ЖАТАҚХАНА ЖАСТАРЫ ҮНДЕУГЕ ҮН ҚОСТЫ

ЖАТАҚХАНА ЖАСТАРЫ ҮНДЕУГЕ ҮН ҚОСТЫ

Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Талғар медициналық колледжінің жатақханасында жастармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі З.Қалымбетова 5-наурызда жарияланған «Президенттің бес əлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің үшінші бастамасы бойынша, яғни: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» мəселесін жанжақты талқылап, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, колледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелері (КДМ), жатақхана президенті, колледж студентті Л.Бахытова да ойын ортаға салып, үшінші бастама бойынша ұсыныс-тілектерін жеткізді. Кездесу соңында жастарда пікірлерін білдіріп, жаңа əлеуметтік бастамалар қоғамымыздың əлеуметтік бірлігін нығайтуға жəне əрбір қазақстандықтың əл-ауқатын ары қарай жақсарта түсуге бағытталғанына қуанышты екендіктерін жеткізді.

Олжас Батырханов

Аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі