Алматы облысының білім басқармасына қарасты «Облыстық білім беруді дамыту оқу –әдістемелік орталығы» техникалық және кәсіптік бөлімінің 2024 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, «Жалын» үздік педагогтар ассоциациясының «Шығармашылық ізденіс – кәсіби даму алаңы» тақырыбында ұйымдастырылған ашық сабақтар шеруі 5-9 ақпан аралғыныда өтті. Оның педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, үздік тәжірибені насихаттау мақсатында маңызы ерекше. Бұл жұмыстар пәндерді оқыту әдістерін жетілдіруге, оқу үдерісін ұйымдастыру мен дамытудың тиімділігін қамтамасыз етуге, оның интеграциялық қолдауына, жоғары кәсіби кадрларға оқытудың жаңа әдістері мен құралдарын әзірлеу және енгізуге негізделген.
Ашық тәжірибе шеруі барысында нақты педагогикалық тәжірибені сипаттау, оны қолданудың артықшылықтары мен перспективаларын ашу мақсатында «Ұтымды жағалардың өңделуі» тақырыбында С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің оқытушысы Ахмадиева Айсулу Бахтыбековна ашық сабағын ұсынды.Оған зум платформасы арқылы қатысушылар белсенділік танытып, кері байланыс орната білді.
Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес.Ашық сабақтың бүкіл құрылымы жаңаша кезеңдермен жасақталған, түрлі жаңа технологияларымен байытылған, білім алушылардың сапалы білім алуы мен шығармашылық ізденістерге бой алдыратындай бағытта болды. Жаңалыққа жаны құмар Айсулу Бахтыбековна бұл сабағында өзі үйренген түрлі инновациялық жаңа технологияларды қолдана отырып, сабақтың терең мазмұнда және білім алушыларының жан — жақты дамуы мен білім дағдыларын игеруіне жағдай жасады. Оқушыларды жаңа оқуға бейімдеу оңай жұмыс емес.Қазір мұғалім тек жетекші рөлінде. Білімді өздігінен алған, тапсырмаларды тәуелсіз орындаған оқушылар ғана білім шыңына жетеді. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, тәжірибелі ұстаз оқушыларын бірнеше топқа бөліп, олардың жас ерекшелігі мен тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескере отырып өз сабағын ұйымдастырыпты. Мұнда топпен жұмыс, түрлі тапсырмалар бергенде «Крестиктер мен нөлдіктер» әдісі, «Алты қалпақ» стратегиясы, «Ұрланған бала» тақырыбына ситуациялық жағдай туығыза отырып, АКТ арқылы бейнежазба көрсетіліп, талқыға салынды. Оқытушы ұтымды әдістерді қолдана отырып, жаңа технологиялық платформаларды да сабақ құрылымына енгізе білді.Кері байланысты және топқа, жұпқа бөлуді платформалар арқылы көрсете білді.
Қорыта келгенде, бұл сабақ менің әріптестерім үшін де , оқушылар үшін де аса маңызды болды. Сабақ барысында жеке тапсырыс бойынша киім модельдерін тігу туралы және ұтымды әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, тігудің технологиялық операцияларын орындау жұмыстары жүргізілді. Ашық сабақ бір жағынан — бағдарламалық материалды саналы және берік игеруге, екінші жағынан — оқушылардың шығармашылық белсенділігін, олардың тапқырлығын, қызығушылығын дамытуға және белгілі бір дүниетанымды қалыптастыруға ықпал етті.Ашық сабақтың нәтижелері бойынша жоспарланған жұмыстардың толық көлемі орындалды: сабақтың мақсаттары, білім, білік және дағдыларды қалыптастыру жүзеге асырылды.
Мұғалімнің кәсіби дамуына қолдау көрсету-мәртебесін көтерудің бір сатысы болып табылады. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген К.Д.Ушинскийдің сөзін естен шығармауымыз керек. Өйткені, үздіксіз еңбектенген ұстаз ғана өз мақсатына жетеді.
Молдахметова Бакыткул Ерболатқызы
Талғар политехникалық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы