Балабақшадағы басты шара

Балабақшадағы басты шара

Кеңдала ауылдық кітапханасы Республика күніне орай балабақша бүлдіршіндеріне арнап танымдық ертеңгілік ұйымдастырды. “Талғар-Премиум” балабақшасының мектепке даярлық «Қарлығаш» тобымен өткен іс-шарада мерекенің маңыздылығы түсіндірілді. Балдырғандарға еліміздің тарихы жайлы ақпарат берілді. «Даналық мектебі» жобасы аясында «Бабалар дәстүрі-ұрпаққа өсиет!» екені қозғалып, ұлттық ойындар өткізілді.


Балаларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы бейнеролик ретінде көрсетіліп түсініктеме берілді. Жас өспірімдер «Арқан тартыс», «Таяқ тартыс» ойындарын ойнады.

#республикакүні2024