Оқытудың заманауи дамуының кезеңдері теория мен тəжірибеде үздіксіз жаңашылдықты іздеуден тұрады. Бұл процесс кейбір келеңсіздіктерге келіп тіреледі, олардың ең маңыздысы – дəстүрлі əдістер мен оқыту формаларының жəне оқыту жүйесі дамуының жаңа тенденцияларына тəрбиелеуіне, нəтижесінде объективті жаңашыл үрдістерді туғызған қазіргі қоғам дамуының əлеуметтік-экономикалық шарттарына сəйкес келмеуі. Танымдық қызығушылық, оқушылардың белсенділігі оқу үрдісінің тиімділігі мен нəтижелілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады, себебі бұл оқудың мазмұнын білу үшін өз бетімен іздену мен шығармашылық қарауды дамытудың түрткісі бола алады. Қазіргі кезде оқытушының сыншыл əрі шығармашылық жолмен ұғу жəне ғылымдағы жетістіктерімен жəне алдыңғы педагогикалық тəжірибесін қолдану арқылы өз қызметінің мазмұнын жетілдіру қажеттілігі артты.
Информатика сабағы жеке тұлғаны қалыптастыру жəне дамытуға үлес қосады, əсіресе пəнді оқу барысында логикалық жəне алгоритмдік ойлау қабілетін арттыруға негізгі көңіл бөлінеді.
Оқытудың алдына қойылған тапсырмаларының себептерін келтіру құрастырылған жəне дəйекті түрдегі ақпараттық орталарды қолдану оқыту мазмұнын түбегейлі өзгертуді тудырады. Біртұтас ақпараттық-танымдық орта оқушыны жүктеуді төмендетумен қатар болашақ қажеттіліктерге бағытталған мазмұнды өзгерістерді мүмкін əрі қажетті етеді. Бұл үрдісті оқу, басқару жəне жобалау негізгі тапсырмалардың бірі болып табылады.
1. Белсенді оқыту технологиялары (топ тық жұмыс формасы)
Сабақ кезіндегі топтық қызмет топтағы рөлдердің таратылуына мүмкіндік береді, бұл əр оқушының ортақ шешімді қабылдауға, талқылауға қатысу арқылы өзін-өзі көрсетуіне жол ашады, пəн бойынша білім деңгейлерін айқындауға, жеке жұмыс жасау қабілетін арттыруға жəне алдыңғы қатарлы көшбасшыны анықтау жүзеге асырылады. Сонымен қатар, топпен жұмыс жасау оқушының қорқынышын төмендетуге, өз көзқарасын дəлелдей алуына көмектеседі.
2. Сұхбаттық технология
Жалпы білім берудің негізгі мақсатының бірі – білім алушылардың оқу үрдісіне араласуына негізделген коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыру, ал негізгі нəтижесі – төзімділіктерін арттыру, жасаған жұмыстарына жауапкершілікпен қарау, əлеуметтік жəне жеке маңызы бар проблемаларды оңтайлы шешу қабілетін арттыру. Мұндай жұмыстың қорытындысы: оқушылардың баяндамаларымен, рефе раттарымен, презентацияларымен конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысуы.
3. Əр түрлі деңгейлі оқыту технологиясы
Барлық оқушыларды бірдей жоғарғы деңгейде оқыту мүмкін емес екені бəріне мəлім. Себебі көп оқушыларға бұл жете алмайтын шың болып есептелуі мүмкін. Нəтижесінде бұл балалардың оқу үрдісіне қарама-қайшы қатынасы артады. Бұл жағдайда көмекке əр түрлі деңгейлі оқыту технологиясы келеді.
Деңгейлік оқыту оқытылатын ақпарат көлемінің азайтылуына байланысты жүзеге асырылмайды, оқушылардың ақпаратты ұғынудың əр түрлі талаптарына бағыттаумен қамтамасыз етіледі. Əр түрлі деңгейлі оқыту технологиясының мақсаты: əр оқушының ойлау қабілетінің ерекшеліктерінің негізінде субъективті тəжірибесінің аймағында оқу материалдарын оқытумен қамтамасыз ету.
Жанар Садыкова, М.Бейсебаев атындағы
Талғар агробизнес жəне менеджмент колледжінің арнайы пəн оқытушысы