Қуандыққызы «Елге сəлем» əнін тамылжыта шырқаса, Манай
Натхан «Көк тудың желбірегені» əнімен салтанатты шараны аяқтады.

Перизат АУҒАНБАЙҚЫЗЫ,
«Талғар».