Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?

Туған жердің әр бір тасы мен түзу шыққан түтініне дейін бағалай білген қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов  1889 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ақынның туылғанына биыл 135 жыл толып отыр.Сауатын ауыл молдасынан ашқан Жүсіпбек Павлодарда орыс-қазақ мектептерінде оқиды. 1911-14 жылдары ауылда мұғалім болып жұмыс істеп, ауыл балаларының сауатын ашады. 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқып жүрген кезінде-ақ шығармашылыққа бет бұрды.  1918 жылдары Жүсіпбек Аймауытов «Абай» журналын шығаруға ат салысады. Семейде білім алып жүріп, ол А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов және ұлттық интеллигенцияның басқа өкілдерімен бірге «Алаш» партиясының жұмысына белсенді қатысады.

Ақынның «Сарыарқа сәлемі», «Жәмила», «Ахахау», «Ұршық», «Көшу» атты шығармалары , «Нұр күйі» атты поэмасы үлкен қоғамдық құбылыстардан хабар береді. Ақын «Күнекейдің жазығы» повесі, «Қартқожа» және «Ақбілек» романдарында бірді-екілі кейіпкердің тағдырын суреттеу арқылы бүтін бір дәуірдің шындығын, тұтас бір ұлттың тағдырын көрсетеді.

Жүсіпбек Аймауытов ұлт жанды адам.Ол ашаршылықтан қырылған адамдарға көмектесем деп басы дауға қалған болатын. Малды таратқанда қол хат алмады , малды бай – бағландарға таратты деген жала жабылады. Сол кезде ақынның берген жауабынан – ақ  ақынның дархан көңілі мен қайсар мінезін көруге болады. Ата заңын, дала заңын  ұстанған Жүсіпбек сотта былай деп жауап берген: «Қазақ ежелден қарыз беріп, қарыз алады, құн беріп, құн алады. Қалыңмал береді, қалыңмал алады. Сонда ол бірінен-бірі ешуақытта қолхат алмайды, ешбір протокол жасамайды, бәрі ауызша, сөзбен жүргізіледі. Бұл әбден әдет болып кеткен. Аштарға жәрдем үлестіргенде менің бойымда да, ойымда да осы заң күшті болды. Мен атам қазақтың осы заңын ұстандым. Аштарға не берсем де, ешқайсысынан қолхат алмадым. Хат білмейтін, аштан көзі қарайып, өлейін деп отырған адамнан қолхат сұрауды қолайсыз көрдім» деген екен.

Сталиннің заманында қазақтың қайсар мінезді қаймақтарына қырғидай тиген уақытта Жүсіпбек Аймауытовта ұсталынып, 1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырка түрмесінде атылды. Ақынның өзі өлгені мен артында халықтың жүрегінен орын алған бай мұрасы қалды.

 

Ұлбосын Керимбекова,

Саяси қуғын – сүргін құрбандары

музейінің экскурция жетекшісі