Елбасының жыл сайынғы Жолдауы қазақстандықтарды елең еткізеді. Онда жаңа ғасырда өмір сүру үшін өзгере білу, жаңа дəуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру керектігі, оған көнбегендердің көш соңында қалатындығы айтылған. Елбасының көзқарасы шындығында бұқаралық сананы өзгертуге ықпал ететіні сөзсіз. Жолдаулар ұлттық сана мен оның мəселелерін жəне таяу жылдардағы еліміздің алдындағы міндеттерді айқындап береді. Бəсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы сияқты мəселелерді күн тəртібіне қойып, оның нақты мəні мен мағынасына үңіле отырып талдау жасайды. «Мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси жəне экономикалық жаңғыруды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деп атап көрсетті Елбасы. Рухани жаңғырудың негізгі сипаты – өткен мен болашақты үйлестіре отырып жүзеге асыру.
Бəсекеге қабілеттілікті арттыруға тікелей ықпал ететін бағдарламалар бүгінгі таңда елімізде кеңінен жұмыс жасауда.
Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұратын сақтай отырып, болашақтан өз орнын айқындау. Онда прагматизмнің орны мен рөлі өте жоғары. Прагматизм қазіргі жастар үшін аса қажет.
Рухани жаңғыру дегеніміз – ұлттық салт-сана, əдет-ғұрып, мəдени дəстүрлерді берік сақтай отырып, оны жаңа заман жетістіктерімен, жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту деп түсіну керек. Жаңа тұрпаттағы жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтау екені мақалада анық атап көрсетілген.
Елімізде ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, үшінші жаңғыруды жүзеге асыратын ұлттық идеологияның басты қағидасы осы бір тарихи құжаттарда көрсетілген. Елбасы жастардың санасында туған жер мен туған елге деген ерекше сезімді, ілтипатты оятып, оны дəріптеу арқылы ел бірлігін сақтаудың жаңа заңдылығын ұсынды.
ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы айтқанда, Ұлы дала елінің рухани қайта түлеп, жаңғыруына төмендегідей тарихи факторлар əсер ететінін ескергеніміз абзал.
М.Тумабаев, ТАжМК жоғары санаттағы
тарих жəне құқықтық пəндер оқытушысы