Дін – мемлекеттік саясаттағы, сондай-ақ қазақстандықтардың рухани өмірі мен мəдениетіндегі аса маңызды факторлардың бірі.
Еліміздің тəуелсіздік тарихындағы алғашқы кезеңдер ел экономикасын өркендетуге жұмсалса, бүгінгі таңдағы жұмыстар негізінен саяси құндылықтарды барынша дамытуға бағытталуда.
Заманауи мағынадағы зайырлылық қағидасы Еуропада пайда болған. Дегенмен, бүгінгі дамыған мемлекеттерде зайырлылықтың жүзеге асырылуы деңгейі əртүрлі. Жалпы айтқанда, зайырлылық мемлекет билігін діни тап өкілдеріне бермеу дегенді білдіреді, яғни, зайырлылық дегеніміз «дінсіздік» немесе «дінді жек көрушілік» емес.
Жалпы зайырлылық тарихына қысқаша тоқтала кететін болсақ, зайырлылықтың отаны Франция болып саналады. Дегенмен діннің мемлекеттен бөлінуі Ежелгі Антикада байқалған. Жалпы батыста зайырлылық ұғымы екі бағытта дамыды:
1. Француздық жəне американдық бағыт.
2. Солтүстік Герман жəне Англо-саксондық бағыт.
Зайырлылық – көне Еуропада бір мағына беретін термин болғанымен, латын тарихының жалғасы болып табылатын елдерде (Жерорта теңізі жағалауындағы Рим империясы территориясында пайда болған елдер Италия, Франция т.б.) «зайырлылық» деп аталса, ал протестанттық мəдениетін сіңірген Герман, Англо-саксондық елдерде (Германия, Ұлыбритания, АҚШ т.б.) «секуляризм» ретінде қабылдаған.
«Зайырлылық» деген сөздің мағынасы – «дін мемлекеттен бөлек» дегенді білдіреді.
Зайырлылық – ар-ождан бостандығы жəне төзімділік сынды ұғымдармен тығыз байланысты.
Зайырлылық ұғымы мемлекеттің дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екендігін танытады. Жалпы «зайырлылық» ұғымына анықтама берген француз философы жəне филологы, позитивизмнің өкілі Огюст Конттың шəкірті Эмиль Литтре. Ол: «Барлық культтерге бейтарап қарайтын, діни басшылықтан тəуелсіз жəне кез келген теологиялық тұжырымдамадан азат болып табылатын мемлекеттің белгісі» деп тұжырымдады.
Жалпы, қазіргі уақытта дүние жүзіндегі зайырлылық үлгілерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады. Біріншісі – «қатаң» болып саналатын, дінді қоғамдық өмір саласынан тысқары ұстауға тырысатын «франциялық» зайырлылық үлгісі болса, екінішісі – «жұмсақ» болып саналатын, əрбір азаматқа ұстанатын діни-наным сенімдеріне сəйкес, жеке жəне қоғамдық өмір салаларында өмір сүруіне жағдай жасайтын жəне діндердің қоғамдық өмір саласына араласуына тосқауыл қоймайтын «англо-саксондық» үлгісі.
Жаһандық деңгейде болып жатқан үрдістерді, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы соңғы жетістіктерді жəне еліміздің ішкі əрі сыртқы саясаттағы ұстанымдарын назарға ала отырып, Қазақстан үшін зайырлылықтың «жұмсақ» үлгісі ең дұрыс таңдау болатыны анық.
Жалпы əлемдік қауымдастықта зайырлылықтың үш түрлі үлгісі қалыптасқан:
▪ Зайырлылықтың бірінші үлгісі – секуляристік (атеистік) үлгі. Оның көрнекі мысалы халқымыз бастан өткерген кеңестік режимді орнықтырған КСРО болып табылады. ҚХР да бүгінге дейін осы үлгіні пайдалануда.
▪ Зайырлылықтың екінші үлгісі – сепаратистік үлгі. Бұл үлгі діни қауымдастықтардың мемлекеттен бөлінгенін жəне заңнамада қандай да бір діннің немесе конфессияның ерекше құқыққа ие болмайтынын негізге алады.
▪ Зайырлылықтың үшінші үлгісі – таңдамалы негіздегі үлгі. Бұл үлгі қоғам үшін ерекше құнды болып табылатын, конституциялық деңгейде анықталатын діни басымдықтарды басты тірек етеді.
Жоғарыда айтылып кеткендей зайырлылықтың бірінші үлгісі – секуляристік (атеистік) үлгі. Қазақстан КСРО кезеңінде зайырлылықтың секуляристік үлгісін бастан кешірді. Қазақстан қазіргі таңда зайырлылықтың сепаратистік үлгісін ұстанады. Бұл үлгі діни қауымдастықтардың мемлекеттен бөлінгенін жəне заңнамада қандай да бір діннің немесе конфессияның ерекше құқыққа ие болмайтынын негізге алады.
Ал таңдамалы үлгі бойынша мемлекет құрушы жəне мəдениет құрушы дін, дəстүрлі немесе тарихи дін, басым көпшілік ұстанатын дін секілді бірнеше ерекше мəртебелерді анықтау арқылы таңдау жасалады. Ерекше мəртебеге ие діндер қосымша ерекше құқықтарды иеленеді жəне ең алдымен азаматтық қоғамның барлық салаларында – білім, мəдениет, денсаулық сақтау, əлеуметтік қорғау, қарулы күштер, бұқаралық ақпарат құралдары салаларында кез келген діни қызметті жүзеге асыру құқығын иеленеді. Батыс Еуропаның көптеген елдері осы таңдамалы үлгі негізіндегі заңнаманы қолданады. Зайырлылықтың сепаратистік үлгісі АҚШ, Нидерланды секілді жекелеген елдерде ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттің зайырлылығын көрсететін мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарымқатынастарды реттеудің бірнеше формалары қалыптасқан немесе мемлекеттің діни қатынастарды бірізділікке түсірудің бірыңғай бағдарламасы қамтамасыз етілген жəне табысты түрде іске асырылуда.
Дəрменияр ҚЫДЫРБЕК-ұлы
Аудан əкімінің орынбасары