Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіхановтың халық алдындағы есебі

Талғар ауданының әкімі  Қайдар Әбдіхановтың халық алдындағы есебі

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 3 наурызындағы №826 Жарлығындағы қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыруды міндет етті.
Ендігі кезекте, өздеріңізбен әр тоқсан сайын кездесіп, өңірлердегі әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары мен мерзімдерін тұрақты талқылайтын боламыз.
Талғар ауданы —  өндірісі өркенделген, экономикасы даму жолына түскен өңір. Ендеше, ауданның 2021 жылғы даму динамикасы және 2022 жылға арналған міндеттерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
2021 жылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындыларынан ауданның өсу динамикасын байқауға болады. Енді жеке тоқтала кетсем:
Ауылшаруашылығы бойынша
Аудан бойынша 2,6 мың ауыл шаруашылық құрылымдары бар, 11 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2021 жылы 70,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 101,8 %.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 166,3 мың. гектар. Жалпы көлемі 8,3 гектар 19 жылыжай жұмыс жасауда, олардан 1,3 мың тонна көкөніс өнімі алынды.
Мал өнімі бойынша ет — 14,3мың.тонна, сүт — 68,4 мың.тонна, жұмыртқа — 27,4 млн.дана өндірілді.
274 тонна ет өнімдері Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясына экспортталған.
2021 жылы 2,7 млрд. теңгенің 3 инвестициялық жобасы іске қосылып, 45 адам жұмыспен қамтылған:
«Байсерке — Агро» агрохолдингінде – құрама жем зауыты мен сүт — ет фермасын кеңейту жұмыстары.
«Аграрлық университет» — 1 гектарға өнеркәсіптік жылыжай құрылысын жүргізді.
2022 жылы 40 гектарға қарқынды бақ отырғызу және жеміс-жидек дақылдарын өңдеу («Баймене» ЖШС), дайын салаттар өндірісі («Грин Эко» ЖШС), картоп қоймасы («Номад Тек» ЖШС) іске қосылып, 2,9 млрд. теңге инвестиция тартылады, 65 адам жаңа жұмыспен қамтылмақ.

Өнеркәсіпте
21 ірi және 114 орта кәсiпорындар жұмыс жасауда. Осы кәсіпорындармен тағам өнімдері, құрылыс материалдары, металл, тоқыма киімдер, пластмасса өнімдері, кітап пен журналдар шығарылады.

2021 жылы 66,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі — 136,8% құрады.
4 жаңа өндіріс орындары ашылды, 172 адам жұмыспен қамтылды, 2,9 млрд. теңге инвестиция тартылған:
— Белбұлақ ауылында протездік-ортопедиялық бұйымдар өндіретін «Медикар» зауыты және пластикалық терезелер мен есіктерді өндіру «PLAST COM»цехы,
— Панфилов ауылында металл каркастағы орындықтар шығаратын«ТемірСақ» өндірісі,
— Еңбекші ауылында виброкомпрессионды технологиясы арқылы тротуар плиталарын, бордюрлерді шығаратын «Вектор Строй Монтаж» цехы.
2022 жылы Талғар қаласында медициналық бағыттағы жасанды буындар шығаратын Медхолдинг Синтез.КЗ зауытын ашу жоспарлануда. 2,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, 50 адам жұмыспен қамтылады.
Қайнар ауылдық округі Даулет ауылының жанындағы 198,3 га аумақта «Қайрат» индустриалды аймағы салынып жатыр. Бүгінгі күні 56,4 га жерге сумен жабдықтау, газбен қамту, автомобиль жолы, темір жол және электрмен жабдықтау нысандары бойынша инфрақұрылым тартылуда.
2024 жылға дейін осы индустриалдық аймақта жалпы құны 49,4 млрд. теңгеге 6 инвестициялық жоба бойынша зауыттар салынып, 476 жұмыс орындары құрылмақшы. Аталған нысандарда жергілікті ауыл адамдарын жұмысқа тарту жоспарлануда.
Инвестиция және құрылыс бойынша
Аудан экономикасына 82,4 млрд теңге инвестиция тартылды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі35,8 млрд. теңге құрады, 234,5 мың шаршы метртұрғын үй пайдалануға берілді.

Құрылыс бойынша
«Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасын іске асыру мақсатында Талғар қаласының «Жаңа» шағын ауданында 72пәтерлі9қабатты 18 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда.

2021 жылы үш тұрғын үйдің құрылысы басталды, жұмыстарды аяқтау 2022 жылдың қыркүйек айына жоспарлануда. 2022 жылы тағы да екі үйдің құрылысы басталады.Өткен жылы осы мақсатқа 750,0 млн. тенге, 2022 жылы 4,0 млрд. теңге қаражат бөлінді.
Осы орайда, жоғарыда аталған 5 үйден басқа, тағы 13 тұрғын үйді жобалау жұмыстары жүргізілуде. Осы жобаларды іске асырсақ, кезекте тұрған 1296 отбасытұрғын үймен қамтамасыз етілмек.
Қазіргі таңда, аудандық полиция басқармасының жаңа ғимаратын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Бүгінгі күнге, ауданның Кеңдала және Тұздыбастауауылдарында ғана қызметтік үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктері жұмыс жасайды. Осыны ескере келе Бесағаш, Белбұлақ, Бесқайнар, Гүлдала, Нұра, Еркін, Панфилов ауылдарына полиция пунктерін салуға жобалық -сметалық құжаттамасы әзірленуде. Қызыл Қайрат ауылы бойынша жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Сондай ақ, Қайнар, Бесағаш, Гүлдала ауылдық округтерінде әкімшілік ғимараттары жоқ. Осыған байланысты жобалық — сметалық құжатар әзірленуде.
Жоғарыда айтылған нысандардың жобаларына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс — монтаж жұмыстарына бюджеттік өтінім берілетін болады.

Газдандыру бойынша
47 елдімекеннің 29-ы газдандырылғаннемесе 61,7 %.
Қалған 18 ауылдың 12-де ЖСҚ әзірленуде, (Жаңалық, Көктал, Қайнар, Дәулет, Қызыл Ту, Арқабай, Төнкеріс, Кіші Бәйсерке, Нұра,Өстемір, Тұғанбай, Еламан ауылдары).

6 ауылға ЖСҚ әзірлеу қажет (Достық, Жанаарна, Сақтан, Теренқара,Каменское плато, Қаратоған ауылдары).Осы мақсатта Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
2021 жылы Еламан ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта құру мен салу жұмыстарын аяқтауға 124,3 млн теңге бөлінді.
Талғар өзені арқылы өтетін дюкердің жарылуына жол бермеу мақсатында 239,9 млн.теңге сомасына саркофаг құрылғысымен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы Қайнар ауылдық округі Дәулет ауылының кәріз жүйелеріне 14 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.Анықталған ақаулар 2022 жылдың мамыр айына дейін жойылады.
Өткен 2021 жылдан бастап 4,3 млн. теңгеге Кайнар ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде, су жинау торабына арналған жер учаскесі іздестірілуде, ЖСҚ аяқтаудың жоспарланған мерзімі 2022 жылдың соңы.

Ағымдағы жылы Талғар топтық су құбырына қосу жұмыстары жалғасатын болады, олар:
— Бірлік, Талдыбұлақ, Алтын Дән, Шымбұлақ, Березка ауылдарының 5 іске қосу кешені. Жобаның жалпы құны 1,9 млрд. теңге. Құбырдың ұзындығы — 54,1 км, қамтылатын халық саны -12,0 мың адам.Жұмыстарын бастауға 823,8 млн.теңгеқаражат бөлінді,
— Алмалық, Амангелді, Байбұлақ ауылдарының 2 іске қосу кешеніне 197,1 млн.теңге бөлінді, жобаның жалпы құны 585,5 млн. теңге бөлінді.Желілердің ұзындығы-20,5 км, қамтылатын халық саны -3,2 мың адам.

Сонымен қатар, селден қорғау бөгетінен Талғар қаласының № 2 алаңына дейінгі магистралды су тартқышты қайта құру мен салу бойынша жобаны бастауға 1 млрд.теңге бөлінген (жалпы құны — 3,1 млрд. теңге).
Ескі Талхиз қалашығының аумағынан сумен жабдықтау желісін бұруға 70,1 млн теңгеқарастырылды.

Талғар қаласының 235 шақырым сумен жабдықтау жүйесін құрылысына ЖСҚ әзірлеуге 25 млн.теңге бөлінді.

Талғар қаласының сәулеттік келбетін жақсарту бағдарламасы аясында «Бозторғай» мен «Мелиоратор» шағын ауданының 23 көп қабатты үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы осы жұмыстарды жалғастыруға 150 млн.теңге бөлінді. Оған Талғар қаласының «Автобаза»шағын ауданының көп қабатты үйлерінің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Талғар қаласындағы көпқабатты 30тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, 340 млн. теңге қаражат игерілген.
Ауданның елді мекендерінің орталық көшелерін жарықтандыру бойынша жобаны іске асыру жалғасуда. Бүгінгі таңда23 көшенің 39,3 шақырымына982 тірек орнатылған.
Оның ішінде, Қайнар ауылдық округіДаулет ауылының Орталық көшесіндегі 36 шаммен тіректер бар.
Сондай – ақ,«Талғар Тұрғын үй» серіктестігімен ауданның 47 көшесіне жарық орнату жұмыстары жүргізілді.
Оның ішінде, Қайнар ауылдық округіндегі Достық ауылының Заправская көшесіндегі 51 жарық шамдары мен тіректері, Көктал ауылы Орталық көшедегі 65 жарық шамдары мен 50 тіректер орнатылды.
71,4 млн. теңгеге 4 бірлік арнайы техника сатып алынды (3 шағын тиегіш, 1 Беларус).

Жолдар бойынша
Аудандағы жолдардың жалпы ұзындығы — 1315,5 км, оның 1046,5 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар. Осы жолдардың 40 % яғни 420 шақырымы асфальтталған, 60 % немесе 626,5 шақырымы тасты — топырақ жолдар.
2021 жылы 11 жоба іске асырылып 869 млн. теңгеге46 шақырым ауыліші жолдары жөнделген.
Жалпы Қайнар ауылдық округінде 323 көше бар, олардағы жолдардың ұзындығы – 174,58 км., оның: 31,77 км.- асфальт , 142,81 км.- тас құм жолдары.
2021 жылы Қайнар ауылдық округі бойынша 47,4 млн.теңгеге 4,3 км. жол жөнделді. Оның ішінде:
Айғаным ықшам ауданындағы мектепке баратын 300 метр жолға 6,4 млн.теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Жалғамыс ауылының Үмбетей жырау, Орбұлақ, Қабанбай батыр, Азат, Қабанбай батыр, Сәмен батыр көшелеріне, Жаңалық ауылы жаңақұрылыс көшелеріне, Көктал ауылы М.Шоқай, Сарыарқа көшелері, барлығы 4 км жолға 41 млн.теңгеге қиыршық тас төселді.
Сондай – ақ, Алматы – Жетіген-Байсерке-Қапшағай су
қоймасы а/ж мен Еркін ауылына кіре беріс бұрылмаға 8,5 млн.тг бағдаршам орнатылды.
2022 жылға 55 шақырым жолдарды жөндеу жұмыстарына 1,4 млрд.теңге қаражат бөлінді, олар:

Жолдарды орташа жөндеуге 514,5 млн. теңге,
Талғар қаласындағы Пушкин көшесі -39 млнтеңге,
Белбұлақ ауылындағы Әлиев көшесі 58,7млн теңге,
Рысқұлов ауылындағы Бокина көшесі, Қызыл Қайрат ауылындағы Темиров кошесі – 99,3 млн теңге,
Қанар ауылдық округі, Айғаным шағын аудандағы Маметов көшесі – 58 ,6 млн теңге,
Гүлдала ауылындағы Әл Фараби көшесі – 154,5 млн теңге,
Кеңдала ауылдағы Алматинскаякөшесі– 103,8 млн теңге,

Ағымды жөндеу жұмыстары марштруттық тәсілмен-553,2 млн. теңге:
Талғар қаласы– 159,1 млн теңге,
Алатау ауылдық округі – 36,6 млн теңге,
Белбұлақ ауылдық округі– 44,1 млн теңге,
Қайнар ауылдық округі – 39,3 млн теңге,
Кеңдала ауылдық округі–47,9 млн теңге,
Бесағаш ауылдық округі – 62,7 млн теңге,
Панфилов ауылдық округі – 55,9 млн теңге,
Тұздыбастау ауылдық округі- 86,1 млн теңге,
Нұра ауылдық округі-21,4 млн. теңге.

Баласт ПГС төсеу жұмыстары 264,9 млн. теңге:
Талғар қаласы – 38,8 млн теңге,
Тұздыбастау ауылдық округі- 42,5 млн теңге,
Белбұлақ ауылдық округі– 51,4 млн теңге,
Қайнар ауылдық округі– 132,2 млн теңге.

Панфилов пен Белбұлақ ауылдық окрутеріне БАКАД айналып өтетін жолдарға -152,0 млн. теңге.
2022 жылыҚайнар ауылдық округінің 9,1 км жолдарына 230,3 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде:
Айғаным ықшам ауданы Маметова көшесінің 1,6 км орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 58,6 млн.теңге бөлінді.
Еркін ауылының Маметова, Калинина, Уәлиханов көшелерінің 1,5 км ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 39,3 млн.теңге бөлінді.
Дәулет ауылының Көбейов Хангелді, Абай, Мақатаев көшелеріне, Нұрай ы.а. Шормақ батыр, Жароков көшелеріне, Тереңқара ауылы Қарқара, Шәңкерей көшелеріне, Көктал ауылының Думан, Шоқан, Сарыарқа көшелеріне, Жалғамыс ауылы Алмалық көшелері, барлығы 6 км жолға 132,4 млн.т. қиыршық тас төселеді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша
Ауданның барлық денсаулық сақтау мекемелері 2020 жылдың қазан айынан бастап «A-class Medical» компаниясының сенімгерлігіне өткен.
2021жылы120 орындықковидпен ауырғандарды емдеу және сауықтыру орталықтары ашылған.
19 денсаулық сақтау мекемелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.Оның ішінде, Қайнар ауылдық округі Қайнар ауылының денсаулық сақтау пункті де бар.
4 модульдық амбулатория орнатылды. (Еркін, Туздыбастау, Жаналык, Жалгамыс а.).

Білім саласы бойыша
Аудан бойынша 43 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды, олардағы оқушылар саны — 51064.
169 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды (6- мемлекеттік балабақша, 163 – жекеменшік балабақша, 10 шағын орталық).
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамту 99,3 % құрайды(1 жастан 6 жасқа дейін– 96,7 %).
Бүгінгі күнде ауданда 7 мектеп үш ауысыммен жұмыс жасайды(4 мектеп болған).
Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында Талғар қаласында 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталды.
Сонымен қатар, Қайнар ауылдық округінің Айғаным шағын ауданы мен Жалғамыс, Жаңалық ауылдары және Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту ауылы бойынша 4 мектептіңқұрылысынажобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, аяқтау мерзімі 2022 жылдың сәуір айына жоспарланған.

2022 жылы 3 мектеп (Талдыбұлақ а. Тұздыбастау а. -2 мектеп) құрылысы үшін жер телімдерін сатып алуға 322 млн. теңге қаражат бөлінді.

Өткен жылы Талғар қаласындағы №3 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 1,0 млрд теңге, материалдық-техникалық базамен нығайтуға 33,6 млн теңге бөлінді. Жұмыстар аяқталуы 2022 жылдың наурыз айына жоспарланған.
2022 жылы Гулдала ауылындағы №21 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 1,4 млрд. теңге бөлінді.
Ақдала ауылындағы №44 мектепті, Жас натуралистер және Жас техниктер станциясын газдандыруға 56,2 млн. теңге қаражат қарастырылды.
11 білім беру мекемелерінің су және қәріз жүйесін ағымдағы жөндеу жумыстарына 76,3 млн. теңге, 5 мектепті қоршауға 45 млн теңге бөлінді.

Сондай – ақ, Қайнар ауылдық округі Даулет ауылындағы 2019 жылы салынған №11 орта мектепке жерасты су деңгейінің көбеюінен бірінші қабаттағы бөлмелердің ақауын түзетуге дренаж және кәріз жүйесін жасау үшін ЖСҚ жасауға 2,8 млн. теңгегебюджеттік өтінім берілді.
Жаңалық ауылындағы №37 ОМ ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ 2021 жылы әзірленген. Қазіргі таңда сараптамадан өткізу үшін облысқа бюджеттік өтінім берілді.

Халықты еңбекпен қамту бойынша
2021 жылы жұмыспен қамту орталығына жүгінген5081 адамның 2347 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасқан.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасының Бірінші бағыты бойынша 204 адам оқуға жолданып,188 адам жұмысқа орналасқан.
Екінші бағыт бойынша «Бизнес Бастау» жобасымен 144адам кәсіпкерлік негіздерін оқып, 68 азаматқа 355,9 млн. тенгешағын несие берілді.
Аудан бойынша жеке ісін ашуға 115 адамға 67,0 млн теңгеге грант берілді.
Үшінші бағыт бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарына 79 адам жолданып, жастар тәжірибиесіне 93 жас түлек жұмыспен қамтылды.1010адам қоғамдық жұмыспен қамтылған.

Аудан көлемінде өнеркәсіп орындарын ұлғайту, кіші және орта кәсіпкерлік нысандарының ашылуынан 3363 жаңа жұмыс орындары ашылған. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 %пайызды құрады.

Орташа еңбекақы – 207 мың теңгені құрап 2020 жылдың деңгейімен салыстырғанда 31 % ұлғайған.
2506 отбасының 12633 адамына 975,4млн теңгемемлекеттік атаулы әлеуметтік төленген.
Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға берілетін кепілдік әлеуметтік пакеттерге 131,0 млн. тенге төленді.
1291 адамға 98,7 млн.теңге біржолғы материалдық көмек
Көрсетілген, олар Ұлы Отан Соғыс ардаргерлері, ауған соғысына қатысушылар, тыл ардагерлері және т.б.
330 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 7217тапсырыс бойынша «Инватакси» қызметі көрсетілген.

Мәдениет және спорт бойыша
2020 жылдан бастап «Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасымен Бесағаш ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы жұмыстарды аяқтауға 335,0 млн. теңге қарастырылған.
Қызыл Қайрат ауылындағы мәдениет үйі мен Талғар қаласындағы аудандық кітапханаға газдандыру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда Панфилов ауылдық мәдениет үйі мемлекет меншігіне сатып алынған.Енді осы нысанға күрделі жөндеу мен абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарынәзірлеуге 25,0млн теңгеге бюджеттік өтінім берілді.
2022 жылы Талғар қаласындағы аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына 372,0 млн. теңге қаражат бөлінді.

2021 жылы Алмалық, Береке, Бірлік, Талдыбұлақ, Белбұлақ, Гүлдала, Ақдала, Еркін, Жаңалық, Қарабұлак, ҚызылТу, Тұздыбастау ауылындарында жалпы 12 стрит воркаут алаңдар орнатылған.

Құрметті қауым!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2021 жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялаған болатын. «Бұл жүріп өткен жолымызды тағы бір саралап, қорытынды жасауға мүмкіндік берді» деген еді.
Мемлекет Басшысының бастамасымен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы бастау алған болатын. Оның аясында аудан жастары 250 қайырымдылық акцияларын өткізді.
Сонымен бірге, биыл елімізде 10 жылда бір рет өтетін Халық санағы ұйымдастырылды. 1-30 қазан күндері – Қазақстанда дәстүрлі форматтағы халық санағы өтті.
Атқару органдары қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі азаматтардың өтініштерімен жұмыс болып табылады. Аталған жұмыс 2021 жылғы 1 шілде айындағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» Заңына сәйкес жүргізіледі.
2021 жылы аудан әкімінің атына 4568 өтініштер мен арыздар түсті. Өтініштер мен арыздардың басым көпшілігі тұрғын үй мен жер мәселелері, әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі, онан кейінгі мәселелер электрмен, газбен қамтамасыз ету және жолдарды жөндеуге байланысты. Барлық өтініштер заң бойынша бекітілген мерзімде қарастырылып жауап берілді.
Құрметті тұрғындар!
Есеп беріліп отырған өткен жылда көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылды, бірақ бұл біздің атқарылған жұмыстардың шегі емес. Біздің алдымызда алдағы жылы атқарылар ауқымды жұмыстар көп.
Біз Талғар ауданы тұрғындары, барлық күш-жігерімізді біріктіре отырып ол мәселелердің бәрін оңтайлы шеше алатынымызға сеніміміз мол.