АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫ АУҚЫМДЫ

АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫ АУҚЫМДЫ

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Талғар ауданы аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі өзінің құзіреті шеңберінде асыл тұқымды мал шаруашылығына, мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктердің орындалуына өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині саласында бақылау-қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады. Адам баласының тіршілігінде ауыл шаруашылығы мен диханшылық саласы басты рөл атқаратындығы белгілі. Өйткені жеген асымыздың экологиялық-санитарлық талаптарға сай болуы денсаулық кепілі болмақ. Міне, осы тұрғыдан алып қарар болсақ, аталмыш мекеменің құзырына кіретін аудан аумағындағы азық-түлік, мал шаруашылығы саласындағы бақылауды күшейту, қауіпсіздігін қадағалау, сапасын арттыру, сонымен қатар карантинмен өсімдіктерді қорғау қызметтерін жүзеге асыру – мекеме мамандарынан үлкен жауапкершілік пен біліктілікті талап етеді. Олай болса, аталмыш сала мамандарының ауқымды да маңызды жұмысының жай-күйін білу ниетімен Талғар ауданы аумақтық инспекциясы басшысы ИЗИЕВ Серік Заукенұлын әңгімеге тартқан едік.

– Серік Заукенұлы, жалпы ауыл шаруашылығы саласы қоғамымыздың басты тетігі десек, артық болмас. Əңгімеңізді өзіңіз басқарып отырған мекеменің қызмет ауаны мен міндеттерінен бастасаңыз.

– Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркəсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесіне сəйкес жүргізеді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыреті шегінде агроөнеркəсіптік кешен саласындағы реттеушілік, іске асыру жəне бақылауқадағалау функцияларын, өсімдіктерді қорғау жəне олардың карантині, астық нарығын реттеу, асыл тұқымды мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы бөлігінде жүзеге асыратын, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жəне олардың карантині саласында стратегиялық функцияларды орындауға қатысады. ҚР инспекцияның негізгі мақсаты: реттелетін салада мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік аграрлық жəне өңірлік саясаттың реттелетін саладағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік жəне өзге де бағдарламалар мен жобаларды іске асырады. Жеке жəне заңды тұлға өкілдеріне инспекция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы тегін. Инспекцияда үш бөлім бар, атап айтсақ, өсімдіктерді қорғау, өсімдік карантині жəне асыл тұқымды мал шаруашылығы бағытында жұмыс жасайды, онда үш маман белгіленген міндеттер аясында қызмет етеді.

– Атқарылған жұмыстар жайы туралы не айтасыз?

– Өткен жылдың көрсеткішіне сүйенсек, асыл тұқымды мал шаруашылығы бағытында төмендегі жұмыстар атқарылады: Талғар ауданы бойынша барлығы – 11 тексеріс жүргізілді. Оның ішінде 9-ы Алматы облысы əкімінің хаттамалық отырыс тапсырмасы негізінде ұйымдастырылса, 2-уі тексеру хабарламасы бойынша өз қызметі жəне белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру басталғаны немесе тоқталғаны туралы, 1 тексеру Республикалық Палата хаты негізінде болды. Тексеру барысында кеткен кемшіліктер мен олқылықтар дер кезінде қолға алынып, түзету мақсатында нормативтік құқықтық актілері бойынша нақты іс-шаралар жүзеге асырылды.

– Өсімдіктер карантиніне байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берсеңіз?

– Өсімдік, бау-бақша шаруашылығы – ауыл шаруашылығының негізгі бір тармағы болып табылады. 2017 жылдың қорытындысына сүйенсек, өсімдік карантині саласында атқарылған көрсеткіштер төмендегідей: 2017 жылы өсімдік карантині бойынша Республикалық бюджет есебінен барлығы 160 га алма бақтарында карантиндік нысандарға арналған химиялық өндеу жұмыстары жүргізілді. Оның: 140 га аумағы калифорниялық қалқаншалы сымырына қарсы Алатау ауылдық округі бойынша: Қазақ жеміс жəне жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты алма бағында 30 га; «Есімханов» шаруа қожалығында 10 га; «Абдуалиев» шаруа қожалығында 45 га химиялық өңдеу жүргізілді; Белбұлақ ауылдық округі бойынша «Таиров» шаруа қожалығына – 25 га; Панфилов ауылдық округі бойынша: ЖШС «Progest Devolement» 30 га алма баққа химиялық өңдеу жүргізілді. Шығыстың жеміс жеміріне (восточная плодожарка) қарсы аумағы 20 га, оның ішінде: «Дурсунов» шару қожалығы 10 га; Қазақ жеміс жəне жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты алма бағында 10 га химиялық өңдеу жүргізілді.

Аса қауіпті карантиндік ауру – жеміс ағаштарының бактериалды күйігіне қарсы аудан бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, сол жоспар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Мысалы: көшеттер сататын орындар белгіленіп фитосанитарлық карантиндік рұқсат құжаттары талап етілді. Жоспар бойынша құрылған жұмысшы топ құрамы рейдке шығып, өзге облыстан рұқсат құжаттарынсыз келген заң бұзушылық жасаған тұлғаларға ескерту жасалынып, 5 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. «РФДжБƏО» мамандарынан зерттеу жұмыстарының негізінде 6 шаруа қожалығында көлемі 3,95 га аумақта жеміс ағаштарының бактериалды күйігі анықталып, олардың барлығы берілген нұсқама бойынша карантиндік жұмыстар жүргізіліп, ауру ағаштарды кесіп профилактикалық ісшаралар жүзеге асырылды.

Өсімдік карантині саласында берілген барлық нұсқамалар 12 дана, оның 6-сы жеміс ағаштарының бактериалды күйігі бойынша, 6-сы карантиндік арамшөптерге қарсы заң талаптарын орындату үшін берілді. Осы саладағы заң талаптарының орындалуын тексеру үшін жоспардан тыс 9 тексерулер болды. Тексеріс қорытындысы бойынша 249 590 теңге айыппұл салынды. Өсімдік карантині саласында көрсетілетін екі мемлекеттік қызмет бар: республика ішінде карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдауға карантиндік жəне республикадан тыс жерлерге өнім шығару үшін (экспортқа) фитосанитарлық сертификаттар беру. Аудандық инспекция бойынша 114 карантиндік сертификат жəне 27 фитосанитарлық сертификат берілді. Экспортқа барлығы 467 тонна өнім шықса, оның ішінде 348 тонна жүгері Ресейге, 22 тонна жасымақ жармасы Азербайжанға, 79 тонна жүгері Ауғанстанға, 17 тонна алма Моңғолияға, раушан гүлінің 300 түп көшеті Ресейге, Грузияға 100 түп таңқурай, 100 түп құлпынай көшеттері берілсе, Швейцарияға 48 кг алма жемісіне фитосанитарлық сертификаттар берілді. Республика ішіндегі тасымалдар кезінде 484 тонна өнімге Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Атырау, Өскемен, Қостанай қалаларына карантиндік сертификаттар берілді.

– Серік Зəукенұлы, мемлекеттік қызметт ер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша бақылау шаралары туралы аз-кем айтып өтсеңіз?

– Ішкі бақылау бойынша базарлар, сауда нүктелеріндегі өнімдер мен гүлдер, жемісжидектер, құрылыс материалы саналатын ағаш шикізатының санитарлық талапқа сай екенін растайтын сертификаттары болуы бақылауға алынған. Инспекция тарапынан көрсетілетін мұндай мемлекеттік қызмет түрлері ақысыз, тегін екенін тағы да қайталап айтамын. –

Сұхбатыңызға рахмет!

Райхан АЗИМОВА

«Талғар-ақпарат»