ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан əкімдігінің кіші мəжіліс залында аудандық мəслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мəслихаттың депутаты Дархан Абдихамитов төрағалық етіп, оған аудан əкімі Рыскелді Сəтбаев бастап аудан əкімінің орынбасарлары, ауыл əкімдері, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы мен бірқатар бөлім басшылары қатысып отырды. Күн тəртібінде бірнеше өзекті мəселелер қаралды. Сессия жұмысының регламенті бекітілген соң, күн тəртібіне қойылған бірінші мəселе «Талғар ауданының 2017 жылға арналған бюджетінің атқарылуы бойынша есебін бекіту туралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Жасыбаева баяндама жасады. Өз баяндамасында ол ауданымыздың өткен жылдағы кірісі мен шығысын, аудан бюджетінің орындалу барысын егжейтегжейлі баяндап берді. Содан кейін сөз алған Алматы облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Қайрат Исаев тексеру қорытындысын жария етсе, депутат, аудандық мəслихаттың «Əлеуметтiк-экономикалық даму, тарифтік саясат, шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту жəне бюджет» жөнiндегi тұрақты комиссияның төрағасы Мұхит Дүйсебаев та бөлім басшысының есебіне оң бағасын беріп, есепті бекіту туралы ұсынысын білдірді. Күн тəртібіне қойылған «Талғар аудандық мəслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы «Талғар ауданының 20182020 жылдарға арналған бюджеті туралы» №22-113 шешіміне өзгерістер енгізу» мəселесі бойынша сөз аудандық экономика жəне бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Айман Кисибаеваға берілді. Аудан бюджетіне енгізілуі тиіс өзгерістер туралы шешім жобасы депутаттарға таратылып берілгендіктен олар бірауыздан қолдады. Келесі кезекте күн тəртібіндегі үшінші мəселе «Аудан аумағындағы кəсіпкерлікті дамыту мен қолдау аясында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы» аудан əкімінің орынбасары Чингизхан Мамановтың есебін тыңдады. Аудан əкімінің орынбасары кəсіпкерлікті дамыту саласындағы өткен жылы жеткен жетістіктерді тілге тиек етті. Бұл орайда, сөз алған аудандық мəслихат депутаты Светлана Алмабекова кəсіпкерлерді қолдауға қатысты өз ұсынысын ортаға салып, аудан əкімі орынбасарының есебін назарға алуды ұсынды. Сессияда қаралған төртінші мəселе «Талғар ауданының əлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің жəне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту бойынша» депутаттар аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жаден Байсбаевтың есебіне кезек берді. Баяндамашыны мұқият тыңдап болған соң аталмыш қағиданы бекітуді бірауыздан қолдады. «Талғар ауданы ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі басшысының аудандық жергілікті полиция қызметінің 2017 жылы мен 2018 жылдың бірінші тоқсаны бойынша атқарған жұмыстары туралы» күн тəртібіндегі бесінші мəселе бойынша аудандық ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің басшысы Мақсат Карибаевтың есебіне кезек берілді. Баяндама аяқталған соң аудандық мəслихаттың депутаты Серік Құрақпаев жергілікті тəртіпті орнатуға байланысты өзінің ұсынысын білдіріп, есебіне қанағаттанарлық бағасын берді. Одан кейін халық қалаулылары алдында Панфилов ауылдық округінің əкімі Нұрғали Аппазов «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18-қаңтардағы № 19 Жарлығына сəйкес аудандық мəслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген міндеттері мен іс-жоспарлары туралы» есебін беріп, ауылдық округтің тыныс-тіршілігі туралы баяндады. Ауыл əкімін мұқият тыңдаған соң сөзді депутат Сұлтан Нұрдаулетов алып өз ұсынысын ортаға салып, ауыл əкіміне ескертулерін айтты. Күн тəртібіндегі жетінші мəселе «Талғар аудандық мəслихатының 2017 жылғы 03 қарашадағы «Талғар ауданы əкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» № 19-104 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» түсініктеме беру үшін сөз аудан əкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімшесінің басшысы Асқат Досжановқа берілді. Аталмыш шешімге өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, комиссия құрамы жаңа редакцияда бекітілді. Сессия соңында келесі кезекті сессияның төрағасы сайланды. Мəслихаттың келесі сессиясына № 17 сайлау округінің депутаты Бағжан Құдабаев төраға болып сайланды. Бұл күнгі сессия барысында күн тəртібіне қойылған мəселелер бойынша депутаттар өз ойларын ортаға салып, баяндамашыларға сұрақ-сауалдарын қойып, ұсыныстілектерін білдірді. Əсіресе, аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің жұмысына сын айтылып, жұмысты жандандыру үшін ұсыныстар да ортаға салынды. Сессияны қорытындылаған аудан əкімі Рыскелді Ахметқалиұлы халық қалаулылары алдында есеп берген бөлім басшыларының жұмысына қатысты өз ойын білдіріп, ауданымыздың экономикасын дамытып, халықтың əл-ауқатын арттыру үшін алдағы күндері бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Перизат НҰРҚАЕВА

Талғар-ақпарат