Еліміз тəуелсіздігін алып, əлемдік өркениеттегі өз орнын анықтауға бет алғанына да 27 жыл болды. Осы əлемдегі біздің алатын орнымыз қандай, ертең қандай болмақ деген мəселеге тоқтар болсақ олда ұлттың ертеңі оның бүгінгі ұрпағының тəрбиесіне, біліміне, тыныштығына, ұлт алдындағы жауапкершілігін сезінуіне тікелей байланысты екені анық.
Ұрпақ тəрбиесіндегі діни тəрбиенің орны зор. Өйткені діни сауатсыздық жəне дінсіздік адамзатты құрдымға алып барады. Сол мəселелерді болдырмау үшін өскелең ұрпақты дұрыс арнаға бұру керек. Онымен қоса атабабаларымыздың бізге қалдырып кеткен құндылықтарды бойларына сіңіру аға буын өкілдеріне басты міндет. Дін мен дəстүрдің үйлесімді бірлігін берік қалыптастыра білген ұлттың ғана ғұмыры ұзақ болды. Өткеннен өнеге алу – ұрпақтар сабақтастығының кепілі.
Дін тақырыбы қоғамымызда күрделі мəселелердің біріне айналып отыр. Дін арқылы елді біріктіруге де, бұзуға да болады. Қазіргі таңда біріктіруден гөрі бұзу жағы көп көрініс тауып жатқан сияқты. Осыған орай діни экстремизм, діни терроризм деген атаулар жиі аталуда. Жалпы «дін» сөзінен кейін экстремизм, терроризм деген тіркестер қосу ақылға сиымсыз нəрселер. Өйткені дін – адамға адам болуды, ұлттарға бірлік пен тұтастықта өмір сүруді үйретеді, жауапкершілік түсінігін, құлшылық білімін жəне мінез құлықты қалыптастырады. Дін – отбасы, мемлекет жəне қоғам құрылымын мықты негіздермен қамтамасыз етеді. Дін – жеке адам мен қоғам үшін қажет.
Ислам тəрбиесі дегенде ұлттық тəрбие екеуі бір дүние десек болады, ол қазіргі таңда біздің қоғамымыз үшін аса қажет. Өйткені ата-бабаларымыз дін мен дəстүрді қатар алып жүрген. Сол дəстүрді жаңғыртуымыз жаңа жаңарған заманның талаптарына қалтқысыз жауап беретін əлеует-қуаты күшті тетікке айналдыра білуіміз керек. Өкінішке орай кейбір (батыстық немесе өзге) «құндылықтар» дінімізден, ұлттық тəрбиемізден, дəстүрімізден жоғары болып тұр. Онымен қоса ақпараттық технологиялары дамып тұрған тұста ғаламтор қол жетімді дүние болып тұрған кезде, ұлттық ұстанымдарымызға, дінімізге пайдадан гөрі зиян жағы тиіп кететін сияқты. Олай дейтініміз біз өз балаларымызды тəрбиелемесек ғаламтор сол функцияны атқаруы мүмкін. Бұл жерде ғаламтордың немесе əлеуметтік желілердің пайдасынан зиянын көп көрмейтынымызге, жаһандық үдерістердің ағысымен кетпейтінімізге жəне ұлттық құндылықтарымыздан айырылып қалмайтынымызға ешкім кепілдік бере алмайды.
Қазіргі таңда біздің қоғамда əлеуметтік топтардың ішінде ең əлсіз буын – ол жастар. Олар сенгіш, еліктегіш, сезімге тез берілгіш. Сондықтан болар дін атын жамылған немесе дəстүрлі емес ағымдардың жетегінде кетуі орын алып жатады. Ал мемлекеттің болашағы жастар, жастарсыз мемлекеттің болашағын елестету қиын. Жалпы, ислам тəрбиесі арқылы қоғамдағы келеңсіз жағдайлардан арылуға болады. Оны тал бесіктен бастау керек. Ал оны отбасында қалыптастырған жөн. Ұлттық идеология да отбасыдан басталады. Қарапайым адамдардың өз қарым-қатынастарында да оны қолдану аса қажет. Мəселен, ислам дініндегі сəлемдесудің өзі үлкен тəрбие.
Пайғамбарымыз (с.а.с) ол туралы өз хадистерінде былай деген: «Сендер толық иман келтірмейінше – жəннатқа кіре алмайсындар. Ал өзара сүйіспеншілікте болмайынша – толық иманға келмейсіңдер. Өзара сүйіспеншіліктеріңді арттыруға септігі тиетін нəрсені айтайын ба? Өзара сəлемдесіңдер, араларыңда сəлем жайыңдар. «Көлікте отырған адам жаяуға, жаяу адам отырғанға, аз адамдар – көпшілікке, жасы кіші-жасы үлкенге сəлем берсін». «Сəлем» – Аллаһ Тағаланың көркем есімдерінің бірі. Сəлем беру – сүннет болса, алу – парыз. Қарапайым қоғамда отбасы – бірден-бір шынайы ақиқат жұмыс істейтін институт. Ата-ана, ерлі-зайыпты жəне балалардан тұратын ең кішкене адамдар тобы «отбасы» деп аталады. Балалардың алғашқы дамуы, қалыптасуы, əлеуметтік қарым-қатынасы, байланыстары, іс-қимылдары мен мінезқұлық нормаларын меңгеруі отбасынан басталады. Отбасы баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа, жігерлі қайратты болуға тəрбиелейді.
Кішкентайлар отбасыда үлкендердің ісəрекеттерін қайталайды, осылайша үнемі көріп жүрген əрекеттер рухында жақсылап орнығады да, əдетке айналады. Осылайша баланың адамгершілік табиғаты мен тұлғасы қатыптасады.
Демек, отбасы ұлт өкілін жөргегінен жасытпай, ұлттық құндылықтардан қағажу қалдырмай, этикалық əдеп, əдет, мінезқұлықтардың ұлтқа тəн бірегей тəмсілі мен таусылмас қайнар бұлағы діни-рухани тамырларына жалғасқан қасиетті, киелі мекен.
Абай атамыз: «Адамның бір қызығы бала деген» демекші отбасының көркі мен бақыты, шаттығының көзі болып табылатын бала – атаанаға Аллаһ Тағаланың берген аманаты. Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Балалардың ақ жəне таза жүректері бір гаухар. Таза бір топырақ сияқты. Таза топыраққа не ексең соны аласың. «Əр бала Исламды қабылдайтын табиғатпен (жаратылыс) туады» дейді пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с).
Балалар – адам өмірінің қуанышы, олар өмірді мағыналы етеді əрі солардың арқасында адам игілік пен жақсылыққа кенеледі. Алайда бала бақыт көзіне айналу үшін оларды дұрыс тəрбиелеп, үлгілі азамат етіп калыптастыру қажет болады. Егер адамның балалары жақсы болса ол жер бетіндегі ең бақытты адам бола алады.
Ата-бабаларымыз Ислам дінінің сүнниттік жолымен өмір сүрген халық. Бұл жөнінде Қазақстан республикасының президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Əбу Ханифа мазһабын ұстанған сунниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дəстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та əлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дəстүрін ардақтағаны жөн» деп атап өтті.
Дəстүрсіз ел, халық, ұлт өмір сүре алмайды. Бұл – мойындалған дүние, яғни дəстүріне берік болған адам, дініне де адал болады.
Берікгүл Сейітова
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы