МҰҚАҒАЛИ — АЙСҰЛТАННЫҢ МУЗАСЫ

МҰҚАҒАЛИ — АЙСҰЛТАННЫҢ МУЗАСЫ

Жуырда Алматы қаласында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналған Х республикалық «Жырлайды жүрек» байқауы өтті. Ақын өлеңдеріне жазылған əндерді айту мен ақын өлеңдерін оқудан бəсекеге түсуге əр өңірден 500-ден аса оқушылар қатысты. Солардың ішінде ауданымыздағы №2 мектептің 4 «Г»-сынып оқушысы Айсұлтан Айтбай да болды. 8-10 жас аралығын қамтыған кіші топтың ішінен оза шауып,
бас жүлдені жеңіп алған Айсұлтан аудан абыройын асқақтатып, талғарлық жастардың шығармашылығы ақынның поэзиясымен сырласа сабақтасып жатқанын баршаға дəлелдеп қайтты.

Тоғыз жанр бойынша өткен байқауды рес публикалық «Ғұмырдария» бала лар шығармашылық орталығы ұйым дастырыпты. Алдыңғы байқауларда «оқу мəнері төмен», «жырын жаттамаған», «дауыс ырғағы дұрыс емес» дейтін сынның барлығы биыл кездеспегенге ұқсайды. «Тау алыстаған сайын биіктей беретіні» секілді Мұқағали поэзиясына деген жас ұрпақтың ыждаһаты жылданжылға артып келе жатқанын дəлелдеп отыр бұл пікір. Қазақтай қарапайым, табиғаттай тылсым, сəбидей пəк, махаббаттың өзіндей мөлдір келетін ақынның жырларына жалынды жастардың жауапкершілікпен қарағандығы да жақсы пікір айтуға жетелесе керек. Бағын сынауға келген барлық үміткерлердің – жанжақты, бірін-бірі оза шапқан талантты тайқұлындардың ішінен дараланған Айсұлтан «ə» дегеннен əділ-қазылардың назарын аударған. Ақын жырын өзіндік амбициясымен, мəнерлеп оқу мəнерімен, сахналық келбетімен алып шыққан Айсұлтанға тең келер қарсылас табылмаған. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы мен «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін өз деңгейінде оқып шыққан перзенттің тілі Мұқағалидің үнімен үндесе кетті. Жүрегінен шыққан өнері жүректерге жеткендігі содан болар. Ал шабысы бөлек шəкіртіне сүйсінетін жетекшісі Арай Дүйсебаева ұстаздығымен үйретуден жалықпайтынын айтады.

– Мен жетекшілік ететін сыныпта 26 оқушы бар. Барлығы да зерек, ізденімпаз. Сабақтары да үлгілі. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқанды жақсы көреді. Түрлі ғылыми жобаларға, спорттық шараларға қатысып, жүлделі орындармен мектебіміздің абыройын көтеріп келеді. Оқушыларымыз биіктен көрінсе, ұстаз үшін одан артық марапат жоқ, – дейді жас ұрпақтың бойына ұлы даламыздың ұлы тұлғаларына деген құрмет сезімін ұялатуды басты орынға қоятын ұлтжанды ұстаз бізбен əңгімесінде. Бір өзі қазақ поэзиясының қазынасы саналатын жанартау ақынның жырлары ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретіндігіне Айсұлтандай айбынды ұрпақ барда еріксіз сенесің. Себебі Мұқағали – БОЛАШАҚтың МУЗАСЫ. Қашанда солай еді, солай бола береді де.

Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА

«Талғар-ақпарат»