Өткен жылдың желтоқсан айында Астанада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткен болатын.
Сайлау комиссиясы референдум, Президент, ҚР Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын, ауылдық окрігтерінің әкімдерінің сайлауларының өтуін қамтамасыз етеді.
Өткен жылда атқарылған іс-шаралар легі мен алдағы жоспарлар туралы Талғар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Даулет Батталгазиев әңгімелеп берді: «Ауданда 85 сайлау учаскесі және 25 округтік сайлау комиссиялары бар.
Аудандық сайлау комиссиясында 7 комиссия мүшесі бар, соның ішінде 2019 жылдан бері кәсіби түрде сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы жұмыс атқарып келді. Ал, 2023 жылдың басында тағы бір кәсіби түрде штат беріліп комиссия төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшы жұмыс атқарады.
Негізінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына сәйкес, тиісті учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлаушылардын санына қарай айқындалады.
Округтік сайлау комиссиясында 125 комиссия мүшелері, учаскелік сайлау комиссиясында 671 комиссия мүшелері бар . Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде тиісті жергілікті мәслихаттар сайлайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды. Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Округтік және учаскелік сайлау комиссияларын Қазақстан Республикасы Президенттінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Орталық Сайлау комиссиясы, Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары семинар-оқытулар жоспар бойынша өткізіп отырады. Сайлау заңы бойынша комиссия мүшелері тест тапсырып, сертификатталады. Талғар ауданы әкімінің шешімімен, 85 сайлау учаскесі құрылды, оның ішінде: 4 жабық сайлау учаскесі – (орталық аудандық ауруханада, туберкулезге қарсы диспансерде, наркология диспансері, уақытша ұстау изоляторында орналасқан). Барлық 85 сайлау учаскесі 1-қабатта орналасқан. 68 сайлау учаскесінде пандустар орнатылды (37-і талапқа сай, 33-і бейімделген). 15 сайлау учаскесіне пандус қажет емес, яғни табалдырықсыз, мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы. 2023 жылда ҚР Парламентінің Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы, Тұздыбастау, Қайнар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы болып өтті.
Қазіргі таңда халқымыздың сайлауға деген көз-қарастары жақсы жаққа өзгеріп келеді. Сайлаудың өту барысында дауыс беру күні сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде, сайлауға түскен әрбір кандидаттың сенімді өкілдері, саяси партиялардан, сондай-ақ өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан ҚР азаматтары байқаушылар ретінде тіркеледі. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңына сәйкес, әкім болуға кандидатты ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар – өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім жүргізеді.
1.Саяси партия бір сайлау округінде тек бір кандидат ұсынуға құқылы.
2. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының әкім болуға кандидатты ұсыну туралы шешімі хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.
Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі:
1) Ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;
2) Кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге тиісті аумақтық сайлау комиссиясына әкім болуға кандидатты ұсыну туралы хаттамадан үзінді көшірмемен бір мезгілде жіберіледі.
3. Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.
4. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізілетін күнге отыз күн қалғанда және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
5. Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге әкім болуға екеуден аз кандидат ұсынылса, онда тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін үш күннен аспайтын мерзімге ұзартады.
Бұл ретте, ұсынылған кандидаттар болмаған не ұсыну мерзімі аяқталатын күнге бір кандидат ұсынылған жағдайда, жоғары тұрған әкім тиісінше екі не бір кандидатты ұсынуға құқылы. Ал жергілікті атқарушы органдарға келетін болсақ, сайлау округінің шекараларын, сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды. Әрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылар тiзiмiне өзінің шешімімен учаске құрған әкiм қол қояды және ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын акт бойынша ұсынылады.
№24 сайлау округі бойынша Талғар аудандық мәслихатының депутаты М. Жумахановтың өз өтініші негізінде өкілеттігі тоқтатылған болатын, соған орай ҚР Сайлау туралы заңына сәйкес, жоғарыда аталған №24 округтік бірмандаттық аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына 31 наурызға сайлау тағайындалып отыр», – деді Талғар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Даулет Батталгазиев.
Әңгімеңізге рахмет! Халық игілігі үшін атқарып жатқан қызметтеріңізге жеміс тілейміз.
Сәуле Құрмантаева