Жуырда Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Лязат Актаева, Талғар аудандық мәслихаттың хатшысы Мұхит Бейсебаев және аудандық, облыстық мәслихаттың депуттары 2023 жылдың 19 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Талдықорған қаласынан Талғар ауданының Гүлдала ауылына көшіп келген Алматы облысы жедел жәрдем станциясы диспетчерлік қызметінің жалпы жағдайымен танысты.
Өтке жылы қазан айында ашылған мекеменің жұмыс барысы мен онда қордаланған мәселелер төңірегінде сөз қозғаған жауапты мамандар денсаулық сақтау саласының толғақты түйінін талқылады. Аталған мекеменің жауапты аға эвакуатры Аружан Қалтаева: «103 нөміріне түскен жедел жәрдем шақыртуын 12-17 диспетчер қабылдайды. Түскен қоңырау саны артса, диспетчер де көбейеді. Ал алты ауданға бөлінген арнайы маман қоңырау шалған науқастың жағдайын сұрау арқылы дәрігерлік, фельдшерлік және төртінші санатқа бөледі. Алматы облысы бойынша күнделікті келіп түскен қоңырау саны 3-4 мың аралығында болады. Күн суытқан кезде түрлі вирустардың қозуына байланысты көмек сұрайтындардың саны артады. Кей күндері 5600-5700 шақыруға дейін жеткен кездер де болды. Қазіргі кезде балалардың дене қызуы көтерілуі жиі байқалады. Сонымен қатар төртінші санатқа жататын науқастардың қоңырауы да көбейген. №225 бұйырыққа сәйкес, 4 санат бойынша жұмыс атқарамыз. Бірінші санаттағы науқастарға жедел жәрдем 10 минут аралығында жетуі керек. Бұл санатқа жүкті әйелдер, жүрек қысымы бар, талмасы ұстағандар, жол апатынан зардап шеккендер жатады. Ал төртінші санат дегеніміз созылмалы аурумен тіркеуде тұратын адамдар. Жедел жәрдем бұл санаттағы науқасқа 60 минутқа дейін жету керек. Жедел жәрдемге шағым түсіретіндер де солар. Олар созылмалы аурумен ұзақ жүретіндіктен төртінші санатқа жатады. Олардың өміріне шұғыл қауіп төніп тұрмағандықтан басқаларға қарағанда кештеу барады. Сол себепті олар жедел жәрдем уақытында келмейді деп жиі шағымданады», – деп өз жұмысы туралы баяндап өтті.
Алматы облысы жедел жәрдем станциясының дирекоры Есхат Жантоков: «Алматы облысындағы мәселелердің ең өзектісі төртінші санаттағы науқастарға жіберілетін жедел жәрдем көлігінің тапшылығы. Осы жылы денсаулық сақтау басқармасы арқылы 76 автокөлік алу мәселесін қарастырдық. Одан бөлек жаңа туған балалар мен жас босанған аналарды қарауға, өзі жүріп-тұра алмайтын науқастардың үйінен барып анализ алуға да көлік қажет. Бұл ұсынысымызды айттық, орындалады деген ойдамыз. Алматы облысында 1 млн 500 мың адам тұратын болса, әр диспетчерге 100 мың адамнан тура келеді. Желтоқсан айының ортасынан қаңтар айының ортасына дейін шақыру саны ең жоғары көрсеткішке жетті. Өткен жылы Алматы облысында 700 мыңға жуық шақырту түскен. Бұл көрсеткіш Алматы қаласынан кейінгі екінші орында. Облысымызда Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай сынды үлкен төрт аудан бар. Халық саны өте көп. Осы аудандардан шақыру жиі түседі. Ал Нарынқол, Кегенде жедел жәрдемнен көмек сұраушылар ең аз. Өтен жылы Еңбекшіқазақ, Кеген, Балқаш сынды аудандарда қосалқы станция ашылды. Болашақта жедел жәрдем қызметін жақсарту үшін аудандарда қосалқы станция және дислокация салу жоспарда бар», – деп атап өтті.
Жаппай жүргізіліп жатқан цифрландыру бағдарламасының енгізілуі – өңірдегі медициналық қызмет көрсету саласының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың денсаулығын сақтауға жаңаша серпін қосты.
Алматы облысында «Бекітілген халық тіркеліміне» тіркелген халық саны 1,5 млн адамды құрайды. Жедел медициналық көмекті Қонаев қаласының 1 станциясы, 12 қосалқы станция, ауылдық елді мекендерде 61 дислокация көмек көрсетеді.
Облысымыздың медициналық жедел жәрдем станциясы диспетчерлік қызметі «Көмек» автоматты басқару жүйесімен жабдықталып, санитарлық автокөліктердің GPS-навигациясымен біріктірілген. Облыс тұрғындарының барлық қоңыраулары «Көмек» бағдарламасының көмегімен «103» қашықтан басқару пультіне түседі, онда әрбір қоңырау аудиожазбамен жазылады. Бұл науқасқа жету уақытын барынша қысқартып, қозғалыс бағытын автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді. «Көмек-103» бағдарламасы оңай, әрі жылдам жұмыс істейді.
Қоңырау 2 минут ішінде диспетчермен өңделеді. Көмекке мұқтаж адамның жағдайы туралы дәстүрлі сұрақ қойылады. Ол науқастың дене қызуы, ауру барысы жайлы қарапайым сауалдардан тұрады. Осы аралықта бағдарлама кезекшісі жедел жәрдем көлігіндегі дәрігердің телефонына шақырту түскен нау-қастың жағдайы мен көрсетілетін көмектің барысы туралы SMS хабарлама жолдап, тиісті нұсқау беріп үлгереді . сонымен қатар цифрлы жүйе тіркелген науқас тарихын жедел сараптап, көрсетілетін көмектің санатын автоматты түрде анықтайды Жеделдік санаты бойынша және GPRS навигациясының көмегімен бірінші босатылған және жақын маңдағы бригадаға коммуникаторға (планшетке, ұялы телефонға) беріледі. ол шақыруға шығады және пациентке қызмет көрсетеді.
2023 жылы облыстық жедел жәрдем қызметінің орталығына 621 478 шақырту түскен. Аймақ бойынша қазір 144 медициналық жедел жәрдем тобы қызмет атқаруда.
Зорагүл Әбдіқадір