БІЛІМ САЛАСЫ ЖАҢА САПАҒА КӨТЕРІЛМЕК

БІЛІМ САЛАСЫ ЖАҢА САПАҒА КӨТЕРІЛМЕК

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын баспасөзден оқып танысқан едім. Тегін кəсіптік-техникалық білім беру бағдарламасы жүзеге асатынын бұл Жолдауында да шегеледі Елбасы. Орта буын мамандарды даярлайтын оқу орыны болсақ та Елбасы тапсырмаларының барлығын жүзеге асыруға қазірден кірісіп кеттік десек болады. Өйткені ғасырға жуық тарихы бар колледжімізден қанаттанған жас мамандар тек облыс көлемінде ғана емес еліміздің барлық аймақтарында ауылшаруашылығы мен басқа да салаларда еңбек етіп, ел экономикасының өсіп, өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Колледж еліміздің ең байырғы оқу орны ретінде Қазақстанның Гиннес кітабына енгізілген. Бұл оқу орнының негізгі мақсаты – бəсекеге қабілетті маман дайындау. Колледжіміз негізінен ауылшаруашылығы мен ауылға қажетті мамандарды даярлайтын білім ошағы болғандықтан мұнда білім алып жатқан жастардың басым бөлігі Райымбек ауданынан, қалғандары жақын маңдағы Еңбекшіқазақ, Іле аудандары мен жергілікті жастар. Тіпті, еліміздің шалғай аймақтарынан келіп білім алып жүрген студенттеріміз бар. Себебі, Талғар агробизнес жəне менеджмент колледжі облысымыздағы кəсіптік білім беріп отырған үздік оқу орыны саналады. Бүгіндері колледж қабырғасында 10 мамандық бойынша жастар білім алуда. Колледж директоры Жақсылық Сатылғанов ветеринария мамандығын кейіннен енгізді. Өйткені Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарын есепке алмағанда облысымыздағы 75 колледждің біреуі ғана ветеринар мамандарды даярлайды екен. Сондықтан болар, «Ветеринария» бөлімінде білім алушылар саны да жыл сайын артып келеді. Колледжімізде оқыту мемлекеттік жəне орыс тілдерінде жүргізіледі 20162017 оқу жылында «Жерге орналастыру» бөлімі ауытқулары 2 мм тең заманауи GPS қондырғыларымен жабдықталды. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» жəне «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу жəне пайдалану» бөлімдерінің оқу кабинеттері мен лабораториялары заманауи стенд-тренажерлармен, макеттермен оқу станоктарымен жабдықталып, студенттердің сапалы білім алуына мол мүмкіндіктер берді. «Электрмен қамтамасыз ету» бөлімінің 5 лабораториялық кабинеті заман талабына сай қажетті стенд-тренажерлармен жабдықталды. 1 стенд-тренажермен 12 түрлі лабораториялық жұмыс істеуге болады. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның оқу-жаттығу полигондарында да оқу-өндірістік тəжірибелерін өтуге мол мүмкіндік туындады. Колледжде оқытылатын мамандықтарға ветеринария мамандығы кейін қосылғандықтан студенттердің бұл мамандықты жетік меңгерулеріне жағдай жасалып, арнайы жаңа заманға сай ветеринария кабинеті ашылып, керек-жарақпен жабдықталған. Өткен жылы «Байсерке Агро» ЖШС-нің көмегімен 6 миллион теңгеге ветеринария мамандығына лабораториялық, зертханалық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтар мен оқу жабдықтары сатып алынды. Қазіргі күні барлық мамандықтар бойынша 25 мекемемен үш жақты келісім шарт жасалып, жас мамандар даярлауда бірлесе жұмыс жүріп жатыр.

Жыл сайын Талғар қаласы мен қалаға жақын елді мекендердегі мектеп оқушыларына «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып, оқушыларға колледждің тыныс-тіршілігімен, материалдықтехникалық базасымен танысып, мол ақпарат беріледі. Білім шаңырағында тек білім беріп қана қоймай, жастардың рухани дамуына да аса көңіл бөлінеді. Осы мақсатта колледжімізде түрлі мерекелік іс-шаралар өтіп отырады. Сонымен қатар жастардың уақыттарын тиімді пайдалануы үшін түрлі театрларға, концерттерге, музейлерге саяхаттар ұйымдастырылып, ауданымыздың көрікті жерлеріне туристік жорықтарға шығып отырады. Сапалы білім мен саналы тəрбиені ұштастырған жастарымыздың болашағы жарқын болары сөзсіз.

Жандос Айтбаев

Колледж директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары