ЖАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ — АБАЙ

ЖАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ — АБАЙ

Талғар аудандық мәдениет үйі Ұлы қайраткердің 179 жылдығына орай оның шығармашылығы мен еңбектеріне арналған «Абай апталығын» өткізді. Апталықтың ашылу салтанатында сөз алған Талғар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Фарида Мамырбек қ ызы атаулы к ү нні ң маңызына тоқталып, мерекемен құттықтады: «Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Алаш баласының рухани құбыласы – Абай әлемін ерекше құрметтеу мен зерттеу баршамызға бұлжымас парыз. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыруымыз керек. Ол – адамзаттың Абайы. Оның терең пәлсапасы, мазмұнды һәм мағыналы қара сөздері, надан болмай, адам болуға шақыратын мәңгілік шығармалары, рухани мол мұрасы, классикалық әндері күллі адамзатқа ортақ. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық қайта жаңғыру, кемеңгер тұлғаларды жаңа қырынан тану, жас ұрпаққа жеткізу, жаңару мен тарихты саралау процесі басталды. Ұлттық ой-сананы жаңғыртуда Абай сияқты тұлғаларды танудың маңызы зор болды. Халыққа қажеті – Абайдың мұрасын тереңінен түсіндіріп жеткізу», –деп атап өтті.

Аудандық мәдениет үйінің әншілері   ұ л ы ақ ы н н ы ң  ж ан толқынысынан туған және туған халқының дана перзентіне арналған әндерін орындады. Тыңдаушысының құлағынан кіріп, бойын балқытатын сырлы әндерді қосыла шырқаған көрермендер Абай әлеміне с а я х а т т а п  б а р ы п қайтқандай күй кешті. Апталықты Абай әндерінен челленджі жолдауымен жалғасты. Талғар аудандық мәдениет үйі қызметк е р л е р і  с а з г е рд і ң «Айттым сәлем қаламқас» әнін орынд а п , Т ұ з д ы б а с т а у  ау ы л дық мәдениет үйіне жолдады. Игі бастамаға ұн қосқан тұздыбастаулықтар ой түбінде жататын таза, мінсіз асыл сөздерімен, жан толқытар әуендермен жалғастырды. Апталықтың аса маңызды кезеңінің бірі – Абайдың философиялық шығармаларына арналған кеш болды. Аудандық мәдениет үйіндегі үйірме оқушылар ы м е н ж е т е к ш і л е р і  о й ш ы л д ы ң қаймақты қара сөздері мен ойлы өлең жолдарын  жарыса  оқ ы д ы. Ті л і н і ң  ұшынан емес, жүрегінің түкпірінен шыққан асыл сөздер, жас буынның жадында мәңгіге жатталып жатқандай. Халқымыздың рухы, тілі, мұраты, тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімдері, отансүйгіштік моралі, елдік дәстүрі барынша бейнеленген еңбектері өнер-білімге, әділет пен арлылыққа, махаббатқа үндейтіні сөзсіз.

Талғар театры ақынның уайым-қайғысыз жастық шағынан театрланған көрініс қойып, өлмес туындыларының кейіпкері болған Тоғжан бейнесін сомдады. Қазақ қыздарының ибалы да, инабатты мінезі мен ақылына сай келген сұлулығын бейнеледі. Сондай-ақ әрбір ғашық жүректің түкпірінде айтылатын – Сенен артық жан тумас, Туса, туар, артылмас. Бір өзіңнен басқаға, Ынтықтығым айтылмас, – деп келетін жыр жолдарына арқау болған арудың аңызға айналған тұлғасын бойжеткендерге үлгі етті. Талғар аудандық мәдениет үйінің директоры Семейхан Даривхан: «Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық қайта жаңғыру, кемеңгер тұлғаларды жаңа қырынан тану, жас ұрпаққа жеткізу, жаңару мен тарихты саралау процесі басталды. Ұлттық ой-сананы жаңғыртуда Абай сияқты тұлғаларды танудың маңызы зор. Абай есімі көшелер мен мектептерге берілді. Ірі мегаполистердегі негізгі даңғылдар Абай атымен айшықталды. Әрине, ең үлкен құрмет Семей халықаралық әуежайының Абай атымен аталуы еді. Халқымыз осылай дара тұлғасына ерекше құрмет көрсетіп келеді. Бүгінгі мерекенің болашақ ұрпаққа берері сол. Абай ақылиясын жаттап, Абай жолымен жүрген қазақ баласы қатарынан қалмасы анық», – деген ойымен бөлісті. Иә, Абай надандықтың құлпы, адамдықтың кілті.

 

Абай мектебі – руханияттың кәусар бұлағы! Оның тағлымын таныған кісі кемел келешекке бет бұратыны ақиқат. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық» — дейді данышпан. Демек, біз Абайдың жарық, нұрлы әлемімен сусын даған сайын, ғы лым, бі лімге ұмтылып, өнер үйренеміз. Ондай адамның болашағы бұлыңғыр тартпасы хақ.

 

Зорагүл ӘБДІҚАДІР